Тақырыбы: «Секіреміз, жүгіреміз»
Мақсаты: Балаларды салауатты өмір сүруге және қызығушылығын арттыру. Спортпен айналысудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларын әдістерін үйрету, балалардың қимыл - қозғалысын және күш қуатын белсенділігін дамыту.
Балалардың денесін шыңдап шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Сайыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай, бір - біріне достық қарым – қатынастарын дамыту.
Керекті
құралдар: Доптар, кедергілер, жалаушалар, шарлар, гимнастикалық отырғыш, таяқшалар.
Жүру барысы: Армысыздар, құрметті тәрбиешілер, тәрбиеленуші бүлдіршіндер. Бүгінгі
«Секіреміз, жүгіреміз» атты эстафеталық сайысына қош келдіңіздер!
Әр таңды бақытпен атырамыз
өнерді ой көгінде бақылаңыз
сайысқа қатысуға енді ортаға
бүлдіршін спортшыларды шақырамыз!
Ортаға сайысқа түсетін топтарды шақырамыз (балалар тәрбиешілермен бірге ортаға кіріп, қатарға тұрады)
Жарысымызды бақылап отыратын әділқазылар алқасымен танысып алайық!
Балабақша әдіскері: А. Б. Уразова
Балабақша психологы: А. Бисенбиева
Балабақша тәрбиешісі: А. Т. Жалмуханбетова
(Осы кезде орманнан түлкі, қасқыр, аю кіреді)
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, аңдар, сендер қайдан келе жатсыңдар
Қасқыр: Біз орманды аралап жүріп, балабақшада сайыс болатынын естіп, бізде балалармен
Бірге сайысқа қатысуға болама, бізде денемізді шынықтырып жарыссақ болама?
Жүргізуші: Жарайды, сендер арнайы осы сайысқа келіп қалған екенсіңдер, ендеше қош келдіңіздер, балалармен бірге ойынға қатысып тамашалаңдар.
(Аңдар әр команданың қасына барып тұрады)
Ал, ендеше бүгінгі сайысқа қатысушы балдырғандарға толағай табыс және сәттілік тілейміз!
1. Таныстыру
2. «Шар жинау»
3. «Самокат тебу»
4. «Қояндарша секіру»
5. «Сиқырлы доптар»
6. «Арқан тартыс»
1. Таныстыру әр команда ортаға шығып өз командасын таныстырады.
2. «Шар жинау»: Еденде әр түрлі түсте қызыл, көк, сары, ақ шарлар шашылып жатады, әр команда, өзінің түсін жинап, себетке салу керек.
3. «Самокат тебу»: Кедергілер арқылы өтіп, межеден айналып келу керек.
4. «Қояндарша секіру»: Қос аяқпен қояндарша таяқшадан секіріп, гимнастикалық отырғышқа тартылып, межеден айналып келу.
5. «Сиқырлы доптар»: Еденмен допты айналдырып жүріп, межеден айналып келу.
6. «Арқан тартыс»: Екі командыдан бөлініп, арқан тартыс ойынын ойнайды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Сайысқа қатысушы балдырғандар жақсы дайындықпен келіпті, шапшаңдықты көрсете білдіңдер!
Түлкі: Балалар сендермен сайысқа түскен ұнады, сендерге рахмет!
Жүргізуші: Әділқазылар шешім шығарғанша ортада орындалатын «Көбелектер» биін тамашалаймыз.(Би орындалады, әділқазылар жеңімпаздарды мадақтау тапсырылады)
Қасқыр: Ой, балалар біздің де орманға қайтатын уақыт болды, бізге бәрі ұнады, біз кетейік,
Сау болыңыздар!(аңдар қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер, бүлдіршіндер бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды.
Бүгін міне оң болып, әр ісіміз,
жоғары боп күш - жігер, намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
аяқталды халайық сайысымыз!
Сайысқа қатысқандарға алғысымызды білдіреміз. Алдағы күндері үлкен сайыс көрініп, шапшаңдық танытып, биіктерден көріне беріңіздер! Сау болыңыздар!
Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№ 35 «Балақай» бөбекжай - бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы
Ташимова Раушан Нигметовна
Секіреміз, жүгіреміз. жүктеу
Секіреміз, жүгіреміз
Тақырыбы: «Секіреміз, жүгіреміз»
2024年3月5日633 浏览

#салауатты өмір#ептілік#секіреміз#жүгіреміз#спорттық сайыс балабақшаға#шапшаңдыққа
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
11 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
31 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
31 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

