Құқықты біз қалай түсінеміз?
Мақсаты: оқушыларға құқықтық білім беру, құқық бойынша білгендерін қайталап еске түсіру, құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты қалыптастыру.
«Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану – шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.»
385 - хадис Мұхамбет Пайғамбар
1. Негізгі ойды тап. (мәтінмен жұмыс)
2. Аквариум тәсілі.
3. Жалғасын тап./мақал - мәтел/
4. Өз жартыңды тап.
5. «Қағидалар» ойыны /сұрақтар/
6. Тұлғаны таны.
Қорытынды /Азамат құқығы/, /міндеттері/
Қолыңда болса бір билік,
Қарғаға залым болмаңыз.
Алдыңа келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз.
/Төле би./
/ Мұғалімнің кіріспе сөзі/
Кішкене тарихи шегініс жасайық. 15 ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Жәнібектің баласы Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзу - шыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1718) болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан кейінде мінсіз күйде қағазға түсу мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған.
Сондай - ақ, қазақ даласында Сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Міне, балалар өздерің байқап отырғандай құқық дегеніміз – заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.
ҚР - ң Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Конституция латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым» деген мағына береді. Еліміздің Конституциясы - адамның құқықтары, бостандықтары, қадір - қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы. ҚР Конституциясы 1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады. Ал бала құқығы туралы конвенция 1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Екі бөлім 54 баптан тұрады.
«Негізгі ойды тап» мәтінмен жұмыс
Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел - жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен - көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.
Ата - ана - өте қымбатты да асыл жандар. Ол дегенде әр баланың жан-дүниесінде бәрі жайнап кетеді. Бізді өмірге әкеліп, киіндіріп, бар жақсысын алдымызға тосқан ата - ананы мәңгі аялауға міндеттіміз
Иә, кейде ата - анасына тіл алмай, сөз қайтаратын балалар да болады. Бұл - олардың ең үлкен әрі кешірілмес қателігі. Мейірімсіз жастар әкесін, не шешесін қарттар үйіне тастап кетіп жатқанын көргенде, жүрегің қан жылайды.
Басты бақыт - бәрімізді тіршілікке әкеліп, өмір көруімізге себепкер болған ата - анамен бірге ғұмыр кешу. Сол себепті де ана мен әкеге деген сезім мен махаббат мәңгі суымауы тиіс.
Келешек білімді мамандарсыз – бұлдыр.
Қазірдің өзінде көптеген мамандарға зәрулік басым. Солардың орнын толтыру және қоғам өмірінің барлық саласына белсене араласу үшін біз өз таңдауларымызды жасауымыз қажет. Алайда, сол кәсіпті игеру үшін де білім керек. Ал, оның негізі мектепте қаланады.
Білім босағасында әйтеуір орта білім алу қажет - ау деген дұрыс емес. Екіншіден, жоқтық жағадан алған мезгілде «киімім жоқ» деген сылтаумен мектепке бармай жүрген балалар да баршылық. Қалай ойласақ та, мектепке бармаудың зардаптары көп. Білімсіз, мәдениеті төмен, қабілетсіз балалар өмірден үлестерін ала - ал - майды. Одан ата - аналардың өзі зардап шегеді.
Білімді болсақ, келешекті нұрландырып, Отанымыздың іргетасы бола аламыз.
Республикамыздың мемлекеттік нышандары Әнұран, Жалау және Елтаңбасы әлемге әйгіленіп, жер бетіндегі іргелі ел екенімізді растайды.
Мектепте әр линейка сайын Әнұран айтылады. Ол біздің жерімізге, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді, махаббатымызды оятады.
Отан – оттан да ыстық болуы керек. Отанымызды шексіз сүйгенде ғана, оның болашағы үшін күресіп, шаңырағын биіктетуге атсалысамыз.
Әскерге бармас үшін өтірік төлқұжат жасататындар да бар. Сондай су жүрек, қорқақ ұлдарды жек көремін. Небір сәттерде ұланғайыр жерімізді қорғап, бүгінгі ұрпаққа сыйлаған бабаларымызға бас иеміз. Солардың мұрасын ұстап, мұратын алға апарудан жалтарғандарды заң жолымен жазалау керек.
Біздің еліміздің табиғаты тамаша: қазба байлықтары да мол. Дегенмен, бүгінде өзен, көлдер тартыла бастады. Демалыс аймақтарының өзі қоқыспен толтырылуда. Тіпті отынның жоқтығынан бүтіндей бір ауылдар айналасындағы жасыл желек атаулыны кесіп, тамызыққа айналдырған. Одан қала берсе, бағалы құстарымызды шетелге сату да бой көрсетіп жүр.
Ал табиғат бүгін, ертең және болашақта да ұрпаққа керек.
І бөлім
7 – бап.
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
ІІ бөлім.
27 - бап.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30 - бап.
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
2. Азаматтың мемлекеттік оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
34 - бап.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті.
36 - бап.
1. Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
38 - бап.
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
14 - бап.
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
15 - бап.
1. Әркімнің өмір сүруге құқы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
29 - бап.
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.
79 - бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері.
1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
• Айыппұл;
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту;
• Түзеу жұмыстары;
• Қамау
• Бас бостандығынан айыру болып табылады.
«Жалғасын тап»
1. Ұрлық түбі -...
2. Біреуге ор қазба -...
3. Заңның құрығы...
4. Өтіріктің құйрығы...
5. Тура биде...
6. Туғанды биде...
7. Қолыңмен істегенді -...
Қағидалар ойыны
1. Қазақстан Республикасын кім басқарады? /Президент/
2. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады? /парламент/
3. Балаларға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы? /ата - ана/
4. Балалардың не алуға конституциялық құқығы бар? /білім/
5. ҚР - да бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? /1989 ж 20 қараша/
6. Конституция сөзінің аудармасы /құрылым/
7. Конституция қашан қабылданды? /1995ж 30 тамыз/
Қорытынды.
Азамат құқығы
↓
жеке басының бостандығына, еңбек етуге, демалуға, білім алу, ар - ожданды сақтау өмір сүру, жеке меншік иесі болуға, денсаулығын сақтауға, тұрғын үй иесі болу, ойды еркін айту
Азаматтың негізгі міндеттері:
Конституция мен заңдарды сақтау, адамдардың құқығын, бостандығын, қадір - қасиетін құрметтеу, ҚР - сын қорғау, рәміздерді құрметтеуге, салықтарды төлеуге, табиғатты сақтау,
Құқықты біз қалай түсінеміз?
Құқықты біз қалай түсінеміз?
2024年3月5日667 浏览

#конституция#тәрбие сағаты#балалар құқығы#заң туралы#құқықты біз қалай түсінеміз#құқықтық білім беру
推荐阅读
哈萨克斯坦男子在阁楼发现旧版美元:能否兑换、是否要上报?
哈萨克斯坦一男子在旧别墅阁楼发现一袋旧版美元,可能来自1990年代。国家银行称,银行可接受托收并寄往发钞行,手续费不超过10%,但兑换无保证。民法典规定捡到物品必须上交内务机关,否则违法。此前政府表示,报告宝藏者可获价值50%报酬。法律专家建议先报告。目前尚无明确成功案例,兑换成功率未知。男子需权衡利弊。银行将寄往国外审核。
22 分钟前
哈萨克斯坦成为后苏联国家中囚犯数量降幅最大国家
据infohub.kz报道,犯罪与司法政策研究所编制的2025年全球囚犯数量排名显示,哈萨克斯坦在后苏联国家中降幅最大,每10万人口163人,较上年下降21人,全球排名第103位。排名涵盖224国,数据截至2025年底,萨尔瓦多居首,也门最低。研究覆盖联合国成员国及特殊地位区域,包括历史变化及审前羁押数据。
42 分钟前
高温、雷雨、大风:7月15日天气预报
7月15日哈萨克斯坦天气预报:阿拉木图+35°C,阿拜州和东哈州+41°C。多地有雷雨、大风、沙尘暴及冰雹,火险等级极高。阿斯塔纳雷雨,奇姆肯特高火险,科斯塔奈州雷雨冰雹,曼格斯套州雷雨,克孜勒奥尔达州沙尘暴,北哈萨克斯坦州暴雨,卡拉干达州雷雨,阿克莫拉州沙尘暴,东部地区高温火险极高。注意出行安全。
1 小时前
← 返回来源: bilimdiler.kz

