«Тапқыр достар» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Бастауыш класс оқушыларында білім негізін қалыптастыру, теория мен практиканы ұштастыра отырып, пәндерге деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын дамыту, ауызша логикалық ойлауға баулу.
Өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу. («Алғырлар», «Зеректер»)
Мұғалім:
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды,
Өнер табам деп келдім.
Үйренген соң білімді,
Сайысамыз деп келдік, - дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер.
ІІ. Екі топтың өздерін таныстыру.
І кезең. «Кім көп біледі?» (әр топқа сұрақтар қою)
І – топ «Алғырлар»
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан).
2. Сөз таптарын ата. (зат есім, сын есім, етістік, т. б.).
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?
4. Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт).
5. Ы. Алтынсарин кім? (Қазақ мектебін ашқан).
6. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең).
7. Тірі табиғатқа не жатады? (адам).
ІІ – топ «Зеректер»
1. Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр).
2. Сөйлем мүшелерін ата. (тұрлаулы, тұрлаусыз).
3. Сын есім дегеніміз не?
4. Өлі табиғатқа не жатады? (тау, тас, т. б.).
5. Абай Құнанбаев кім? (ақын).
6. Табиғат деген не? (айналаны қоршап тұрған дүние).
7. Түбір дегеніміз не? (сөздің одан әрі бөлшектеуге келмейтін бөлігі).
ІІ – кезең.«Кім жылдам?». Әріптер таратылады. Сол әріптерге байланысты сұрақтарға жауап беру қажет.
І – топ «Алғырлар»
1. Ертегі оқисың ба?
2. Сумкаңда не бар?
3. Бөлме қандай?
4. Досың кім?
5. Анаңа еркелейсің бе?
6. Сабағың жақсы ма?
7. Аспанда не бар?
ІІ – топ «Зеректер»
1. Жасың нешеде?
2. Алма берсе жейсің бе?
3. Нені жақсы көресің?
4. Түнде түс көрдің бе?
5. Кімге сәлем жолдайсың?
6. Күн түнде бола ма?
7. Әріп пен дыбыс бір ме?
ІІІ – кезең. Сөз құрау. «Жолдастар» сөзінен бірнеше сөз құрау.
ІV – кезең. «Сен білесің бе?» Сегіз ұяшық қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың артында сұрақтар бар.
І – топ «Алғырлар»
1. Ауданның өлшем бірліктері? (кв. см; кв. дм; кв. м;)
2. Қазақ халқының қолөнерлерін ата? (киіз үй, текемет, шаңырақ т. б.)
3. Айтыстың түрлерін ата: (қыз бен жігіт, жұмбақ айтыс, ақындар айтысы)
4. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата: (домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай т. б.)
ІІ – топ «Зеректер»
1. Ұзындықтың өлшем бірліктері? (км; м; дм; см; мм;)
2. Біржылдық өсімдіктерге нелер жатады? (бидай, күріш, жүгері, тары, арпа, қызанақ, қияр, асқабақ, қарбыз, баклажан т. б.)
3. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата? (ертегілер, аңыз - әңгімелер, жұмбақтар, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштар т. б.)
4. Көктемгі жұмысқа қажетті еңбек құралдарын ата? (күрек, кетпен, тырма, сыпырғыш, шелек, қалақ, сенек, соқа т. б.)
V – кезең. Үй жұмысы. Үйден дайындап келген сұрақтары бойынша білімдерін байқау. Бір - біріне сұрақтар қою. (сұрақтар, жұмбақтар).
VІ – кезең. «Кім тапқыр?» (сурет арқылы қимыл жасау).
Қорытынды:
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
«Тапқыр достар» сайысы аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
«Алғырлар» тобы ұпай.
«Зеректер» тобы ұпай.
Тапқыр достар
«Тапқыр достар» интеллектуалды ойыны
2024年3月5日576 浏览

#тапқыр достар#бастауыш сыныптарына арналған интеллектуалды сайыс#зияткерлік сайыс бастауыштарға
推荐阅读
齐达内将执教法国队,接替德尚
据转会专家罗马诺透露,传奇球星齐达内将接替德尚成为法国队新主帅。德尚在2026世界杯半决赛输给西班牙后离任,结束自2012年起的执教。齐达内曾率皇马连续三年夺得欧冠,自2021年离任后一直赋闲。他上一次为法国队出场是2006年世界杯决赛,头撞马特拉齐被罚下。官方声明将在法国队最后一场比赛后发布。
11 分钟前
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
11 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
31 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

