Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Тегисова Гулден Маратовна
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Тақырыбы: Шыбық С. Сарғасқаев
Мақсаты: а) Көктемгі ағаш отырғызу науқаны жайлы шығарманы таныстыру. Автор туралы мәлімет бере отырып, әңгіменің негізгі идеясын ашу. Шығармашылық әрекеттер жасау.
ә) Әңгімені талдау арқылы өз ойын нақты жеткізіп, сөздік қорларын, тілдерін дамыту.
б) Еңбексүйгіштікке, достыққа баулып, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, ойын, талдау, СТО технологиясы
Көрнекіілігі: үлестірмелер, автор портреті, суреттер, венн диаграммасы
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу
б) Психологиялық дайындық:
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек ғана жеңбек.
Үй тапсырмасын сұрау
Ө. Тұрманжановтың «Қарлығаш» өлеңінің мазмұнын сұрау.
1. Қарлығаш қандай құс?
2. Қарлығаш балапандарын қалай қорғады?
3. Қарлығаштың ұясы туралы не айтар едің?
4. Ұяда қанша балапан бар дейді?
5. Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді?
6. Қарлығаш жыланнан қалай құтылды?
7. Дәуіт деген не?
8. Жылан қандай?
9. Оқиға қайда болды?
10. Өлеңнің авторы кім?
Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Сөзжұмбақ шешу.
Ш О Қ А Й
Қ Ұ М Ы Р С Қ А
Е Л І К Б А Й
С Ы Н Ғ А Н
Қ А Р Л Ы Ғ А Ш
1. Аквариумды сыныпқа кім сыйлады?
2. Ақсақ Темір неден үлгі алып хандыққа жетті?
3. Күнделігіндегі екілікті бестікке айналдырған кім?
4. Қандай аквариум?
5Алты балапаны бар өткен сабақтағы құс.
Ой шақыру
- Шыбық туралы не білесің?
- Қайда өседі?
- Шыбықты не үшін егеді?
- Шыбықтың қандай пайдасы бар?
Қазір «Жасыл ел» - жастарды жарқын істерге жұмылдыру мектебіне айналып отыр. Жастар күшімен еліміздегі экологиялық мәселелерді шешу елді көгалдандыру керек – деген елбасы өз жолдауында.
Автор туралы мәлімет
Сансызбай Сарғасқаев 1925 жылдың 29 сәуірінде Жамбыл облысы, Шарбақты селосында дүниеге келген. Ауыл мектебінде әріп танып жан – жағында болып жатқан құбылыстарды шебер суреттеп, көрген - білгенін жаза бастайды. С. Сарғасқаевтың жастық шағы сұрапыл соғыспен тұспа – тұс келеді. Жазушы көбінесе балалардың арманы мен өмірін сипаттай отырып, балаларға арнап «Сәуленің жаңа достары», «Сынған тіс», «Шындық», «Шыбық», «Тәмпіш қара», «Жұмбақ қыз», «Жаймашуақ» атты повестер мен әңгімелері жарық көрген.
Тесе – кетпеннің кішкене түрі.
«Тесе» сөзіне сөйлем құрау
Теріп оқу.
Әкесінің сөзін тауып оқу.
Темірдің өкінішін тауып оқу.
Пейзаж суреттелген жерді тауып оқу.
Еңбек еткен ісі туралы жазылған жерді тауып оқу.
Дәптермен жұмыс
Еңбек тақырыбына жазылған мақал – мәтелдерді толықтырып жазу.
1. Еңбегің қатты болса,
Жегенің тәтті болады.
2. Еріншектің ертеңі бітпейді
3. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Венн диаграммасы
Бақыт - еңбекқор, намысшыл
Темір -
Жалқау, еріншек, оқуға құштар
Екеуі де – сыныптас достар
Кестемен жұмыс
Табиғаттағы өзгеріс. ------------------- Бақыттың көңіл – күйі
Ызғарлы жел ----------------------------- шаршады
қара бұлт ---------------------------------- тоңазыды
------------------------------------------------- намыстанды
«Қарлы кесек» ойыны:
Оқушылар мәтін бойынша бір - біріне сұрақ дайындайды
Ағашты гүлдендірейік. Қызыл, жасыл, көк, сары стикерлерге сабақтан алған білімдерін, әсерлерін жазып жапсыру.
Үйге тапсырма
Әңгімені түсініп оқу.
Темірге хат жазу.
Бағалау
Толық нұсқасын жүктеу
"Шыбық" Сансызбай Сарғасқаев
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
2024年3月5日899 浏览

#ағаш отырғызу#шыбық#сансызбай сарғасқаев#ашық сабақ әдебиеттік оқу 4 сынып
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
12 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
32 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
32 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

