Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Бөлімдері:
Мақсаты:
а) Ақпараттық - құзіреттілік
Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру.
б) Коммуникативтік - құзіреттілік
Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
в) Проблеманы шешу құзіреттілігі
Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі Құстар суреті,
Әдісі
Билингвалдық компоненті: Құстар - птицы
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Шаттық шеңбері.
Нұр құшып әлемге
Арайлап таң атты
Жарқырап күніміз
Жер көкті оятты
Қайырлы таң, қайырлы күн!
- Балалар жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
Жұмбақ.
- Балалар сиқырлы баққа барғыларың келе ме?
Олай болса сиқырлы баққа барайық.
Балалар сап түзеп жүреді.
Біз келеміз адымдап
Жол ізімен арындап
1, 2, 3, 4
Қолды жоғары көтеріп
Биіктерге жетеміз
Үп - үлкен боп өсеміз.
Қолды жанға созамыз
Топ - топ етіп басамыз.
Алға қарай асамыз.
- Балалар міне сиқырлы баққа да келдік.
Қандай керемет бақ, балалар сендерге ұнайды ма?
Бақта нелер өсіп тұр?
(Музыка ойналып, тауыс құсы ұшып келеді.)
Тауыс құсы: Мен өз бағыма қонайын деп ұшып келсем, балалар келіп қалыпты ғой. Жарайды ендеше, менің сендерге қоятын шартым бар, орындасаңдар қонақ етемін, сыйлығымда бар.
1 – ші шартым: Сендер қандай құстарды білесіңдер?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, құстар екіге бөлінеді. Сендердің айтқан құстарың дала құстарына жатады. Ал үйлеріңде қандай құс бар?
2 - ші шартым: Құстар туралы тақпақ.
Айназ: Мен торғаймын, торғаймын
Жерге бекер қонбаймын
Құрт - құмырсқа шіркейден
Ақ бидайды қорғаймын.
Армат: Шыр - шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды
Кіп - кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
3 - ші шартым: Тыйым сөздер.
1. Құсты атпа
2. құстың жұмыртқасын жарма
3. құстың ұясын бұзба
4. Аққуды атпа, досыңды сатпа.
4 - ші шартым: Д/О: «Қандай құстың дауысы»
Балалар енді сендер құстар туралы жақсырақ білу үшін орталықтарға бөлінейік.
І – орталық. Ғылыми - ізденіс. Белгісі құс.
Қараторғай. Түсі: қара. Көлемі: торғайдан сәл үлкендеу
Ұясы: адамдар жасаған үйшіктерге, ағаш қуыстарына, таулы, тастардың арасына салады. Жейтін қорегі: маса, құрт, шіркей, жауын құрты.
Жыл құсы. Ерекшелігі: басқа құстардың дауысын келтіре алады.
Тырна. Түсі: сұр. Көлемі: ірі, кең қанатты, мойыны, аяғы, тұмсығы ұзын
Ұясы: қамыстардың арасына, батпақты жерге салады
Жейтін қорегі: батпақты жерде өсетін шөптер, жемістер, бақа, қоңыз, құрт.
Жыл құсы. Ерекшелігі: балапандары біреу болады, екі балапан шықса олар төбелесіп, қайсысы жықса сол тірі қалады.
Қарлығаш. Түсі: бауыры ақ, қалған жері қара. Көлемі: кіші, қанаты сүйір, құйрығы айыр. Ұясы: саз - балшықтан қалап, сілекейімен сулап салады.
Жейтін қорегі: шыбын, маса, шіркейлер. Жыл құсы. Ерекшелігі: адамдарға өте жақын, үйдің ішіне ұясын салады.
Тоқылдақ. Түсі: шұбар. Көлемі: торғайдан ірі, өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс. Ұясы: ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды, түскен үгінді ұясының астына жұмсақ болу үшін төсейді. Жейтін қорегі: ағашты тесіп, құрттарды теріп жейді Қыстап қалатын құс Ерекшелігі: Бұл құсты «орман дәрігері»- деп атайды.
Сауысқан. Түсі: қара ала. Көлемі: торғайдан ірі, ұзын құйрықты құс
Ұясы: ағаштың басына, бұтақ, шірпілерден жасайды.
Жейтін қорегі: басқа құстардың жұмыртқаларын, балапандарын ұрлап жейді. Қыстап қалатын құс. Ерекшелігі: жылтыр, әшекей заттарға әуес. Ұясынан алтын сақинаны, жылтыр әйнектерді, күміс тиындарды кездестіруге болады.
Бүркіт. Түсі: қоңыр. Көлемі: ірі, жыртқыш құс
Ұясы: биік жартастарға салады, бұтақтардан тоқып салады
Жейтін қорегі: құстар, қоян, түлкі, тышқан.
ІІ – орталық. Қатынас. Белгісі ағаш.
Құстардың түрі өте көп. Жабайы құстар табиғатта өз алдына тіршілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орнында тұрмайды. Олар бір жерден екінші бір жерге ұшып қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет олар ұшады. Қанаттары, мамықтары бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығы: құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.
Д/О: «Не артық.»
ІІІ – орталық. Шығармашылық. Белгісі ұя
Құстарға арнап ұя суретін саламыз.
Балалар 7 минуттан кейін фишкаларын ауыстырып сергіту сәтін жасайды.
1. Қане қанат жазайық
Мойнымызды созайық
1, 2, 3
Құс аспанға ұш
1, 2, 3,
Құс аспаннан түс.
Құстар жем жейді
Құстар су ішеді
1, 2, 3
Құс аспанға ұш
2. Қанат жазам жалма жан
Талпынғандай ұшуға
Иіліп кеп қол созам
Аяғымның ұшына
3 орталықта жұмыс жасап болған соң, балалар ортаға жиналып орталықтың жұмыс нәтижесін айтады.
Қ/о: «Құс ұясы.»
Тауыс құсы: Балалар сендер құстар туралы көп біледі екенсіңдер, мен сіздердің білімдеріңе риза болып, сыйлық беремін.
Балаларға құс суретін тарату.
БҚО, Ақжайық ауданы.
«Айгөлек» МДҰ І санатты тәрбиешісі
Жұмабаева Г. К.
Толық нұсқасын жүктеу
Құстар біздің досымыз
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
2024年3月5日467 浏览

#табиғат#құстар біздің досымыз#балабақшаға арналған сабақ жоспары#құстарды қорғау#ққұстар туралы тақпақ
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
7 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
27 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
27 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

