Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Тақырыбы: Тапқыр достар
Мақсаты: Оқушылардың білімін, жан-жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау. Еңбекке баулу пәні бойынша алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Фотоаппарат, видео камера, интерактивті тақта, шар.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың типі: Ертегі түрінде, сұрақ - жауап, жұмбақ, мақал - мәтел, т. б.
Сабақ барысы:
Жүргізуші: Баяғы өткен заманда «Білім» деген ауылда «Еңбек» атты патша болыпты. Оның сұлу әрі ақылды жалғыз қызы болыпты. Күндердің күнінде оны ұзататында шақ та келеді.
Бір күні патша: Халықты жинаңдар. Менің жарлығымды айтыңдар. Кімде - кім
менің 7 шартымды орындаса патшалығымды және айдай сұлу қызымды беремін.
Сайыс әділ билерді тағайындалсын депті.
Енді сайыс әділ ету үшін сарайдан.
1. Ж. Қалиева
2. А. Кәдірбай
3. Ғ. Жұмахаметова
Әділ билер болып тағайындалсын.
Жүргізуші:
Уа, көрермендер жиналған,
Әр ауылдан келіпті,
Сұлу қызды көруге
Хан тағына мінуге,
Бақ сынасып білуге,
Сайыстырып көрейік
Білімдерін білейік.
Ортаға үш топ шығып таныстырып, әр қайсысы1 - 1 мақалдан айтады.
І. топ: «Зергер» ауылынан келгендер.
ІІ. топ: «Шебер» ауылынан келгендер.
ІІІ. топ: «Өнер» ауылынан келгендер.
Жүргізуші: Олай болса, сайыстың шарттарымен таныстырайын.
1.«Ақыл азбас байлық» (сұрақ-жауап)
2.«Өрнегі көптің ермегі көп» (ою-өрнектің аты беріледі сол оюдың суретін салу)
3.«Оймен қане өсейік.
Ойлы жұмбақ шешейік» (жұмбақ шешу)
4. Күшіңе сенбе, ісіңе сен (Тез арада құрастырып шығару.
5. «Тауып сөйлесең күміссің» (анаграмма шешу)
6. Жүйелі сөз жүйесін табар(сөз құрау)
7. «Білімді мыңды жығар» (мақал - мәтелдің жалғасын тауып орысшаға аудару.)
1. «Ақыл азбас байлық»(сұраққа - жауап)
І - топ.
1. Гүл композициясын құрастыру өнері. (икебана)
2. Сурет, портретті салып, іліп қоятын бұйым. (жақтау)
3. Орындалатын бұйымның сызықтың бейнесі (сызба)
4. Жан - жануардың немесе адамның бейнеленген пішіні(мүсін)
5. Қағазды бүктеу арқылы фигуралар жасау тәсілі (оригами)
ІІ - топ.
1. Жеке бөліктерден құралған туынды(композиция)
2. Ыдыс - аяқ салып қоятын жиһаз(асадал)
3. Мата бетіне түрлі - түсті жіппен тоқылған әшекейлі өрнек (кесте)
4. Қағазды төрт бүктеп қиғандағы өрнек түрі (тұтас өрнек)
5. Әр түрлі пішіндегі көркем бейнелі қатты қағаз (ашық хат)
ІІІ топ.
1. Кесте тігуге арналған түрлі түсті жіптер ( мулине)
2. Қағаз массасынан жасалған қатты нығыз бұйым (папье-маше)
3. Үй бұйымы, мүлік. (жиһаз)
4. Заттарға әдемі жылтыр түс беретін жылтыр сұйықтық. (лак)
5. Әдемілік, сәндік үшін жасалған түрлі түсті әшекей. (шашақ)
2. Өрнегі көптің ермегі көп.
Бұл сайыста шарды жарып ішіндегі оюдың атын оқып, суретін салу.
1. Ботамойын
2. Құс қанаты
3. Қошқар мүйіз
3.«Оймен қане өсейік
Ойлы жұмбақ шешейік» (жұмбақ шешу)
1. Басқаға киін дейді
Ал, өзі киінбеді (ине)
2. Қос құлақты жүзі тісті,
Жүзінен бір із түсті. (ара)
3. Жартысы ағаш,
Жартысы темір. (пышақ)
Жүргізуші:
Бес саусағым, бес өнер
10 саусағым он өнер
Досым болсаң сен егер,
Өнерімді көре бер.
Келесі шарт.
4. Күшіңе сенбе ісіңе сен.
Суретке қарап «қыс» композициясын құрастыру.
5. Тауып сөйлесең күміссің
(анаграмма шешу)
Артық сөзді тауып, қалғанын бір сөзбен қалай айтамыз.
І топ
қайшы (ашқый)
желім(ілжем)
қағаз(ғазақ)
пышақ(шақып)
алмұрт(марлұт)
ІІ топ
айқас (сайқа)
ілмек(мелік)
қиғаш(ағшиқ)
кесте(сетек)
сандық(дықсан)
ІІІ топ
жаңғақ (қағжаң)
бұтақ(табұт)
дәндер(недәрд)
жапырақ(қарапыж)
машина(ашаинм)
6. Жүйелі сөз жүйесін табар(сөз құрау)
Құмырсқа
7. Білімді мыңды жығар
(мақал - мәтелдің жалғасын тауып орысшаға аудару)
1. Қанша жуан болса да,
Жалғыз...үй болмас.
(ағаш - дерево)
2. Өнерлінің қолы алтын
Өлеңшінің...алтын.
(сөзі - слово)
3. Жігітке жеті...де аз,
Жетпіс... көп емес.
(өнер - искуство)
Жүргізуші: Сайысты қорытындылауға әділ билерге сөз береміз.
Әділ билер сөйлейді.
Жүргізуші:
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас
Білгенге маржан, білмеске арзан
Надандар баһра ала алмас»- деп Абай атамыздың сөзімен сабақты аяқтаймын.
Тапқыр достар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
2024年3月5日836 浏览

#технология#ашық сабақ#сайыс сабақ#тапқыр достар
推荐阅读
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
9 分钟前
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
29 分钟前
阿拉木图托米里斯小区发生大火 消防员正在扑救
哈萨克斯坦紧急情况部正在扑灭阿拉木图市阿拉套区托米里斯小区一栋行政大楼的大火,火灾已升级为高级别响应。现场设立行动指挥部,消防员正排查被困人员并破拆屋顶。消防人员兵分两路,一路扑灭主要火点,另一路保护邻近建筑,并从所有可用的露天水源取水确保供水。目前火势已得到控制,暂无人员伤亡报告,消防部门仍在现场处置。
29 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

