Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Сан есімнің мағыналық топтарын еске түсіре отырып, сан есімнің зат есімнің орнына жұмсалатын, жинақтау сан есімнің септелуі, ішінара тәуелденуі, жіктелу жолдарын меңгерту.
- Дамытушылық: Оқушылардың бұрынғы білетін жаңғырта отырып, талдай білуге, еркін сөйлей алуға тілін дамыту.
- Тәрбиешілік: Оқушыларды ұлтжанды, елін қамын ойлайтын, саналы, білімді ұрпақ бола білуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, танымдық - ізденіс. шығармашылық
Әдіс - тәсілі: ҰОТ, СТО, сұрақ - жауап, ішінара ізденіс, талдау, салыстыру, шығармашылық. кесте - сызба, слайд, флипчарт
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Білімді жан - жақты тексеру.
Ой шығару.
Сөз табының бір түрі Сан есім заттың саның мөлшерін білдіру
Мағыналық түрлерін ата.
1. Есептік - бір, екі, отыз
2. Реттік - бірінші, екінші
3. Жинақтық - біреу, екеу
4. Болжалдық - бес жүздей, ондаған
5. Топтау - екі - екідей, он - оннан, жиырма бестен
Бөлшектік - онның бірі, бес жарым
Сан есімдер - сандық ұғымды білдіретін сөздер. Олар екі түрлі қызметте жұмсалады.
1. Белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.
2. Санның атауы болып қызмет етеді де, не? деген сұраққа жауап береді.
Домбырада он перне, екі ішек бар.
Қырық беске төртті қосса, қырық тоғыз болады.
Мағынаны таны.
1. Сөйлемдерден сан есімді ажырат
Домбырада он бір перне, екі ішек бар.
Бестің басы болғанша, алтының аяғы болшы.
Тоқсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз,
Сексеніміз жиылып, серке жыққан батырмыз.
Сен - төрттің бірісің.
2. Сөзбен берілген сан есімдерді санмен жаз
Бірінші том, жүздей ондаған, екі - екіден, бір мың тоғыз жүз тоқсан бір, жиырма екінші қыркүйек.
3. Сан есімдерді құрамына қарай талда..
Он екі, жеті, он сегіз, екі жүз отыз алты, алпыс - жетпіс, бір мың тоғыз жүз он екі, жүз жиырма үш мың үш жүз қырық алты, алпыс бір мың тоғыз жүз он, үш мың, бір мың алты жүз алпыс төрт.
дара: жеті,
күрделі: он екі,
4. Сан есімнің сөйлемдегі қызметіне қарай талда.
Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.
Атадан - алтау, анадан - төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ.
Алтау ала болса, ауыздағы келеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Кездесіп жетпіс үште іздегенім.
Біз екі - екіден бөліндік.
Біз үш түрлі кедергіден өттік.
Гектарынан 45 центнер бидай алдық.
Мәтіндегі сан есімдерді ата.
Тәуелсіз Қазақстан
Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп жүрміз. «Отан от басынан басталады» дейді халық. Отан дегеніміз - әр адамның туып - өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен, бүкіл дос - жарандарымен бірге тұратын мекені. Қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны - Қазақстан Республикасы. 1991 жылы 16 желтоқсан біздің еліміз Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы қаншама қиыншылықты бастан өткізді. Әр мемлекеттің дербес, тәуелсіз ел болуы - барша бақыттың бастауы. Елдің өз құқы өз қолында, ешкімге тәуелді емес.
Бұл күнде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр. Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.
«Қазақстан тарихынан»
Ой толғау. «Қазақ елі»
Көркем әдебиеттен үзінділер оқу.
Қорытындылау. Тест.
Сан есімнің түрленуі
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі
2024年3月5日1209 浏览

#ашық сабақ қазақ тілі#топтау#сан есім түрленуі#емлесі#реттік
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
24 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
24 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
44 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

