«Сөзмерген» танымдық ойыны
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Ойын барысы:
Мұғалімнің сөзі: – Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! «Тілдер күніне» арналған 6-8 «А» сыныптары арасында өткелі отырған «Сөзмерген» танымдық ойынына қош келдіңіздер!
«Сөзмерген» сайысы басталады,
Білгірлерді жұртшылық қарсы алады.
Көшбасшысы тілдердің – қазақ тілі,
Тағы басқа тілдермен достасайық! – дей отырып, ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.
6 «А» сынып оқушысы
7 «А» сынып оқушысы
8 «А» сынып оқушысы
Мұғалімнің сөзі: --- сайыскерлеріміздің білімін, зеректіктерін байқап, бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Оқу ісінің меңгерушісі – Азамат Мұсаұлы
Тәрбие ісінің меңгерушісі – Милана Шабайқызы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі – Сая Нуриддинқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Ләззат Есенқызы
Бүгінгі «Сөзмерген» танымдық ойыны 5 бөлімнен тұрады, олар:
1. «Зымыран сұрақтар»
2. Тапқыр болсаң, тауып көр
3. Ойлы болсаң, озып көр
4. Кім жүйрік?
5. Сөз ойла, тез ойла
Ойынымыздың бірінші бөлімі - «Зымыран сұрақтар». Бұл бөлімде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен және логикалық сұрақтар берілген. Осы сұрақтарға тез, әрі шапшаң жауап беру керек. Барлығы -15 сұрақ
1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты не деп атаймыз? (дыбыс)
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі)
3. Қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөздерді не дейміз ? (табу)
4. Ең тәтті, ең ащы не? (тіл)
5. Жуан және жіңішке сөздерге жалғана беретін қай жұрнақ? (хана)
6. “Әдебиет” сөзі қай тілден енген? (араб)
7. Құранда неше сүре бар? (114)
8. Қай шығармадан, кім? “Бірақ амал нешік, сен қызылшақа болып, жөргекте жатқанда сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. ” («Менің атым Қожа», Қожа)
9. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
10. Отырарға опасыздық жасаған кім? (Қарашоқы)
1. “Селт еткізер ” дегеніміз не? (Наурыз мейрамында жастардың бір-біріне сыйлайтын тосын сыйлары)
2. Бал да, у да таматын не? (тіл)
3. “Шалға” қарағанда “балада” не көп? (буын, әріп)
4. Кім қартаймайды? (анасы бар адамдар)
5. Кімнің аяғына су жұқпас? (Суаяққа)
Екінші бөлім – «Тапқыр болсаң, тауып көр »
Үшінші бөлім – «Ойлы болсаң, озып көр »
Шарты: Күнделікті өмірде қолданылып жүрген тыйым сөздерді айту
Төртінші бөлім – «Кім жүйрік? »
Шарты: Жұмбақтың жауабын тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару қажет.
1. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух)
2. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - )
3. Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктеп қайта түскенде
Өңі кірер даланың (Жаңбыр – дождь - )
4. Көк көйлекті жеңешем көлбең-көлбең етеді, Жер түбіне жетеді. (түтін-дым- )
5. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
(жер-земля- )
6. Балдан тәтті не?
(тіл-язык - )
7. Бір арба келіншек,
Әрбір келіншектің басында бір-бір түйіншек
(сіріңке – спички - )
Бесінші бөлім – «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерден мақал-мәтел құраңдар.
1 ұяшық «білім»
2 ұяшық «кітап»
3 ұяшық «сөз»
4 ұяшық «жер, ел»
5 ұяшық «дос»
6 ұяшық «тосын сый», яғни сайыскерге 10 ұпай сыйға тартылады.
Мұғалімнің сөзі:
Көп ұлтты Қазақстанда
Жүзден аста тілдер бар.
Мәртебелі, маңызды
Қазақ тілін танып ал!
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – дей келе бүгінгі «Сөзмерген» танымдық ойынын жабық деп жариялаймыз. Келесі кездескенше!
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, «Сөзмерген» атағы беріліп марапатталады.
Сөзмерген танымдық ойыны
«Сөзмерген» танымдық ойыны
2024年3月4日766 浏览

#сыныптан тыс жұмыс#сайыс сабақ#сөзмерген
推荐阅读
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
5 分钟前
美元在哈萨克斯坦飙升后暴跌
据infohub.kz报道,美元在哈萨克斯坦交易市场和兑换点近期飙升后暴跌。在哈萨克斯坦证券交易所(KASE)交易结束时,美元汇率下跌7.45坚戈至468.88坚戈,兑换点售价467-475坚戈。此前美元曾上涨9坚戈。本文由infohub.kz提供。了解最新汇率动态,请关注infohub.kz获取更多信息。
25 分钟前
7月15日天气预报:哈萨克斯坦大部持续高温
7月15日,哈萨克斯坦大部持续高温,南部地区最高+43°C,北部和西部有雷雨。阿斯塔纳、卡拉干达等地有雨。详细城市天气预报,欢迎访问infohub.kz。
25 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

