Табиғат – біздің анамыз
Мақсаты: табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатпен үндестікті сезіну қабілетін, жағымды қарым - қатынас дағдыларын дамыту. Туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, қимылды ойын, сұрақ - жауап, сөздік жұмыс, қорытынды.
Сөздік жұмыс: Табиғат, құстар, балықтар.
Билингвальды компонент: Табиғат - природа, күз - осень.
Көрнекілігі: суреттер, гүлдер, құстар, балықтар, табиғат көрінісі.
Балалар шаттық шеңберге тұрып, сәлемдесу рәсімін орындайды.
Күлімде күн күлімде!
Табиғат – біздің анамыз!
Күлсін барлық бала шат,
Табиғатқа барамыз.
Достығымыз жарасқан,
Біз әдепті баламыз!
Балалар бір - біріне жылы тілектерін арнап, жүрек жылуын ұшырады.
Тәрбиеші: - Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: - Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
- Күн қандай болады?
Балалар: Күн салқын болады, жаңбыр жауады, жел соғады. Адамдар жылы киімдерін киеді.
Тәрбиеші: - Иә, балалар, оның бәрі табиғат құбылысына жатады.
- Балалар, бүгін біздер табиғат туралы, бізді қоршаған орта туралы айтамыз.
Тәрбиеші балаларға сурет көрсетіп, суретте не бейнеленгенін сұрайды.
Тәрбиеші: - Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар: - Суретте аспан, жер, жануарлар, күн, құс, ағаштар, өсімдіктер, су, көбелектер т. б.
- Иә, балалар, Табиғат - бізді қоршаған орта.
Күннің көзіне жылынамыз, күн біздің өмірімізге керек. Өсімдіктер күннің көзіне өседі. Суды ішеміз. Су балықтар үшін қажет. Балық сусыз өмір сүре алмайды. Жерді басып жүреміз. Жерде ағаштар, өсімдіктер, гүлдер өседі. Жануарлар орманда тіршілік етеді. Ауамен дем аламыз. Құстар аспанда қалықтап ұшады. Осының бәрі қоршаған ортаның көркі.
Тәрбиеші балаларға табиғатқа арнаған өздерінің тақпақтарын айтуды ұсынады.
Кәусар:
Жауды жаңбыр, ән жаңбыр,
Шөлін басты орман, қыр.
Ал, балалар, өздерін,
Қолшатырмен қорғап жүр.
Дамир:
Қайың, терек басынан,
Сарғыш тартып жапырақ,
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрсе тек қалтырап.
Айару:
Шыр, шыр еткен торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Балалар тыйым сөздер айтады:
Сұлу: Құстың ұясын бұзба.
Айнұр: Суды төкпе.
Ақнұр: Суға түкірме.
Нұрлы: Құсты таспен атпа.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
1. Жұрттың бәрі сүйеді,
Бірақ қарай алмайды. Күн
2. Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. Су.
3. Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса өледі. Балық.
Сергіту сәті:
Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтекесі бұлтиып,
Шық - шық - деп отырмақ.
Есік қағылып ішке қарға ұшып келеді. Балалармен амандасады.
- Сәлеметсіздер ме?
- Сәлеметсіз бе, қарға!
Тәрбиеші: - Қарға, қайдан ұшып келе жатырсыз?
Қарға: - мен осы балабақшаның айналасында ұшып - қонып жүремін. ағаштарға ұя саламын. Ал, қыста осы жақта қыстап қаламын.
Балалар, мен ұшып келе жатып, жерден мына жылтыраған қорапшаны тауып алдым. Ішінде не бар екен, бірге ашып қараймыз ба?
- Балық.
- Балық қайда тіршілік етеді?
- Суда тіршілік етеді.
Тәрбиеші балаларды бір - бірлеп шақырады.
Балалар қорапшадан алған суреттің атын атап, қайда өмір сүретінін айтып, тақтадағы суретке жапсырады.
«Мысық пен торғай» қимылдық ойын. Балалар қарғамен бірге ойынды ойнайды.
Қарға: - Балалар, сендер өте білгір, алғыр екенсіңдер. Шапшаң әрі тез қимылдайды екенсіңдер. Ал, енді мен кетейін. Сау болыңыздар!
Қарға балалармен қоштасады.
Тренинг: «Тілек тілеу».
Тілек тілеу арқылы күннің шуағын орнына қойып, күнді құрастырады.
- Күн ашық болсын!
- Жер көгерсін!
- Табиғатымыз көркейе берсін!
- Ата - анамыз аман болсын!
- Балабақшамыз көркейе берсін!
- Еліміз тыныш болсын!
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар, қараңдаршы біздер нені құрастырдық.
- Күн.
- Балалар, туған жердің табиғатын қорғауымыз үшін не істеуіміз керек?
Балалар:- Ағаштарды сындырмау керек.
Өсіп тұрған гүлдерді жұлмау керек.
Құстарды таспен атуға, суды ластауға болмайды.
Табиғатты қорғауымыз керек.
Қорытындылау:
Бізді қоршап тұрғанның бәрі керемет жаратылыс, табиғат екенін білдік.
Табиғаттың тіршілік иелеріне берері мол екенін түсіндік.
Ал, ең бастысы, табиғат – ана бізге күш қуат пен денсаулық беретінін білдік.
Табиғат бізді мейірімділікке, төзімділікке, үйлесімділікке үйрететініне көзімізді жеткіздік.
Тас төбеден қара бұлтты төндірмей,
Жер ананың байлығы мол, тең бірдей.
Осы байлық баршамызға жетеді,
Пайдалансақ табиғатты бүлдірмей деп, ашық оқу іс – әрекетімізді аяқтаймыз.
Атырау қаласы,
№25 «Еркемай» балабақшасы
Мажиева Динара Бауыржанқызы
Табиғат – біздің анамыз
Табиғат – біздің анамыз
2024年3月5日764 浏览

#табиғатты қорғау#балабақшаға арналған#табиғатты аялау#табиғат біздің анамыз
推荐阅读
库斯塔奈警察为天鹅一家拦车让路,善举感动网友
库斯塔奈州警察局巡逻警员阿里·叶尔乌兰和同事艾达尔别克·阿尔塞托夫在执行任务时,发现天鹅一家带着幼鸟在繁忙公路旁无法安全过马路,于是临时封路,护送它们顺利通过。这一暖心举动被拍下上传网络,感动大量网友。警员已在警队工作七年,表示这是第一次遇到如此特殊的任务,但能保护生命很值得。网友们纷纷为警员的善举点赞。
17 分钟前
扎列玛·哈米杜林娜:“纳乌鲁兹和梅拉姆古丽有何快乐?他们的生命以特别残忍的方式结束”
阿特劳州法院判处杀害妻子亲属的苏丹·萨尔谢马利耶夫终身监禁。法官扎列玛·哈米杜林娜在宣判后发表动情讲话,质问纳乌鲁兹和梅拉姆古丽又享过什么福,指出他们身患残疾,生命以特别残忍的方式结束,未留下后代,所有梦想被犯罪打断,并拒绝被告母亲‘我儿子没享过福’的开脱理由。法官还强调,法院不认为这一理由可以成为开脱情节。
17 分钟前
7月15日哈萨克斯坦部分地区将遭遇强风高温天气
哈萨克斯坦水文气象局7月15日发布风暴预警:强风(部分地区达25-28米/秒)、40°C高温、雷暴、冰雹、沙尘暴等强对流天气。火灾风险极高或高。涉及阿克托别、阿特劳、西哈萨克斯坦州、阿克莫拉、卡拉干达、库斯塔奈、克孜勒奥尔达、江布尔、突厥斯坦、阿拉木图、杰特苏、阿拜、东哈萨克斯坦州、乌雷套、北哈萨克斯坦州、巴甫洛达尔及阿斯塔纳等地区。
17 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

