Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Мақсаты: 1. Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл - ой өрісін жан - жақты дамыту, логикалық ойлауын, шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіру.
2. Оқушыларды ана тілін сүюге, адамгершілік ізгі қасиеттер қалыптастыру, тереңнен ой толғауға үйрету.
3. Топпен бірлесіп ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, шығармашылық ізденістерге баулу.
Сайыстың жүру барысы:
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру.
2. Бәйге жарыс
3. Сөзжасам
4.»Кім көп біледі?» Ана тілі
5. «Кім жылдам?» математикалық сайыс
6. Ұшқыр ой сайысы «Дүниетану»
7. Балғын балалық шақ.
Сайысқа қатысатын топ атаулары: «Алғырлар», «Тапқырлар»
1 - жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Білімменен сусындатқан біздерді.
2 - жүргізуші: Армысыздар, оқушылар, балғындар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
2 - ші сынып оқушыларын қарсы алыңдар
1 - жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді саралап, өнерімізді ортаға салмақпыз.
1 - жүргізуші: Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
2 - жүргізуші: Олай болса, 2 - ші сыныптар арасында «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты сайысымызды бастаймыз.
1 - жүргізуші: Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділ - қазы бағасына жүгінейік.
Сайысқа баға беріп, сөз айтатын,
Қазыларға төрден орын берейік.
Әділ қазылар алқасын төрге шақырамыз: Бибігүл апай, Малика апай, Айжарқын апай.
2 - жүргізуші: Алғашқы кезегіміз таныстыру,
Топтарды бір - бірімен табыстыру.
Айдар таққан атауларын қорғайтындай
Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру.
Топтар өзара кезегін анықтайды.
«Алғырлар» Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар,
Білімді санасына тоқушылар.
Білімімен, өнерлерін ортаға сап,
Шықты міне, Алғырлар атты сайысшылар.
Топ атын алғыр қойған алғырлармыз,
Шетімізден білімді балғындармыз.
Топ жарып, алға шығып озып жатсақ,
Бұл қалай болды екен деп таң қалмаңыз.
Біздің топ ұраны: Нақты жауап, саналы шешім береміз,
Ұшқыр ой мен білімімізге сенеміз!
«Тапқырлар» Топ атауы ойы жүйрік тапқырлар,
Жарыс көрсе күш - қуаты жалындар.
Логикалық тапсырмалар шешуде,
Алдыңғы топ қатарынан табылған.
Біздің топ ұраны: Тапқыр болу - ізгі арман, мұратымыз,
Талмасын әрдайым да қанатымыз!
2 - кезең: «Бәйге» жарысы:
1 - жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда.
Келесі кезекті Бәйге жарысқа берейік:
1. Жыл мезгілдерін ата?
2. 1 жылда неше ай бар? Екі жылда ше?
3. 1 аптада неше тәулік бар?
4. 1 тәулікте неше сағат бар?
5. 1 сағатта неше минут бар?
6. Ж. Жабаев қанша жыл өмір сүрген.?
7. Жұмбақ: Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара (Жыл, ай, күн мен түн)
8. 5 жыл бұрын Айжан 3 жаста болды. Қазір жасы нешеде?
1 - жүргізуші: Сөзжасам бұл әркімге ой салады,
Сөз тізбегін құрамын деп толғанады.
Сөзден - сөз шығаруға жетік болсаң,
Сөзжасам кезегі енді басталады.
3 - кезең: «Сөзжасам; Балдырған, Жауқазын
2 - жүргізуші: Жылдар - жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелсең жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат – сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен ертеңі,
Ана тілі пәнінен сараптаймыз
Сұрақтар мен тапсырмалар тізбегін.
4 - кезең: «Кім көп біледі?» Ана тілі пәні
1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген кім? Кел, балалар, оқылық! Өлеңін жатқа айт:
2. Күн шыққанда өлеңінің авторы кім? Өлеңді жатқа айт
3. Абай Құнанбаев кім? Туған жерін ата?
4. Абай өлеңдерін еске түсір
- Күз
- Ғылым таппай мақтанба
5. Ертегі түрлерін ата?
5 - кезең: Математикалық сайыс:
1 - жүргізуші: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін математикаға берелік.
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың енді жауаптарын көрелік!
«Кім жылдам?» ойыны:
15 - 10 ж ------- 19 - 10 р ----------- 17+3с ---------- 15+15 т
10+6 й ---------- 20 - 6 а ------------ 20+5ә ----------- 20+20 л
12+2 а ---------- 19+2 ы ------------- 35+2 і ----------- 30+7 і
27 - 7 с ---------- 23+3 ң ------------ 40 - 10т --------- 70 - 20 к
5 14 9 14 16 20 21 26
Ж а р а й с ы ң
20 25 30 30 37 40 37 50
с ---ә ---т- -т --і –л-- і --к
1. Мен бір сан ойладым, оған 30 - ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?
2. 1 дм неше см бар?
3. Ең үлкен бір таңбалы сан, ең кіші екі таңбалы сан, ең кіші үш таңбалы санды ата?
4. 10 ондық неше бірлік?
5. 3 онд. 8 бірл. 9 онд, 5 бірл 6 онд. о бірл 8 онд. 7 бірл
Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (5қаз)
6 аламаның 2 - ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
Табақта 7 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (12алма)
6 - кезең:
2 - жүргізуші: Халқымыз шешендігімен танылады,
Жүйрік тіл, ойлы сөзі мағыналы.
Шешен тіл, мақал сөзбен сөз бастаса,
Көпшілік басын изеп бағынады.
Мақал сайысы:
7 кезең:
1 - жүргізуші: Айналадағы дүниенің
Тылсымы көп ғажайып,
Қызықтырған әлемге
Кәне назар салайық!
1. Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)
2. Құлағы үлкен жануар? (піл)
3. Ағаш тазалайтын орман дәрігері (тоқылдақ)
4. Шөлге шыдамды жануар? (түйе)
5. Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын көл - шалшықта
Бірін – бірі мақұлдап,
Бірін – бірі жақтайды? (бақа)
6. Мойыны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы? (аққу)
8 - кезең: «Балғын балалық шақ» Өз шығармашылықтарын қорғау.
2 - жүргізуші: Сайыстың ақыры да таяп қалды,
Топтағы өрендер де шаршап қалды.
Сайыстың қорытындысын білу үшін,
Қазыларға сөз кезегін ұсынады.
1 - жүргізуші: Жарайсыңдар барлығың да өренім,
Асып - тасып төгілді ғой кемелің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер.
2 - жүргізуші: Қош болыңдар, тыңдаушылар, көрермен,
Шықтық - ау деп ойлап тұрмыз көңілден.
Сайысымыз аяқталды бүгінгі,
Өрелі ой, жұмбақ сөзден өрілген.
Қош сау болыңыздар!
Тапқыр болсаң,тауып көр
Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
2024年3月5日870 浏览

#математика#ашық сабақ#тәрбие сағаты#бастауыш сынып#сайыс сабақ#зияткерлік сайыс#интелектуалдық ойын сценарийі
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
12 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
32 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
52 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

