Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек негізгі мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Ыбраева Айман Амалбекқызы
Информатика 5 сынып
Тақырыбы: Суретті ашу, салу, сақтау.
Мақсаты: Paint графикалық редакторын бағыттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету
Оқушылар білуі тиіс: «Растрлық графикалық редактор» ұғымын
Оқушылар үйренуі тиіс: сурет өлшемін орнатуды, сақтауды. Түстер палитрасын іске қосуды. Қылқалам, қарындаш, сызық, доғал, масштаб құралдарын қолдануды.
Көрнекілігі: электронды оқулық, үлестірмелі материалдар
Пәнаралық байланыс: геометрия, сурет
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа назарын аудару, психологиялық жағымды ахуал туғызу)
II. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
III. Үй тапсырмасын тексеру (бақылау және тест сұрақтары) 114 б
IY. Білімді өзектендіру
Сұрақтар:
1. Ақпараттың қандай түрлерін компьютерде өңдеуге болады?
2. Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?
3. Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты өңдейді?
4. Бейнені қалай редакциялаймыз?
5. Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты шығарады?
6. Графикалық ақпаратты өңдейтін стандартты программаларды атаңдар?
7. Кез келген қосымша терезеде қандай элементтер орналасады?
8. Paint графикалық редакторын іске қосу бұйрығын орындаңдар?
Y. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу барысында, бізге мәтіндерге жеке иллюстрациялар, жұмыс үстелі үшін фон бейнелерін жасау, қарапайым фотомонтажды орындау, мәтіндерді көркемдеу, бейнені редакциялау және т. б жұмыстарды орындау талап етіледі. Графиканы өңдеудің қағидаларын меңгеріп, программалық жабдықтаманың күрделі программаларын меңгеріп программалық жабдықтаманың күрделі программаларын меңгеру арқылы ПЖ - мен жеңіл жұмыс істеуге болады.
Компьютерде графикалық ақпараттарды жасаудың түрлері
Негізгі құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет т. с. с)
Графикамен жұмыс істейтін программалар (графикалық программалар)
Графикалық редактор үшін анықтама тұжырымдалады
Графикалық редактор - графикалық бейнелерді жасау және редакциялау программасы
Paint (ағылш. Сурет салу, сурет)- бұл растрлық (нүктелік) бейнемен жұмыс істейтін графикалық редактор. Paint мағыналарының бірі «бояу»
Сурет нүктелерден тұратынын көрсету: «Сызық» құралын таңдаңдар, 1 - түс - қызыл (палитрада тышқанның сол жақ батырмасын шертумен) Сызықты жүргізіңдер. Масштаб құралын таңдап, салынған суретке басыңдар. Көріп тұрғандай, сурет нүктелерден – пиксельдерден тұрады.
Суреттің өлшемін өзгерткенде сапасының төмендейтіндігін көрсету.
Электронды оқулықтан графикалық редактор жәйында мағлұмат тыңдау
Анықтама енгізу: Пиксель - (ағылшынша picture element - суреттің элементі) растрлы бейненің ең кіші элементі.
Суреттің өлшемін алдын ала қондырудың қажеттелігі туралы қорытынды шығару. Параграф мәтінінен тәжірибелік тапсырманы орындау (әр түрлі қалыптағы сурет салу және сақтау). Редактордың күйге келтіруін жалғастыру:
1. Кескін мен фон түсін қалай таңдаймыз? (2 - түсті таңдау)
2. Палитрада түстің неше түрі бар? Басқа түс керек болса не істеу керек? Түсті өзгерту үшін «изменить палитру» командасын таңдаңдар. Түстің дәл мәнін «Определить цвет» бұйрығы арқылы және матрицалық анықтамадан таңдауға болады. Палитра негізгі үш түстен тұрады: қызыл, жасыл және көк. Сондықтан палитра RGB деп аталады. Түсті рең, жарық, өң беріп анықтауға болады. (0 - 255 аралығында)
3. 255 - қызыл мәнін таңдаңдар. Қөк және жасыл - 0
4. Егер (0, 0, 0), (255, 255, 255) мәнін таңдаса қандай түс шығады?
YI. Сабақты бекіту.
Таңдалған деңгей бойынша тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау.
Электронды оқулықтан графикалық редактор тақырыбына арналған тапсырмалар орындап болған соң, көз жаттығуларын жасау.
Сергіту сәті.
YII. Сабақты қорытындылау
«Адасқан әріптер» ойыны. Сәйкестендіру(сұрақ - жауап)
Суретті салу кезеңдері (есте сақтау). Графикалық редактор терезесіне шолу
Сабақта орындалған тәжірибелік жұмысты бағалау.
YIII. Үй тапсырмасы §15 оқу, оқулықтағы тест сұрақтарына жауап беру.
Толық нұсқасын жүктеу
Суретті ашу, салу, сақтау
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
2024年3月5日523 浏览

#paint графикалық редактор#сурет салу және сақтауды үйрету
推荐阅读
阿斯塔纳一男子因将脚搭在座椅靠背被罚款8.6万坚戈
阿斯塔纳警方对一名28岁男子处以罚款,原因是在足球比赛期间,他脱鞋并将脚搭在前排座椅靠背上。罚款金额为86,000坚戈。
8 分钟前
凯拉特·克利姆别托夫辞去Freedom Holding Corp董事会职务
前哈萨克斯坦央行行长凯拉特·克利姆别托夫于7月8日辞去Freedom Holding Corp董事职务,公司称辞职无关分歧。他2024年6月加入董事会,离职后董事人数从7人降至6人。克利姆别托夫在2013-2015年任央行行长期间坚戈经历两轮贬值,后转向浮动汇率;此后担任阿斯塔纳国际金融中心负责人至2023年。他还曾任副总理、经济发展部长及萨姆鲁克-卡泽纳基金负责人。
8 分钟前
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
28 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

