Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен үндескен сыбызғы.
Сабақтың мақсаты:Музыкалық аспаптар туралы білімдерін толықтыру.
Білім беру міндеттері: Әр баланы бірге жұмыс істетуге үйретіп, бейімдеу.
Тәрбиелік міндеттері: Оқушыларды халықтың музыкалық аспаптарын құрметтеуге,
қадірлеуге, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеттері: аспаптардың тарихымен таныстыру арқылы музыкалық
сауаттылығын арттыру, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ..
Көрнекілігі: Сазсырнай аспабының көркем суреттері.
Пән аралық байланыс: Музыка әдебиеті, музыка теориясы, математика.
Қолданылатын әдебиеттер: «Музыка әлемінде» журналы.
Үйге тапсырма: Табиғатпен үндескен сыбызғы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Үй тапсырмасы
Саз әлемін тербетер,
Ойыңды да сергітер.
домбыраға ұқсайтын,
қызық аспап - шертер деп үйге берілген сабақты сұраймын. Шертер – қазақтың ішекті аспаптарының бірі. Үш немесе төрт ішегі болады. Құрылысы жағынан домбыраға ұқсас. Шертер аты айтып тұрғандай шертіп ойналады.
Тембр (дыбыс бояуы) арқылы әр аспаптың дыбысының алуан түрлілігін естіп білеміз. Бояулардың әртүрлі болатыны сияқты, дыбыс та әртүрлі болады. Дыбыс бояуы тембр деп аталады. Енді осы шертер аспабының орындауында халық күйі «Салкүрең» күйін тыңдалған күйлердің ішінен айырып алайық.. Білімдерін бағалап, жұмбақ шешкіземін. Сазымнан жасалған,
Өрнектеп қашалған.
Сырнайдың үніндей,
Бұлбұлдың біріндей. (Сазсырнай)
Музыкада ішекті, ұрмалы, тілшікті аспаптармен қоса үріп ойнайтын үрмелі аспаптар да болады. Үрмелі аспаптар ағаштан, саздан, темірден жасалады. Мына суреттерде үрмелі аспаптар берілген.
1. Сазсырнай.
2. Үскірік.
3. Тастауық.
4 Сыбызғы.
Осылардың ішінен бүгін танысатындарың сазсырнай. Саздан жасалады. Алдыңғы жағынан әдемілікке қазақша ою - өрнек салынған. 4 - 5 тесігі болады. Сол тесіктерді басу арқылы әдемі сазды музыкалар шығарамыз.
Сыбызғы да үріп ойнайтын аспаптарға жатады. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады. 3 - 4 ойығы бар. Қамыс, қурай. Ағаштан.
Түтікше боп ысылған.
Үрмелі, ойықты,
Дыбысы нәзік сызылған.
Сыбызғы аспабында ойналатын күйлер шығарған атақты күйші – Сармалай. Ол Орал жерінде туған. Сармалайдың күйлерінде адам мен табиғат, жануарлар өте әсем бейнеленген. Сармалайдың күйі «Наридірген» Ботасынан айрылғанда түйенің дауысын естиді деп елестету арқылы күйді тыңдату. Үскірік те сазсырнайға ұқсайды, ал тастауық аты айтып тұрғандай тауыққа ұқсайды. Оны да үріп ойнаймыз.
«Ақтайлақ» әнін қайталап, сабақты қорытындылап, бекітіп, үйге тапсырма беріледі.
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен үндескен сыбызғы.
2024年3月5日775 浏览

#сыбызғы#музыкадан сабақ жоспары#табиғатпен үндескен
推荐阅读
阿斯塔纳一在建建筑发生火灾 消防员正在扑救
阿斯塔纳耶西尔区一在建四层建筑屋顶发生火灾,位于Е-871街道,过火面积150平方米。紧急情况部消防员到场扑救,火灾已完全扑灭,无人员伤亡。
17 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
17 分钟前
凯拉特·克利姆别托夫辞去Freedom Holding Corp董事会职务
前哈萨克斯坦央行行长凯拉特·克利姆别托夫于7月8日辞去Freedom Holding Corp董事职务,公司称辞职无关分歧。他2024年6月加入董事会,离职后董事人数从7人降至6人。克利姆别托夫在2013-2015年任央行行长期间坚戈经历两轮贬值,后转向浮动汇率;此后担任阿斯塔纳国际金融中心负责人至2023年。他还曾任副总理、经济发展部长及萨姆鲁克-卡泽纳基金负责人。
37 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

