Тақырыбы: «Қош, бол балабақша»
1) Тәрбиеші: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда
Жол табар қараңғыда адасқанда
Мал озбас біле білсең білім озар
Ақыры керек болар бір сасқанда –деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, балабақшам» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2) Тәрбиеші: Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген - бір мұрат
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат
1)Тәрбиеші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді
Балалар музыкамен кіріп, вальс билейді
2) Тәрбиеші: Мектеп ана шақырады бізді алдан
Алдымызда әлі талай сан арман
Қоштассақ та балабақшам сенімен
Санамызда өзің берген өнегең –деп бүгін балабақшамен қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебізін тыңдасақ.
Нұрлыбек: Қоштасып мен бүгін балалықпен
Қоштасамын сиқырлы бала бақпен
Танысып Мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен, даналықпен
Алуа: Қуаныш бүгін біздерде достар
Боламыз енді біз сыныптастар
Күтеді алдан бізді ұлы жол
Шаттыққа толы үлкен армандар
Рахат: Шыбықтай едік үштен жаңа асқанда
Балабақша есігін жаңа ашқанда
«Апам» деген сөзді ғана білуші ек
«Отан» деген сөзді әлі білмеуші ек
Али: Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында
Көп оқыдық, көп білдік
Ел мен Отан жайында
Ән: «Біз балдырған баламыз»
Тәрбиеші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Әсем бимен, түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады –деп, ұлдардың орындауында
«Кобвой» биін қабыл алыңыздар.
Би: «Кобвой»
Тәрбиеші: Енді құрметті қонақтар балалардың дайындаған көрінісін тамашалаңыздар. Көрініс: «Портфель»
Ән: «Мектеп бізді үйретеді»
Тәрбиеші: Ұл, қыздарды көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін шаттана
Би: «Испан биі»
Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер - деп балалар бүгінгі мерекеге арналған тақпақтарын айтып берсін.
Ән: (балалардың орындауында «Айгөлек» әні)
Тәрбиеші: Қазір балалар сендермен «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз. Мен сұрақ қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай иә, немесе жоқ деп жауап бересіңдер.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата – аналармен де «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Музыка ойналып: (Буратино мен Мальвинаның келуі)
Мальвина: Жүр, деймін жүр.Мен саған балалар балабақшада қалай оқиды екенін көрсетемін.
Буратино: Балабақша, балабақша деп, неге қайталай бересің. Мен онсыз-ақ бәрін білемін.
Мальвина: Бәрін деймісің? Ал суретке қарап әңгіме құрастыра білесің бе?
Буратино: Әңгіме құрау ? (Буратино басын қасиды)
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме Буратино мен Мальвина! Сендер қайдан келе жатырсыңдар?
Мальвина: Міне, Буратиноны балабақшаға әкелдім. Ол мүлдем мектепке барғысы келмейді. Ал жазған кезде тіпті дәптеріне қарауға ұят.
Тәрбиеші: Мұның қалай Буратино. Егер сен оқымасаң, білімсіз, әрі сауатсыз адам болсаң, мектепке қалай барасың? Ал сауатты болу үшін жақсы оқу керек.Тыңдап көрші, біздің балалар мектепке дайын ба?- екен.
Тәрбиеші тапсырма береді:
Мальвина: Көрдің бе, Буратино! Балалар бәрін біледі, ал сен болсаң, үп-үлкен болып ештеңе білмейсің!
Буратино: Иә, расында да ұят болды.
Тәрбиеші: Көрдің бе, Буратино біздің балалар қандай ақылды. Олар қандай тапсырмалар болсын орындай алады. Оның бәрі білімнің арқасында.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, Біз мектепке не үшін барамыз?
- Оқып –білім алу үшін
- Білімді азамат болу үшін
- Үйрену үшін
- Ер жетіп Отанымды қорғау үшін
Тәрбиеші: Сондықтан, Буратино ақылды болу үшін, білім керек екен.
Сен ертеңнен бастап мектепке баруға дайындал .Келістік пе?
Буратино: Келістік. Мен барып сабаққа дайындалайын. Қош сау болыңдар, балалар!
Би: «Барби» (Алина мен Нұрсұлудың орындауында)
Тәрбиеші: Өткізіп қызық күндерді
Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып тамсанып
Қимай кетіп барады (Тақпақтар)
Тәрбиеші: Мың бұралған қыздарды
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін қуанта
Би: «Шығыс биі»
Р: тәрбиеші: Ойын: «Жалғасын тап»
Тәрбиеші: Ұшырса да жаңа өмірге сан құсын
Тәрбиеші бағбан толастатпас мәңгі ісің
Сөз береміз құрметпен өзіңізге
Түлектерге арналсын тілегіңіз – деп,
Сәуле апайға сөз беру:
Тәрбиеші : Көктем жаздың кереметі көп екен
Көбелектер әсем гүлдің сәні екен
Шақырайық олай болса ортаға
Биші топты «Көбелектер» биімен.
Би: «Көбелектер»
Тәрбиеші : Әсем әнмен арайлап таң атады
Бар жүрекке нұрын құйып жатады
Мерекеге арналған әсем әнмен
Нұрсұлуды шапалақтап қарсы алайық
Нұрсұлу мен топ балаларының орындауында Ән : «Достар»
Тәрбиеші: Келесі кезекті тақпақтарға берейік: Адиль,
Адиль: Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып –білім аламыз
Мирас: Сүйікті біздің апайымыз
Айтамыз біз рахмет
Денсаулық тілеп, бақ тілеп,
Аброй, атақ, бар жақсыны
Тілейді Сізге, жас түлек.
Шолпан: Біздер үшін еңбек еткен шаршамай
Баршаңызға рақмет апайлар
Балабақша көркі болсын әрқашан
Кейінгі бүлдіршін балғын балалар
Тәрбиеші: Жаңа өмір басталсын
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша вальсі
Көңілде мәңгі сақталсын – балалардың орындауында,
Би: «Вальс»
Тәрбиеші: Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Ендеше ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата – ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата – анаға сөз береміз.-------------
Тәрбиеші: Түлектерге тілегін айтып балабақша атынан марапаттарын табыстау үшін балабақша меңгерушісіне сөз беріледі (Дипломдармен марапаттау)
Тәрбиеші: Сіздерге бүгінгі көңілді көңіл күйімізді тарту ете отырып, барша бүлдіршінге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктермен сәттіліктер тілейміз.
Тәрбиеші: Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілігімізді әнмен аяқтаймыз.
Ән: «Қош бол, балабақша»
Қош, бол балабақша
Тақырыбы: «Қош, бол балабақша»
2024年3月4日661 浏览

#қош#балабақша#сценарий#бол#біз мектепке барамыз
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
22 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
22 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
42 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

