Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин "Туған ел"
Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға С. Сейфуллин туралы жалпы мағлұмат беру. Өлеңдегі автордың берген ойын, идеясын ашу
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, мәнерлеп, сауатты оқуларын жетілдіру.
Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
3. Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған елдің табиғатын қорғауға және құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер
Сабақтың типі: Жаңа білім енгізу
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру Психологиялық тренинг
№1 слайд
- Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
- Күн болмаса жер бетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
- Олай болса, Күн анаға тілек айтып көрейік.
№2 слайд
Көк аспанда күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты жүрегімізбен сезініп сабағымызды бастайық
- Осындай жылы тілектерді бойымызға қабылдай отырып, сабағымызды бастайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдері жатқа сұралады.
Бекіту сұрақтары:
- М. Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған.
- Д. Әбілевтің өлеңі не туралы?
- Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.
№3 слайд
Үш бақытым
Туған тілім
- Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке шақырады. Жалпы Отан дегеніміз не?
Отан дегеніміз - туған жер. Туған жерін жырламайтын ақын - жазушы жоқ.
№4 слайд
.... Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка, ол ақын, жазушылардың тілі - сөз.
IIІ. Жаңа сабақ
- Сондай бір туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері – Сәкен Сейфуллин.
Сұрақ: С. Сейфуллин кім?
№5 слайд
(Сәкен Сейфуллиннің суреті, өмірбаяны.)
1. Бүгін осындай көрнекті ақынның "Туған ел" өлеңімен танысамыз. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұны түсіндіріледі.
№6 слайд
(Туған жер, табиғат туралы сурет)
2. Оқу түрлері: жеке оқу, тізбектей оқу, абзац бойынша оқу.
3. Өлең мазмұнын ашу
Сұрақтар қою:
а) Ақын туған даласын кімге теңейді?
№7 слайд
Қазанның жиырма бесі
С. Сейфуллин «Туған ел»
IV. Дәптермен жұмыс.
ә) Туған ел туралы 2 - 3 сөйлеммен шағын әңгіме құрастыру.
V. Сергіту сәті №8 слайд
Тау ішінде әнін тыңдату. Орындайтын жерлесіміз Е. Базарбеков
№9 слайд
VI. Поэзия минуты. (Өлең құрастыру)
Сарғайды..........
Сап - сары.........
. Соңғы әнін..........
Құс кетті..........
VII. Суретпен жұмыс: - Суреттен не көріп тұрмыз?
- Елік, гүл, бұлт, шөп, көбелек, ағаш.
- Енді осы заттардың атын маған 3тілде айтып беріңдерші
- Енді кітапты жабамыз
VIII. Ойын: қай зат артық? №10 слайд
Ал, енді, балалар, біз әруақытта табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің қамқоршысы бола білейік, Туған жерімізді қорғай білейік.
IX. Бекіту. №11 слайд
- Сәкен кім?
С ә к е н
Жазушы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері, драматург, педагог, сазгер
- Қандай өлеңмен таныстық?
- Өлеңде не туралы айтылған?
X. Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау, 5 мақал жазу.
XІ. Бағалау.
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин "Туған ел"
2024年3月5日865 浏览

#әдебиеттік оқу#ашық сабақ жоспары#сәкен сейфуллин туған ел өлеңі
推荐阅读
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
22 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
22 分钟前
美元在哈萨克斯坦飙升后暴跌
据infohub.kz报道,美元在哈萨克斯坦交易市场和兑换点近期飙升后暴跌。在哈萨克斯坦证券交易所(KASE)交易结束时,美元汇率下跌7.45坚戈至468.88坚戈,兑换点售价467-475坚戈。此前美元曾上涨9坚戈。本文由infohub.kz提供。了解最新汇率动态,请关注infohub.kz获取更多信息。
42 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

