Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация
Тақырыбы: Құрақ көрпе
Мақсаты: Геометриялық пішіндерден өрнектер жапсыруды үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі - құрал: үлгі, құрақтардың суреті, желім, қайшы, геометриялық пішіндер.
- Балалар, жылулық шеңберіне тұрайық!
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Үшбұрышпен танысып,
Біз білімді боламыз.
(Балалар жылулық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды)
Жаңа тақырыпқа кіріспе:
(жұмбақ)
Үш нүкте үш сызықтан тұрады,
Одан бәрін үй шатырын құрады.
(Үшбұрыш)
(Балалар жұмбақтың шешуін табады)
- Балалар, бізге қонаққа Арайлым атты қуыршақ қонаққа келді.
Әжесі Арайлымға құрақ көрпе тігіп беріпті. Бірақ оның бетіндегі пішіндері түсіп қалыпты. Енді оған сендердің көмектерің керек. Сендер көмектесесіңдер ме? (Балалар көмектесуге келіседі)
Жаңа тақырып:
Үлгі суретпен жұмыс. Жапсыру жолымен жасалған құрақ көрпенің үлгі суретін көрсетіп, сипаттайды. (Балалар құрақ көрпенің үлгі суретін тамашалайды)
Алдын - ала қағазға сызылып қойылған геометриялық пішіндерді қиып, құрақ көрпеге әдемілеп жапсыруды ұсынады. Қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережесін естеріне түсіріп өтеді.
(балалар геометриялық пішіндерді қиып, құрақтарға жапсырады)
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға!
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
(Балалар өлең мазмұнына сәйкес ауада үшбұрышты салады)
«Заттар қандай пішіндерге ұқсайды?» ойыны: суреттегі заттармен танысып, олардың атауын атап беруді сұрау. (Балалар суретке қарап заттарды атайды; үй, қайық, шырша)
Қорыту:
Сұрақтар қоя отырып, сабақты қорытындылайды.
- Балалар, бүгін нені жапсырдық?
- Кімге көмектестік?
(балалар сұрақтарға жауап береді)
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: геометриялық пішіндерді
Нені игереді: құрақ көрпеге пішіндерді жапсыруды
Нені біледі: пішіндерді өздері қиюды, қағаз бетіне орналастыруды.
Атырау қаласы,
№5 «Аққу» бөбекжай - балабақша тәрбиешісі
Амантаева Жазира Саматқызы
Құрақ көрпе. жүктеу
Құрақ көрпе
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
2024年3月5日626 浏览

#аппликация#құрақ көрпе#шығармашылық#геометриялық пішіндер
推荐阅读
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
17 分钟前
阿斯塔纳一在建建筑发生火灾 消防员正在扑救
阿斯塔纳耶西尔区一在建四层建筑屋顶发生火灾,位于Е-871街道,过火面积150平方米。紧急情况部消防员到场扑救,火灾已完全扑灭,无人员伤亡。
17 分钟前
凯拉特·克利姆别托夫辞去Freedom Holding Corp董事会职务
前哈萨克斯坦央行行长凯拉特·克利姆别托夫于7月8日辞去Freedom Holding Corp董事职务,公司称辞职无关分歧。他2024年6月加入董事会,离职后董事人数从7人降至6人。克利姆别托夫在2013-2015年任央行行长期间坚戈经历两轮贬值,后转向浮动汇率;此后担任阿斯塔纳国际金融中心负责人至2023年。他还曾任副总理、经济发展部长及萨姆鲁克-卡泽纳基金负责人。
37 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

