Тақырыбы: Спорт – сенің серігің жарыс.
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайд, спортқа байланысты нақыл сөздер, шарлар, доптар, қасық, қап, картоп, жұмыртқа, кеглилер, ысқырық, т. б.
Ашылуы: «Спорттық би»
Сайыс барысы:
Жүргізуші:
«Көркемай» балабақшасының құрметті қонақтары мен бүлдіршіндері. бүгінгі ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің арасында өтетін «Спорт - сенің серігің» атты топтар сайысына қош келдіңіздер.
«Спорт - сенің серігің» атты топтық сайысы балаларға тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты спорттық іс - шара. Бүгінде осындай
іс - шара біздің балабақшамыздың ортаңғы топтары арасында өткізгелі отыр.
Екі топ қатысады.
Толағай:
– Оу - у, мына жерде балалар жиналып қалыпты ғой. Сәлеметсіңдер ме, балалар,
ата - аналар, қонақтар! Менсіз қалай «Спорт - сенің серігің» атты топтық сайысын өткізгелі жатырсыздар?
Жүргізуші:
Сәлеметсіз бе, Толағай? Кел онда, сайысты бірге жүргізейік.
Толағай:
Ал, қанекей, қонақтар,
Ортаға назар салайық.
Ойыншылар келеді,
Қол соғып қарсы алайық.
Жүргізуші:
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
«Бүркіт» тобын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «Барыс» тобын
Ақ түсті киімде «Бүркіт» тобы,
жасыл түсті киімде «Барыс» тобы,
Жүргізуші:
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Толағай:
Сайыс болған соң, спорт заңы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын тағайындайтын, әділ баға беретін құрметті әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
№33«Көркемай» балабақшасының меңгерушісі: Конаева Г. К
№33«Көркемай» балабақшасының әдіскері: Гилажева А. М
№33«Көркемай» балабақшасының психологы: Жумашева А. Б
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Жүргізуші:
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
Құрметті жарысқа түскелі тұрған бүлдіршіндер, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:
1 кезең «Таныстыру»
2 кезең: «Құлатпай алып өт» сайысы
3 кезең: «Мергендер» сайысы
4 кезең: «Кім жүйрік» сайысы
5 кезең «Жұмыртқаны түсірме» сайысы
6 кезең «Картоп егіп кел де, жинап ал» сайысы
7 кезең «Ептілік» сайысы
8 кезең «Допты түсірме» сайысы
Әр сайыстан кейін әділ - қазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Толағай, ендеше Сайысымызды бастайық.
Толағай:
Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта
Аздық етер оның да,
Жету үшін мұратқа.
Жүргізуші: Сайысымыздың 1кезеңі: «Таныстыру»
1 кезең: «Таныстыру» сайысы (үй тапсырмасы)
шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут)
Жүргізуші:
Өнер қуып отбасы өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Әр топ өздерін ұрандарымен таныстырады)
«Бүркіт» тобы: «Айгөлек»ортаңғы тобы
Ұраны:
Ұшақтан да ұшқырмыз
Жедел озған жүйрікпіз.
Келіп тұрған жарысқа
«Бүркіт» тобы боламыз.
«Барыс» тобы: «Жұлдыз»ортаңғы тобы
Ұраны:
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты.
«Барыс» тобы боламыз
Жарысамыз ой қатты!
(Құрметті әділқазылар сайыстың 1 кезең бойынша бағаларыңызды
беруіңізді сұраймыз)
Толағай:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың –
деп келесі 2 кезеңге көшеміз.
Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№33 «Көркемай» балабақшасының
дене тәрбиесінің нұсқаушысы
Амантаева Лунара Утегеновна
Спорт – сенің серігің жарыс жүктеу
Спорт – сенің серігің жарыс
Тақырыбы: Спорт – сенің серігің жарыс.
2024年3月5日812 浏览

#салауатты өмір салты#спорттық сайыс#спорт сенің серігің#денсаулық ұғымы#денсаулығын күту
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
12 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
32 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
32 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

