Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Райымбектің бастауы»
Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқу, Батыр ерлігін үлгі ету, жан - жақтылығы, киелілігі, қиындыққа мойымайтын батыр екенін, серігі жылқысы жебеуші, құтқарушы, қасиетті жануар туралы мағлұматын кеңейту.
Білімділігі: тыңдай білу, өз көзқарасын білдіру, бөліктерге бөлу.
Тәрбиелілігі Батыр, ұлтын сүйетін азамат болу.
Дамытушылығы: ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, тіл байлығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
Типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: I - Ұйымдастыру кезеңі
II - Өткен материалды қайталау.
1.- Біздің өтіп жатқан тарауымыз қалай деп аталады?
- Өнегелі өмір.
2.- Неге «Өнегелі өмір» деп аталады?/Өз ойларын айтады./
Тараудың басы батырлар туралы әңгімелерден басталған.
3. Ой қозғау:»Батыр» деп қандай адамды айтады?/Ержүрек, қайсар, батыл, тапқыр, тез шешім қабылдайды/
4. - Батырлар ерлігін кім осы ұрпаққа жеткізген?/Бұқар жырау/
- Дұрыс, ол адам жақсыны мадақтап, батырға, еліне рух берген.
5. Сөзжұмбақ: «Дулыға» 1. - Ал балалар, осы батырлардың басын қосып, халық мүдесін қорғап, елдің басын біріктірген кім?/Абылай/
2. Жоңғар шапқыншылығының батырларын ата./Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай/
III.- Жаңа тақырып бойынша жұмыс: - Бүгін біз Жолдасбай Тұрлыбаевтың «Райымбектің бастауы» мәтінімен танысамыз.
1. Ой қозғау: Райымбектің бастауы ----- бұлақ, су көзі.
2. - Тақырып не туралы деп ойлайсыңдар?/Өз ойларын ортаға салу/
3. Енді Райымбек батыр Алматыдан басталып, Кеген ауылын қақ жарып өтетін қасқа жол « Райымбек даңғылы» деп аталады. Райымбек даңқты батыр, әулие адам болған. Ол тарихта белгілі жоңғар шапқыншылығы кезінде жауына ойсырата соққы берген, қол бастап, елінің тәуелсіздігі үшін күрескен.
17 жасында елге танымал болған. Сұңғақ бойлы, ойы оралымды, өткір мінезді, қара дауыл соқса да қабақ шытпайтын шыдамды. 15 - де ат құлағында ойнаған, 16 - да «Орда бұзар» атанған. Қалмақ ханы Кереннің басын жаңқадай қағып түсірген. Осыдан бастап Райымбек! Райымбек! деп ел ұранына айналған. «Ойран - төбе» оқиғасы аталатын қанды қырғыннан кейін «Райымбек батыр» атағын алады.
Әулиелігі сонда бірде қатты шайқас кезінде Іле өзені қақ жарылып, Райымбек атаға жол берген деген аңыз бар. Өмірінің соңында: «Мені өлген соң ақ түйеге артып, түйені еркіне жіберіңдер. Түйе қай жерге шөксе, сол жерге жерлеңдер. Ол болашақта тоғыз жолдың торабы болады - депті. Түйе шөккен жер қазіргі Райымбек атаның атындағы көше. Мұны әулиелік демей не дейміз!
IV. Оқулықпен жұмыс: Бөліктерге бөліп оқыту. Оқыту барысында талдап, түсіндіріп беру.
1). - Шөп неге жасыл? / Демек, ол жерде су көзі бар /.
2).- Суретке сәйкес жерді тауып оқу.
3 ).- Қуанған сәттегі көңіл - күйін білдіретін жерді тауып оқы.
4).- Бұл оқиға қай жерде болды? Мақсаты не?
5).- Суды батыр тапты ма, әлде аты ма?
6).- Неге өзі бармады?/ Оқушылар өз ойларын айтады /
Райымбек --------- Аты Көкойнақ ---------- сүңгі/байланысты екенін түсіндіру/
7). Су табуда Райымбек, сүңгі, атының қызметін айту. Не істеді?
Райымбек ----------- Аты ------------------- Сүңгі
Батыр ----------------- жүрді ---------------- сұқты
Тапқыр --------------- шалдырды --------- шаншыды
Шыдайды ----------- аяңдады ------------ түйгіштей сұққылады
8). Нәтижесінде: қуанды, суға қанды, аман қалды.
V. Қорытындылау:
Шығармашылық жұмыс:
Атты жетекке алады,
Батыр көзін қадады.
Көріп жасыл желекті,
Ат осқырына қалады.
Қолға алып найзаны,
Судың барын байқады.
Сүңгіні алып қадады,
Бастау болып қалады.
9.) Сен білесің бе?
1. Жылқы киелі, басынан ұрмайды, киесі ұрады.
2. Жылқыда өт жоқ. Сүті, еті ерекше. Барлық ауруға ем.
3. Жылқыны өзге адамға сатқанда, ноқтасын бермейді. Кие өзге адамға көшіп кетеді деп есептеген
4. Тұқымы үзілмеген жылқыны сатқанда сілекейін алып қалады. Кие үйімде қалсын дегені.
5. Жылқының жалының астына сәбидің кіндігін, сүндеттелген ұлдың етін байлаған. Сонда өр мінез, әрі ат үстінде өмірін өткізетін елжанды азамат болып өседі.
VI. Бекіту. Үйге тапсырма: 145 - 146 бет. VII. Бағалау.
Райымбектің бастауы
Сабақтың тақырыбы: «Райымбектің бастауы»
2024年3月5日1016 浏览

#райымбектің бастауы#ана тілінен ашық сабақ жоспары
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
19 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
19 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
39 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

