Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік - ел бақыты»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында еліне, жеріне, ұлтына деген
патриоттық сезімін қалыптастыру.
Міндеттері: топ жұмыстарына белсене араласу тапсырмаларын бұлжытпай
орындау
топтық жұмыс бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды
шығарады.
Сабақтың көрнекілігі: 1) интерактивті тақта, цитата жазылған плакаттар,
шарлар, гүлдер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
( Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, класс тазалығын тексеру, оқушылардың
назарын сабаққа аударту).
Сыныпты үш топқа бөлу:
1 - топ - «Елтаңба»
2 - топ - «Ата Заң»
3 - топ - «Ту»
Құрметті Ұстаздар, қымбатты оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың туы болшы келе берер! - деп, барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, құшақтарыңызға зор қуаныш, еңбектеріңізге мол табыс тілейміз.
Бақыт, тірлік – күн талабы,
Тоқтамайды шаттық әні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам Әнұраным
Хор: Әнұран.
Яғни, бүгін біз тәрбие сағатымызды жарыс түрінде өткіземіз. Алдымен оқушыларды 3 топқа бөлеміз:
1 - топ - «Елтаңба»
2 - топ - «Ата Заң»
3 - топ - «Ту»
Енді жарыс болғаннан кейін жеңімпаздар анықталуы керек. Әділқазылық жасау үшін ұстаздарымызды ортаға шақырамыз. Олай болса, әділқазы мүшелерін таныстырып өтейін:
1. Смағұлова Рая апай
2. Омарова Жібек апай
3. Құрманова Гүлмира апай
Жалпы біздің кешіміз 4 кезеңнен тұрады.
1) Таныстыру.
2) 2) Сұрақ – жауап
3) Өз өнерін көрсету.
4) 4) «Жалғасын тап...» ойыны.
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,
Қазағым сен қашан да тұғырдасың - деп кезекті сайыскерлерге береміз.
Топ басшылары:
«Елтаңба» тобы – Амангелдиева Еркежан.
«Ата Заң» тобы – Ғабдолла әсем.
«Ту» тобы – Әбдірахманова Бейбінұр
Олар өз эмблемаларын таныстырып шығады.
ІІ кезең. «Сұрақ – жауап»
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
«Елтаңба» тобы: 1. Отаның қалай аталады? (Қазақстан)
2. Ата заңдарың бар ма? Ол қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
3. Мемлекетіңнің астанасы қалай аталады? (Астана)
4. Тудың авторы кім? (Ш. Ниязбеков)
5. Ұлттық валютамыз қалай аталады? (Теңге)
«Ата Заң» тобы: 1. Қ. Р. Тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
2. Ол қай жылы ғарышқа ұшты? (1991 жылы 2 қазанда)
3. Қ. Р Мемлекеттік рәміздерін ата: (Ту, Елтаңба, Әнұран)
4. Мемлекетіңнің президенті кім? (Н. Назарбаев)
5. Отан қорғаушылар күні: (7 мамыр)
«Ту» тобы: 1. Бәйтерек мұнарасы қай қалада орналасқан? (Астана)
2. Әнұранның музыкасын және сөзін жазған кім? (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов Н. Назарбаев)
3. Қазақстандағы ең үлкен мұз айдыны қалай аталады? (Медеу мұз айдыны)
4. Сен тұратын облыс қалай аталады? (Ақтөбе)
5. Қ. Р. Мемлекеттік рәміздер күні: (4 маусым)
Ән: «Туған жер». Орындайтындар: Қожелі Қ, Батырбаев Қ, Тарған Д, Имашева А, Амангелдиева Е, Оспанов А.
Ендігі кезекті оқушылардың тақпақтарына берейік:
1 - оқушы: Әлім Абатай
2 - оқушы: Арман Ақсамал
....
ІІІ кезең. «Өз өнерін көрсету»
«Елтаңба» тобы – би
«Ата Заң» тобы – би
«Ту» тобы – ән
Топырағыммен тамырласып кіндігім,
Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін.
Нығайтамын елдігімнің тұғырын,
Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін, - дей келе
ІV кезең «Жалғасын тап...» ойынына береміз.
Ендігі кезекті әділқазы мүшелеріне береміз. (Шығып сөйлеп, жеңімпаз анықталады).
Төле би өз сөзінде былай деген екен:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса жер жетім, басшысы болмаса ел жетім
Көсіле шабар жерің бар.
Ту көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар
Атадан қалған сара жолың бар.
Құрметті Ұстаздар, оқушылар. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз.
Хор: «Қазақстан»
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Тәуелсіздік - ел бақыты
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік - ел бақыты»
2024年3月5日819 浏览

#әнұран#ту#тәрбие сағаты#бастауыш сынып#рәміздер туралы#тәуелсіздік ел бақыты
推荐阅读
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
24 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
24 分钟前
美元在哈萨克斯坦飙升后暴跌
据infohub.kz报道,美元在哈萨克斯坦交易市场和兑换点近期飙升后暴跌。在哈萨克斯坦证券交易所(KASE)交易结束时,美元汇率下跌7.45坚戈至468.88坚戈,兑换点售价467-475坚戈。此前美元曾上涨9坚戈。本文由infohub.kz提供。了解最新汇率动态,请关注infohub.kz获取更多信息。
44 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

