Сыныптар: 8
Тақырыбы: Құрақ құрау
Мақсаты:
Білімділігі: Тақырып бойынша қысқаша мағлұматтар береміз
Дамытушылығы: Құрақ құрау тәсілдерін әңгімелей отырып, СТО бағдарламасы бойынша
стратегияларды пайдалануда ой - қабілеттілігін дамытамыз.
Тәрбиелілігі: Эстетикалық талғамға тәрбиелейміз.
Міндеті: Түстер гаммасын топтау немесе түстер үйлесімділігін анықтауды үйренеміз.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланылатын стратегия: «БҮҮ» стр., «Ой қозғау» стр.
Көрнекілік: Оқулық, үлгілер, сызбалар, т. б.
Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз
Жаңа тақырыпты түсіндіреміз
«БҮҮ» стратегиясы: Құрақ туралы не білеміз?
Білемін Білгім келеді? Үйренгенім
Төсек орындарында құрақпен құралады, оны құралып кетсін -, деген бағытты қолданылатындығын білемін Ою - өрнексіз қандай түрмен өрнектеп құрауға болады? Сабақ соңында не үйренгендігін жазады
«Ой қозғау» стратегиясы:
- Құрақтан құрылған көрпе төсектер кімге арналады?- деген сұраққа ой - пікірімізді жазамыз;
- Сыныппен ой алмасамыз;
- Сыныппен бірлесе отырып ойымызды жинақтаймыз.
Мағынаны тану:
Жастықтар үшін көбіне пэчворк және квипт технологиясын пайдаланады. Бұл техника кендір материалдардан пайдалануға мүмкіндік берді. Әр халықтың осындай сәнде жасалынған бұйымдары бар.
ПЭЧВОРК – бұйымның нақышы мен колоритін анықтайтын құрақпен орындалатын жұмыс. Үстіңгі бөлігі құрақтан тігіліп, аралық қабаты инешаншымдармен, астыңғы бөлшекпен тұтас қоса алынған бұйымды квипт деп атайды.
Құрақ техникасында нақыштар қайталанатын геометриялық элементтерден тұрады. Алдымен бұйымның нобайын жасайды, өлшемін анықтайды. Көптеген құрақ бұйымдары екі үшбұрыштан құралған шаршы блоктардан тұрады.
Құрақпен жұмыс істеу үшін матаға суреттің қандай тәсілмен түсірілгенін білу керек.
1. Өрнектелген суреттері тоқымашылық әдісімен түсірілген маталар;
2. Баспа суреттеліп түсірілген маталармен жолақты немесе тор маталар құрақ құрамында бірыңғай түсті немесе гүлді маталармен салыстырғанда бірден көзге түседі. Мұндай маталармен дұрыс жұмыс жасалмаса тартымсыз көрінуі мүмкін.
Сарамандық жұмыс
Тақырып: Құрақ жапқыш құрау
Мақсаты: Мата жиектерін қиямыз, матаға лекалоны қойып өңдеуге қосымша қалдырып
қажетті көлемде қиықтарды пішеміз.
Қажетті құрал - жабдықтар мен материалдар:
Пішуге арналған кілемше, дөңгелекше кескіш тігінші сан. таспа, тігінші тік бұрышы
Қайшы, түйрегіш мақта мата, мақта жіп, көшіргіш дөңгелекше, құрақ желім.
Тігу техникасы:
Бөлшектерді сырып тігу кезінде өңдеуге арналған қосымшаны естен шығармау
қажет. Бұл үшін арнайы сызғышты пайдаланады. 1 см - ге 5 - 6 инешамшымнан келуі керек. Тізбекше етіп тігу уақыты жіпті үнемдейді. Қиық қабаттарын дәл әкелу үшін түйрегішті пайдаланады. Түйрегіштерді тігістерге көлденең түйрейді. Оны тігіп жүргізгенде т. м. табанына жақындағанда алады. Құрақты құрап болғанда бұйымды сырудың, қабудың қажеті бар ма соны шешеді. Матадағы ашық өрнектер немесе гүлді әдемі кескіндемелерді ұқыпты инешаншымдармен тігу қажет.
Бірыңғай түсті маталарға күрделі өрнекті сырып тігуге болады.
Жұмыс барысы:
• Бұйымды түзу сызық бойымен немесе көлденеңінен инешаншымдар жасап тігеміз.
сызықты алдын ала белгілеп алуға болады;
• Құрақтардың шеттерін қиямыз (мыс. 0, 5см );
• Тігімдерді кез келген бағытта жүргізіп өзіндік инешаншымдар жасаймыз;
• Суға тас лақтырғанда пайда болатын дөңгелек сияқты доға тәрізді «эхом - мотив»
инешаншымдарын қайталау;
«Стиппилинг»- үзбей сырып тігу.
Шеттерін жиектеу
Бұйым шеттерін оның түсіне үйлестіріліп немесе қарсыластық түсте алынған қосарланған
жиектемемен тіккен дұрыс. Жиектеменің түсін мұқият таңдау керек.
Технологиялық картасы
Орындалатын операциялар түрі Кескіндеме
1. Матаның шеттерін келтіріп жаю;
2. Жиектерін қию, жолақты қию;
3. Матаны бірдей үшбұрыштарға бөліп қию
Ескерту:
Үшбұрыштар немесе жолақтарды қиғанда тігіс қосымшасына орын қалдыруды ұмытпаңдар!
Ой қорыту:
Құрақ жапқыштың құралуын тексере отырып, сабақты бекітеміз.
Бағалау: Оқушы жұмысын бағалаймыз.
Үй тапсырмасы:
1. Пэчворк сәнді ұлттық нақыштарды пайдаланып бұйым үлгісін дайындау;
2. Ас үй терезесін, балалар, қонақ бөлмелерін безендіріп, шығармашылық жұмыс орындау.
Құрақ құрау
Тақырыбы: Құрақ құрау
2024年3月5日797 浏览

#құрақ құрау#технологиядан 8 сыныптарына сабақ жоспары
推荐阅读
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
14 分钟前
莫尔迪尔·穆坎将三件家庭喜事合为一庆
歌手兼制作人莫尔迪尔·穆坎为庆祝大女儿阿德米大学毕业、二女儿艾伊姆毕业和小儿子拉伊姆贝克割礼仪式的三件喜事,举办盛大家庭庆典。她在首都日分享与努尔苏丹·纳扎尔巴耶夫的旧照和视频,表达对阿斯塔纳的热爱。她表示:’我是在‘祖国从家庭开始’的教育下长大的女儿’,并感谢亲友祝福,祈愿女儿前程似锦、星光闪耀。
14 分钟前
西班牙2-0胜法国,成为2026年世界杯首支决赛队伍
在2026年世界杯半决赛中,西班牙2-0击败法国,米克尔·奥亚萨瓦尔第22分钟点球破门,佩德罗·波罗第58分钟扩大比分。法国队全场表现低迷,直到第70分钟后才完成首次射门。西班牙成为首支晋级决赛的球队,将于7月20日与英格兰或阿根廷争夺冠军。西班牙的进攻高效,防守稳固。
34 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

