Сабақ тақырыбы: «Сәулет өнері»
Сабақ мақсаты: Бейнелеу өнерінің күрделі саласының бірі - Сәулет өнері. Осы өнер бағытын тануда оқушыны дәстүрлі өнерге айналған жанрды танып білуге үйрету.
Сәулет өнерін танып білуде оқушы білімін жан - жақты арттыру.
Сурет салу жұмысы барысында оқушыны таза жұмыс орындау қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа тақырып
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, суреттер көрсету арқылы сипаттап түсіндіру, интерактивті тақта.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Құрал - жабдық тексеру
Үй жұмысын тексеру
Жаңа сабақ
Сәулет өнері «архитектура» деп те аталады. Ол латын және грек тілінде «бас құрылысшы» деген мағынаны береді. Біздің түсінігімізде сәулет өнері (архитектура) күнделікті адамдар өмірі үшін салынған ғимараттар. мысалы: тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмысқа қажетті құрылыстар, мемориалдық ескерткіштер.
Сәулет өнері төмендегідей типтерге бөлінеді.
Тұрмыстық - қалалық және ауылдық үйлер, сарайлар;
Кәсіби - фабрика, зауыт құрылыстары, электр торабы орталықтары, гидротехникалар, теңіз порты, вокзал, метро және т. б.
Шаруашылық - қоймалар, гораж, автотұрақтар.
Қоғамдық - оқу - ағарту, білім үйлері, театр, мәдени демалыс үйлері, мұражайлар, көрме залдары, стадион, мемориалдық ескерткіштер және т. б.
Сәулет өнері кеңістік мәселесін шеше отырып қоршаған ортаны эстетикалық жағынан да меңгертеді. Сәулеттік бейнедегі көркемдік ғимараттар өз функциясынан алыстамайды, ол ғимараттың кімге арналып салынғанын көрсетеді.
Мысал ретінде «Әлемнің жеті кереметін» алатын болсақ сәулет өнерінің ғажаптығын көрсетеді. Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келеді.
Әлемнің 1 - ші кереметі деп Египетте Каир қаласында орналасқан ең үлкен үш пирамида Хеопс, Хефрена, Микенна пирамидаларын айтады. Бұл кәзіргі таңға жетіп отырған жеті кереметтің бірі.
2 - ші керемет ол Семирамиданың аспалы бағы; ежелгі шығыстың ең үлкен, әрі дәулетті қаласы вавилонда болған деседі. Бұл сол замандағы патша Навуходоносор патшаның сүйікті әйелі не арнап салдырғаны болатын, биіктігі 6 - қабат үйдің биіктігіндей болған.
3 - ші кереметкіші Азиядағы Эфес қаласында орналасқан әйел пірі грек Артемида ның ғибадатқанасын айтады.
4 - ші кереметі деп Грецияның оңтүстігінде олимпиялық ойындар орталығы - Олимпиядағы ғибадатханада ежелгі гректің сыйынатын құдайларының бірі Зевстің үлкен мүсіні болған.
5 - ші Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы Галикарнаста (казіргі Түркияның Бодрум қаласы) бесінші керемет Мавсол патшаның мавзолейі болған.
6 - шы Родос алыбы деп аталады. Бұл әлемдегі ең үлкен мүсін болған, биіктігі 36 метр биік, қоладан жасалған жас жігіт мүсіні.
7 - ші кереметі деп Александрия маягі (түнгі бағдаршам), бұл Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Александрия қаласында орналасқан.
«Әлемнің жеті кереметі» деп есептелетін мүсіндер мен құрылыстар, пирамидалардан басқасы құрып біткені мен, олардың атағы ғасырлар бойы өмір сүреді. әсем әдемілігімен жұрттың бәрін таңқалдырған, адам баласының қолынан шыққан небір тамаша туындыларды дүниенің сегізінші кереметі деп мадақтау - ежелден қалыптасқан ұғым. Әр елде салынған түрлі сәулет ғимаратын немесе т. б. заттарын сегізінші кереметке теңейді.
Ал біздіңі елде сол сегізінші кереметке теңейтін бір ғимарат бар, ол Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Оны ұлы ғұлама, екінші Аристотель деп атайтын – Қожа Ахмет Иассауйге арнап, сол бір заманда Ақсақ Темір салдырған екен.
Практикалық жұмыс: Тақта бетіне плакатқа салынып ілінген Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің суретін түрлі - түсті бояумен салу.
Бекіту: 1 - қандай сәулет өнерінің түрлерін білесіңдер?
2 - Әлемнің жеті кереметі дегеніміз не?
3 - Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салғызған кім және қайда орналасқан?
Бағалау: Аяқталған жұмыстарды тексеріп бағалау
Қорытынды: Үйге тапсырма; ескі мавзолей кесенелер суретін тауып салып келу.
Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: «Сәулет өнері»
2024年3月5日866 浏览

#сурет#архитектура#сәулет өнері#сабақ жоспары бейнелеу өнері
推荐阅读
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
6 分钟前
伊朗打击巴林和科威特的美军基地
伊朗对美军实施报复,使用导弹和无人机打击了巴林谢赫伊萨基地和科威特阿里·萨利姆基地,摧毁多架MQ9无人机及武器仓库。伊斯兰革命卫队宣布行动,并警告美国若继续在中东施暴,该地区将一滴石油也运不出去。此前美国总统特朗普已通知国会美国与伊朗处于战争状态。美国此前对伊朗南部军事目标发动了空袭。伊朗此次打击是对美国的报复。
26 分钟前
「千恩万谢那些承受我的罪过和困难的人」:塔玛拉·阿萨尔回应批评者
哈萨克斯坦歌手塔玛拉·阿萨尔加入政党并成为制宪会议议员候选人后,在社交媒体上发文回应批评,感谢支持与反对的声音,强调候选人非议员,并引用父亲教诲。
26 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

