6 - сынып
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қызық құс
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Сын есімді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сын есімдер бойынша алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, толықтыру.
Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға баулу, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құстарға қамқорлық жасауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд - суреттер, үлестірме карточкалары, бейнематериал, диаграмма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
97 - беттегі 3 - тапсырманы сұрау.
Сын есім, сын есімнің шырайларын пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі тақырыбымыз: Қызық құс.
Сұрақ - жауап:
- Балалар, сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Біздің өлкемізде қандай құстар бар?
- Сендер құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
Алдымен сөздікпен жұмыс жүргіземіз:
а) оқып танысу;
ә) жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау.
Балалар, жалпы жер бетінде 9000 - дай құс бар. Оның 500 - дей түрі біздің Қазақстанда тіршілік етеді. Құстар негізінен 2 түрге бөлінеді: үй құстары және жабайы құстар. Мекендейтін жеріне байланысты су құстары, тау құстары, дала құстары, орман құстары болып бөлінеді.
Бүркіт пен тотықұс 120 жыл, аққу 300 жыл, қарға 100 жыл, ал кекілік 80 - 90 жыл өмір сүреді. Дүние жүзіндегі ең үлкен құс – Африка түйеқұсы. Оның бойы – 2 метр 75 сантиметр. Үкі – киелі құс. Біздің халқымыз оның қауырсынын бөбектердің бас киіміне, қазақтың ұлттық аспабы – домбыраға тағады. Халқымызда «Үкінің қауырсыны тіл - көзден сақтайды» деген сенім бар. Ең кішкентай құс – торғай. Ең әдемі құс – аққу. Ең қырағы құс – сұңқар.
Осы құстардың ішіндегі ең әдемі құстардың бірі – аққу. Қазақтар аққуды киелі құс санайды. Аққу құсты «Әдеміліктің, сұлулықтың, махаббаттың символы» деп атайды. Ол – жұптасып өмір сүретін құс. Ұясын қамысы нулы, суы таза, тұщы көлдің жағасында салады. Аналығы балапан басып шығарады, аталығы балапандарды қорғайды. Олар өле - өлгенше жұптарын жазбайды. Қазақта «Аққуды атпа, досыңды сатпа» деген дана сөз бар.
Енді осы өзіміздің Каспий теңізінде қыстайтын аққулар туралы шағын бейнекөріністі көрейік (Кадр сыртында аққу туралы ақын өлеңі оқылады).
Балалар, енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – қызық құс – кекілік туралы айтайық. Кекілік – тауықтар отрядына жататын құс. Ол өсімдікпен қоректенеді. Құстың «кекілік» деп аталу себебінің екі нұсқасы бар. Бірінші: оның басқа құстардан айырмашылығы – кекілі бар, екінші: олар сайраған кезде «кеке - лек, кеке - лек» деп қайталайды екен. Кекілік орта есеппен 80 - 90 жыл жасайды. Ол біздің Маңғыстауда Үстірт қорығында кездеседі. Көкшетауда Кекілік деген тау бар.
IV. Мәтінмен жұмыс:
а) мәтінді мәнерлеп оқу;
ә) сөздіктің көмегімен аударма жасау.
V. Жаңа сабақты бекіту.
Жазба жұмысы. 2 - тапсырма. Сөйлемдегі сын есімдерден салыстырмалы шырай формасын жасау.
өте үлкен – үлкен; үлкен – үлкенірек; кіші – кішірек; ең жақсы – жақсырақ; ең жайлы – жайлылау.
3 - тапсырма. Мәтінді оқып, аудару. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
Құстардың, құрт - құмырсқаларды, алғашқы, ағаштардың.
4 - тапсырма. Ауызша.
VI. Сабақты қорыту.
Венн диаграммасы: Аққу мен кекілікті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап, жазу.
VII. Үйге тапсырма:
Құстар туралы мақал - мәтелдер тауып келу, кекілік туралы әңгімелеу.
Қызық құс
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қызық құс
2024年3月5日611 浏览

#аққу#торғай#түйеқұс#кекілік#үй құстары#жабайы құстар#қызық құс
推荐阅读
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
12 分钟前
莫尔迪尔·穆坎将三件家庭喜事合为一庆
歌手兼制作人莫尔迪尔·穆坎为庆祝大女儿阿德米大学毕业、二女儿艾伊姆毕业和小儿子拉伊姆贝克割礼仪式的三件喜事,举办盛大家庭庆典。她在首都日分享与努尔苏丹·纳扎尔巴耶夫的旧照和视频,表达对阿斯塔纳的热爱。她表示:’我是在‘祖国从家庭开始’的教育下长大的女儿’,并感谢亲友祝福,祈愿女儿前程似锦、星光闪耀。
12 分钟前
西班牙2-0胜法国,成为2026年世界杯首支决赛队伍
在2026年世界杯半决赛中,西班牙2-0击败法国,米克尔·奥亚萨瓦尔第22分钟点球破门,佩德罗·波罗第58分钟扩大比分。法国队全场表现低迷,直到第70分钟后才完成首次射门。西班牙成为首支晋级决赛的球队,将于7月20日与英格兰或阿根廷争夺冠军。西班牙的进攻高效,防守稳固。
32 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

