Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен № 6 орта мектептің
Математика пәні мұғалімі
Бальмагамбетова Аймикен
Сыныптан тыс сабақ:
«Тапқыр достар»
(Сыныптар арасында)
Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу. Дәлдікке ұқыптылыққа пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Ойын барысы:
Оқушылар екі топқа бөлінуі «Алғыр» «Тапқыр»
1. Ойын шарттарымен таныстыру:
І бөлім: «Бәйге»
ІІ бөлім: «Бұл не? Бұл кім?»
ІІІ бөлім: «Логикалық есептер»
ІV бөлім: «Суреттер сайысы»
V бөлім: «Ойлан тап»
І бөлім: «Бәйге» ойыны, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай, тез шапшаң жауап беру керек.
«Алғыр» тобы:
1. Бұрышты тең екі бөліктік сәуле (биссектриса)
2. Синустың косинусқа қатысы (тангенс)
3. Шеңберден бір ғана ортақ нүктесі бар түзеу (жанама)
4. Жазықтықтағы күндей түзеулер ешқашан қиылыспайды (ІІ)
5. Негізгі тригонометриялық тепе – теңдік (sin ²⁺cos²х - 1)
6. 9 - дың квадратынан 9 – ды азайт (81 - 9=72)
7. Квадрат теңдеудің жалпы түрі (ax ²+bx+c=0)
8. Вектор дегеніміз не? (Бағытталған кесінді)
9. Тригонометриялық функцияларының қайсысы жұп? (cos)
10. Кез – келген үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180)
11. Түзуге қатысты симметрия (осьтік симметрия)
12. Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласы (an=a ₁+01(n - 1))
13. Қандай векторлар тең болады? (бағыттас)
14. Тәуліктің төрттен бір бөлігі (6 сағат)
15. 225 нешенің квадраты (15)
«Тапқыр» тобы:
1. Дәптерге із қалдыратын зат (қалам)
2. Косинустың синусқа қатысы (сғу)
3. Уш кесіндіден құралған фигура (ұшбұрыш)
4. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
5. Параметрлердің үш өлшемі (биіктігі, ұзындығы, ені)
6. Төрттен үшке кері сан (үштен төрт)
7. 121 нешенің квадраты (11)
8. Қарама – қарсы вектор дегеніміз не? (бағыттары)
9. Виет теоремасы қай теңдеуде қолданады? ( келтірілген квадрат теңдеу)
10. Кез - келген төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
11. Нүктеге қиысты симметрия (цетрлік симметрия)
12. Геометриялық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласы (bn=b ₁y ⁿ ⁻ ¹)
13. Ең кіші натурал сан (1)
14. 7 жай сан ба, құрама сан ба? (жай)
15. 6- ның квадратынан 6- ны азайт (6 ²- 6=36 - 6=30)
ІІ бөлім: «Бұл не? Бұл кім?» (10)
1. «Бұл сондай бір нәрсе, әуелі біреуінде білмейсің, білгің келсе, ізден тауып алуға болады. Кейде есептер тек санның көмегімен шығарылады. Олардың жапырақтары мен сабақтары барма екенін білмеймін, ал түбірі бар. Кейде жоқ болуы да мүмкін. Екінші сыныпта олар жай, бесінші сыныпта күрделі, ал оныншы сыныпта тригонометриялық деп аталады. Бұл не? (теңдеу)
2. Бұл зат барлық оқушыларға қажет зат деп айта алмаймын. Бірақ кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп аналарына айтып алғызады. Ал жоғары сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бірдеңені тауып алу үшін қолданады. Бұл не? (калькулятор)
3. Бұл зат әр үйде кездеседі. Біреулер оны қабырғаға іліп, енді біреулер үстел үстіне шыны астына қояды, ол зат тіпті сенің кітап – дәптеріңнің арасында да жатуы мүмкін. Ондағы мағлұмат бір жолға, бір бағанға тізбек түрінде жазылған. Оның жылдың соңында немесе басында қажет. Бұл не? ( күнделік)
4. Бұл – басы да, ұшы да жоқ, бір әдемі қызық фигура. Бұл фигура барлық жерде қолданылады: тұрмыста, техникада, жерде, қанша жүрсең де, бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Оны катерлерде, үлкен кемелерде кездестіруге болады. Онда ол «құтқарушы» деп аталады. Бұл не? (дөңгелек).
ІІІ бөлім: Логикалық есептер: (10 ұпай)
1. Екі бөлмеде 76 адам болған, олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны болды. Алғашқы әр бөлмеде неше адам болған? Жауабы: 33 адам және 43 адам.
2. Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: 1 тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса тырналар тобында барлығы неше тырна ұшып барады? (120)
3. Жанұяда 4 ұл, және әр ұлдың бір анасы бар. Жанұяда неше бала бар? (5)
4. 2 оқушы тығыз құмалақты 4 сағат ойнады. Әр қайсысы неше сағат ойнатады? (4)
5. 5 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 10 жұмыртқа неше минутта піседі? (4)
6. Қосарланып жегілген ат – арбамен Сымбат 8 минут жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (8)
7. Кенеттен клиенттің көгілдір түстес 3 тоты құсы 3 кг жемді 3 күнде, жасыл түстес 5 тоты құсы 5 кг жемді 5 күнде, ал сарғыш 7 құс 7 күнде жеп тауысады. Тотылардың ең қомағайы қайсысы? (көгілдір түстісі)
8. Жасы 100 -ге жеткен қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өтіпті, себебі неде? (29 ақпан)
9. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады? (5)
10. Тәрелкеде 4 алма қалатындай етіп, 4 алманы төртеуіне бөлу керек. (төртіншісіне тәрелкені беру керек)
Тапқыр достар
Жаңаөзен № 6 орта мектептің
2024年3月5日507 浏览
#жарыс#ойын сабақ#тапқыр достар#математикалық сайыс сабақ
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
7 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
27 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
47 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

