Ашық сабақ Т. Молдағалиев «Бауырлар»
Әдебиет 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бауырлар.
Мақсаты: а) Оқушыларға тақырыпты ашу, талдау түсіндіру. Рухани ойлау сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Б) Өз махаббаттарын күллі тіршілікке, болмысқа бағыттай алудың мән - мағынасын түсіндіру. Жаныңда жүрген адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Отанға, елге, жерге.
В) Табиғатқа деген сезімін ояту. Өзін - өзгені сыйлай, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, талдау, (сөздікпен жұмыс), жеке тапсырмаларды орындау.
Көрнекіліктер: Мақал - мәтел өмірі, өлеңдері, кітаптары.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Өткенді пысықтау.
3. Жаңа сабақ.
4. Қорытынды.
5. Үйге тапсырма.
6. Бағалау.
Пән аралық байланыс: Тарих, География, Биология, әдеп.
Картамен жұмыс: Алматы, Қазақстан республикасы..
Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Белсене қатысуға баулу. Сыныпта кім кезекші? Кім бар жоғын тексеру.
Үй жұмысын тексеру: С. Жүнісов «Ақырғы бәйге»
1. С. Жүнісов өмірбаяны туралы не білесің?
2. Оқиға қандай өңірде жерде кімнің асын беру тойы өтіп жатыр?
3. Мынау пырақ екен *деген сыншыл қарсы кім?
4. Ат үстінде неше түрлі өнер көрсеткен кім еді? Асқа жиналғандарға не деп жар салды?
5. Мөңкеге Ақан не деп кеңес берді? Неше жүз жылқы бәйгеге қосылды?
6. Құлагердің қос жауы кімдер еді?
7. Ақырғы бәйге жоспар ір бөлімге?
8. Құлагердің мертіккен кездегі трагедиялық жан күйін ақын қалай суреттеген?
9. Ақан рөлін кім сондайды көрсетіп көрші?
Жаңа сабақ:
Өмірі мен шығармашылығы:
Т. Молдағалиев 1935 ж Алматы облысы, Жерсу деп аталатын ауылда дүниеге келген. Тұманбай поэзиясымен туған елге, туған жерге, Отанға ата мен анаға, дос құрбыға деген сөнбес махаббат сезімін оқырмандардың жүрегіне ұялатып келеді.
Қызметі: Сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы.
ҚазМҰУ - дың филология факультетін бітірді.
1959 - 1970 «Пионер» журналында қызмет атқарады.
1970 - 1973 «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды.
1973 ж «Жазушы», «Жалын» журналының бас редакторы болып істеді.
1992 ж Физули атындағы халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды.
Қазір «Балдырған» журналының бас редакторы.
Шығармашылығы: Өлең, поэмалары 40 - тан астам жинақ болып басылып шықты.
1954 ж тұңғыш өлеңі «Украина қызына» жарияланды.
Кітаптары: «Ескерткіш»1962 ж
«Шақырады жаз мені» «Жүрек ояу қашанда»
Әнге жазылған өлеңдері:
«Құстар қайтып барады» «Бақыт құшағында»
«Әнім сен едің» «Шақырады көктем»
Қауқылдасып қалдық - ау, есендесіп
Таңнан тағы тербетті шешем бесік
Қарсы алуға дайын тұр бауырларың
Өз жеріңе бәріңе де келсең көшіп.
Мәтінмен жұмыс:
А) мазмұндау в) әр оқушы өлеңді мәнерлеп оқып жеке - жеке талдау.
Б) өз ойларын дәлелдеп айту
Ән: Құстар қайтып барады: Рая, Айсұлу, Гулмира, Гүлсайран.
Мазмұны: Осы өлеңде ақын ағамыз ТұманбайМолдағалиев Қазақ жерінің кең байтакқ алқап екенін, кең пейілділігін береке - бірлікке тартуын жан - жақтағы шашылған тарыдай қазақ баласына құшағын айқара ашқан жұдырықтай жүрегінің ақ пәктігін көреміз. Өз отанымыз бай еліміз кең байтақ жеріміз бар ел басымыз бар келем деген жан баласына есігіміз жеріміз төріміз бәрі ашық деген ойда айтылған. Сонау ел - елде жерде жүрген қазақ баласы ешқашан тілек дейін салт - дәстүрін ұмытпаған. Көзінің қарашығындай сақтап келгендігі сөзсіз.
Қорытынды: Сабағымызды мақал - мәтелдермен қорытындылаймыз.
1. Кісі елінде сұлтан болғанша
Өзі еліңде ұлтан бол
2. Басшысы жоқ ел жетім
Елі жоқ жер жетім
3 Ағасы бардың жағасы бар
Інісі бардың тынысы бар
4. Жері байдың елі бар.
5. Бірлік болмай тірлік жоқ
6. Көз қорқақ, қол батыр
7. Кең болсаң, кем болмайсың.
Сонымен бүгінгі тақырып ұнады ма балалар, түсіндіңдер ме? Өз елімізде бақытты өмір сүрейік елімізді жеріміздің бар екенін мойындап елімізге отанымызға деген сүйіспеншілігіміз оянсын!
Үйге: Жаттап келу.
Бағалау: Тиісті бағасын қоямын.
Т. Молдағалиев «Бауырлар» жүктеу
Т. Молдағалиев «Бауырлар»
Ашық сабақ Т. Молдағалиев «Бауырлар»
2024年3月5日696 浏览
#тұманбай молдағалиев бауырлар өлеңі ашық сабақ#бауырлар сабақ жоспары
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
8 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
28 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
48 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

