«Сәнқой түлкі» ертегісі
Автор: Ерте, ерте заманда бір қу түлкі өмір сүріпті. Ол түрлі - түрлі көйлектер тіге білетін шебер болыпты. Бірақ тіккен көйлегін тек өзі ғана киеді екен. Бір күні арыстанның туған күні болатынын хабарлайды. Ормандағы барлық аңдарды шақырады. Туған күнге барайын десе, әдемі көйлектері болмайды. Түлкінің киім тігетінін білетіні аңдар, сәнқой түлкінің есігін қағады.
- Қоян: Сәлеметсіз бе, Түлкіжан, сізге бір өтінішім бар еді, тойға барғалы жатыр едім. Маған әдемі көйлек тігіп берші.
- Түлкі: Жоқ жаным, қолым бос емес - дейді.
- Автор: Сөйтіп түлкі қулық жасайды. Қоян ренжіп кетіп қалады.
- Автор: Түлкінің есігін аю қағады.
- Аю: Сәлем түке, іске сәт! Көйлегім ескіріп қалып еді, маған көйлек тігіп берші,- дейді.
- Түлкі: Тойға кетіп барамын. уақытым жоқ деп, шығарып салады.
- Автор: Сәлден соң түлкінің үйіне қасқыр мен жолбарыс келеді.
- Қасқыр: Сәлеметсіз бе Түлкіжан. Біздің саған айтар бұйымтайымыз бар еді. Киген көйлектеріміз ескіріп қалып еді, бізге көйлек тігіп бере аласыз ба? Ертең арыстанның туған күніне баратын едік.
- Түлкі: Тісім ауырып тұрғанын қарашы - деп алдайды.
- Автор: Ертесіне арыстанның туған күніне барлық аңдар жиналады.(Әуен қосылып, аңдар би билейді).
- Автор: Түлкі үйінде былай жүреді, былай жүреді. Әбден іші пысқан түлкі сәнденіп, сыланып әдемі көйлегін киіп туған күнге барады.
Түлкіні барлығы менсінбей, қатарға қоспайды.
- Аю: Сен кеше бізге әдемі көйлек тігіп бере алмаймын деп едің ғой. Қай бетіңмен келіп тұрсың сен енді.
- Жолбарыс: Өзіне қарашы сәнденіп киініп алыпты. Ауырып жатырғаның кәне - дейді.
- Барлық аңдар: Иә, иә солай еді ғой.
- Қоян: Енді сені қатарға қоспаймыз!
- Барлық аңдар: Иә, иә қоспаймыз!
- Арыстан: Қанекей дауласпай, туған күнді тойлауды жалғастыра берейік!
- Қоян: Ендеше ойын ойнайық онда. Бірінші ойынымыз «Кім мерген» ойыны.
Шарты: Мына ілініп тұрған тақтайшадағы ілмекке шеңберді лақтырамыз. Кім көп шеңберді тақтайшаға ілсе, сол жеңіске жетеді. (Ойын ойналады).
- Арыстан: Түкежан сен біздерге бірдеңе айтқың келіп тұрған сияқты.
- Түлкі: Иә, Асеке. Мен сіздерден кешірім сұрағым келіп тұр. Енді сендердің бұйымтайларыңды бұлжытпай орындап беруге ант беремін. Сіздермен достасқым келеді. Туған күнді сіздермен бірге тойлауға рұқсат етесіздер ме?
- Арыстан: Ендеше достар не істейміз? Түлкіні кешіреміз бе?
- Автор: Барлық аңдар кешіріп, қол ұстасады.
- Қоян: Ендеше екінші ойынымызды ойнайық!
- Барлық аңдар: Ойнайық, ойнайық!
- Қоян: Ойынның аты «Орынға таласу»- деп аталады.
Шарты: Ойынға қатысушы алты аң. Ендеше ортаға бес орындықты қоямыз. Сол орындықты айнала билеп, әуен тоқтаған кезде, орындыққа таласа отыра қалуымыз керек. Отыра алмай қалған аң, ойыннан шығады. (Ойын ойналады).
- Арыстан: Ал достарым, бүгінгі туған күнімді жақсы өткіздіңіздер! Сендерге рахмет айтамын. Ендеше барлығымыз бірге дос болып, достығымыз ешқашан бұзылмасын. Ендеше «Достар» әнін айтайық.
- Автор: Сол күннен бастап ормандағы барлық аңдар бір - бірімен тату - тәтті өмір сүріпті.
Ертегі кейіпкерлер: Автор: Дуймбаева Р. А
Түлкі: Сактаганова С. К.
Қасқыр: Қосаева Б. К.
Арыстан: Тогаева А. У.
Қоян: Ермекбаева А. Е.
Аю: Дощимова Ж. К.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылының
"Ақбота" балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы
Ермекбаева Аманкул Ерсайыновна
Сәнқой түлкі ертегісі
«Сәнқой түлкі» ертегісі
2024年3月5日495 浏览

#балабақшаға арналған#сәнқой түлкі ертегісі#ертегі қойылымы
推荐阅读
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
8 分钟前
「千恩万谢那些承受我的罪过和困难的人」:塔玛拉·阿萨尔回应批评者
哈萨克斯坦歌手塔玛拉·阿萨尔加入政党并成为制宪会议议员候选人后,在社交媒体上发文回应批评,感谢支持与反对的声音,强调候选人非议员,并引用父亲教诲。
28 分钟前
伊朗打击巴林和科威特的美军基地
伊朗对美军实施报复,使用导弹和无人机打击了巴林谢赫伊萨基地和科威特阿里·萨利姆基地,摧毁多架MQ9无人机及武器仓库。伊斯兰革命卫队宣布行动,并警告美国若继续在中东施暴,该地区将一滴石油也运不出去。此前美国总统特朗普已通知国会美国与伊朗处于战争状态。美国此前对伊朗南部军事目标发动了空袭。伊朗此次打击是对美国的报复。
28 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

