Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер.
Сабақтың мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту.
Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дүкеннің макеті, түрлі киімдердің суреттері, қуыршақ, сандық.
Оқу - іс әрекетінің барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Балалар жылулық шеңберіне тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Сұрақтарға жауап алу:
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыс мезгілінде қалай киінеміз? (Балалар толық жауап береді).
- Біздің сабаққа қонаққа қуыршақ Айнұр келіп отыр. Ол жай келген жоқ. Сандығы толы киімдермен келіпті.
Сендер мұқият қараңдаршы, Айнұр үстіне қандай киімдер киіпті?
- Қалың киім киген.
- Киімді қай мезгілге сай киген?
- Қыс мезгіліне сай киіпті.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – қысқы киімдер.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) - Балалар, Айнұр сендерге бірнеше киімдер ала келіпті. Соны таратып беремін. Ал сендер киімдерге сипаттама бересіңдер. Мысалы, малақай - құлағы бар жылы баскиім, құлақшын. (Сурет алған балалар осылайша сөйлем құрап айтады).
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Пима - жүннен басылған қысқы аяқкиім.
Тон – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.
Ішік – іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.
Байпақ – етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық.
б) Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз,
Қолғапты киіп аламыз.
Сарт - сарт – сарт,
Шапалақты соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етікті киіп аламыз.
Топ – топ – топ,
Топылдатып билейміз.
в) «Дүкенде» сюжетті - рөлді ойыны. Ойынның шарты: дүкен сөрелерінде қысқы киімдер: тон, пима, қолғап, күрте, тұр. Қысқы киім іздеген бала дүкенге келіп, сатушымен әдепті түрде амандасып, сөрелерден өзіне қажетті киімді таңдайды. Ол таңдаған киімін алып, сол киімге байланысты сөйлем құрау керек. Дүкеншінің осы тапсырмасын орындаған кезде ғана киімді ала алады. Мысалы: Қыста қалың тон киеміз.
тон, пима, қолғап, күрте, телпек
г) «Балаларға арналған киім дүкені» тақырыбында мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
д) Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттату.
«1» дегенім – бөрік,
Кисең бойға көрік.
«2» дегенім – етік,
Киер сәнді етіп.
«3» дегенім – ішік,
Теріден тігер пішіп.
«4» дегенім – тымақ
Қыста кисең жылы - ақ.
«5» дегенім – байпақ,
Іші жылы тайпақ.
ІІІ. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
а) Сұрақтарға жауап алу.
ә) «Не артық?» дидактикалық ойыны.
- Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық?
- Туфли артық. Өйткені туфлиді күз, көктем, мезгілдерінде ғана киеміз.
б) – Бүгінгі сабақта қысқы киімдер туралы әңгімеледік. Оларды басқа киімдерден ажырата білетін болдық. Киімді әр жерге лақтырмай, кір қылмай таза ұстау өздеріңе байланысты. Киімді күтіп таза ұстап жүрейік!
Қысқы киімдер
Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер.
2024年3月5日849 浏览

#қыс туралы#қысқы киідер туралы түсінік#мектепалды даярлық сыныбына арналған сабақ жоспары
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
18 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
18 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
38 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

