Ана тілі 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы (Үнді ертегісі)
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету, топпен жұмыс жүргізу барысында оқушыларға өзіндік жұмыс жасай білулеріне, өз бетінше ізденуге үйрете білу және сөздік қорларын молайту.
2. Өткен сабақтарда алған білімдерін бір жүйеге келтіру, түсініктерін ары қарай дамыту
3. Құстарды қорғауға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, дамыту картасы, болжау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттері, интерактивті тақта,, оқулық, кітапшалар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, өзін - өзі тану, сурет, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Оқушылармен сәлемдесу, жағдайларын сұрау.
- Балалар, көңіл күйлерің қалай?(бас бармақ арқылы көңілдерін білдіру)
- Сәлем саған, күннің көзі!
- Сәлем саған, ашық аспан!
- Сәлем саған, табиғат!
- Сәлем сізге, мұғалім!
- Сәлем, менің достарым!
II. Үй тапсырмасына шолу жасау.
1. Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесің?
2. Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетелеген кім?
Қалайша?
3.«Әннің жақсысы да жаманы да тыңдаушысынан»деген пікірмен келісесің бе?
4. Өзің үйден қандай ән тыңдап келдің? Әннің сөзін, әуенін жазған кім екен?
Сергіту сәті: «Кім жылдам?» ойыны (құстар жайлы жұмбақ жасырылады.
Мысалы: Сайрайды бір талмайды
Әнші құс бал таңдайлы.
(бұлбұл)
Оқушыларды стиктер көмегімен үш топқа бөліп алу.
III. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
Ойын: «Кім жылдам?»
Жыртқыш құс (қыран)
Қандай құс жемін түнде аулайды (жапалақ)
Қонақ шақыратын құс(сауысқан)
Құстардың үйі (Ұя)
Оман дәрігері(тоқылдақ)
Әнші құс (бұлбұл)
- Жарайсыңдар, балалар.
2. Тақтаға - қарға, торғай, кептер суреттері ілінеді.
Оқушылар осы құстарға сипаттама береді.
Құстар суреті
- Өзіміз болжап көрейікші, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
- Құстар туралы.
- Неліктен? Тағы не болуы мүмкін?/Құстар туралы ертегі болуы мүмкін/.
- Жаңа сабағымыз «Құстар айтысы» деп аталады.
Үнді ертегісі.
2. Оқулықпен жұмыс.
а/ Мұғалімнің оқуы. «Құсбегі» сөзін түсіндіру.
ә/ Ертегіні 3 топқа бөліп іштей оқыту.
б/ Әр топқа дауыстап тізбектей оқыту.
в/ Ертегі мазмұнын баяндау. 3 топтан 3 оқушы шығады.
г/ Сұрақпен жұмыс. Ертегі талдау.
- Құстар тордан қалай құтылмақ болды? Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді? Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады? Құс аулаушы торды не істеді?
IV. Жаңа түсініктер мен іс әрекеттерін қалыптастыру.
3. Сын тұрғысынан ойлау. «Т» кестесімен жұмыс.
Өздеріне ертегіден әсер еткен тұсты оң жағына, сол жағына өз пікірлерін жаздыру.
1 - топ
Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім
2 - топ
Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім
3 - топ
Ертегіден маған не әсер етті? Ертегі жайлы пікірім
V. Жаңа түсінікті тексеру.
Осы ертегіні оқу барысында қандай көркем сөздер қолданылған? Ынтымақ, алауыздық, енжарлық – осы сөздердің мәндес сөздерін үш топқа тапқызу.
1 - топ
«Ынтымақ»сөзін қалай түсінесің?
2 - топ
«Алауыздық»сөзін қалай түсінесің?
3 - топ
«Енжарлық»деген сөзді қалай түсінесің?
- Осы сөздер ертегінің қай жерлерінде қолданылған?
VI. Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар:
(ойтолғаныс)
- Балалар, осы ертегі неліктен «Құстар айтысы»деп аталған?
Бұл ертегіні басқаша тағы қалай атауға болады?
Неліктен?
А) Таласқан құстар.
Ә) Құстар мен құсбегі.
Б) Тордағы құстар.
- Әрі қарай болжам жасап көрейікші, құсбегі тордағы құстарды не істеуі мүмкін деп ойлайсыңдар?
- Бүркітке жемтік ретінде беруі мүмкін...
- Базарға сатып, ақша алуы мүмкін....
- Асырауы мүмкін......
- Балалар, осы ертегі ертегінің қай түріне жатады?
(жан - жануарлар)
VII. Жаңа сабақты қорытындылау.
Құстар
Торға түсті
Әр түрлі болды
Ақылдасты
Қанаттарын бірге қақты
Тормен бірге ұшты
Айтысты
Жанжалдасты
Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді».
«Бірлік болмай, тірлік болмас».
Ынтымақты ел озар.
VIII. Үй тапсырмасы:
Ертегіні түсініп, рөлге бөліп оқу.
Ынтымақ, бірлік туралы ертегі қарау.
IX. Бағалау.( смайликтер арқылы бағалау, мақтау)
Құстар айтысы
Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы (Үнді ертегісі)
2024年3月5日826 浏览

#құстар айтысы үнді ертегісі#сабақ жоспары ана тілі 2 сынып
推荐阅读
齐达内将执教法国队,接替德尚
据转会专家罗马诺透露,传奇球星齐达内将接替德尚成为法国队新主帅。德尚在2026世界杯半决赛输给西班牙后离任,结束自2012年起的执教。齐达内曾率皇马连续三年夺得欧冠,自2021年离任后一直赋闲。他上一次为法国队出场是2006年世界杯决赛,头撞马特拉齐被罚下。官方声明将在法国队最后一场比赛后发布。
12 分钟前
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
12 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
32 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

