Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Тазалықтың досы» А. Меңжанова (жаттау)
Мақсаты: Б. м: Балалардың жеке басының күтіміне көңіл бөлу, күн тәртібіне үйреніп дағдылану, тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету. Д. м: Сөздік қорларын
байытып өз ойларын толық әрі мәнерлі етіп жеткізуге тәрбиелеу. Дені сау, шымыр болып өсуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Айна, тарақ, орамал, сабын, тазалық
Қостілдік компонент: Айна – зеркало, тарақ – расческа, сүлгі – полотенце, сабын
Керекті құралдар: тақырыптық суреттер, заттар (сабын, тарақ, орамал, айна)
Мотивациялық оятушылық. Тәрбиешінің әрекеті. Бала әрекеті
Шаттық № 15
Ал балалар алдымен сәлемдесіп алайық
бір - бірімізге жылы жүзбен қарап қуаныш сыйлайық
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Армысыңдар, достарым!
Сәлем, сәлем, сәлем!
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
1) Көркем сөз:
Анау бала, бетін қара
Жуынбапты – ау масқара
Тырнағы өскен, шашы көптен
Алынбапты – ау масқара
- Балалар, бүгін біз тазалық, әрқайсымыздың жеке басымыздың тазалығы туралы сөз болмақшы. Біз өзіміздің денсаулығымызды ойлауымыз керек, аурудан алдын ала қорғануымыз қажет.
2) Мына суреттегі сияқты үсті басы кір, жаман бала болмаймыз.
3) Сұрақ – жауап арқылы балалардан сұрау.
- Неліктен біз таза болуымыз керек?
- Қай уақытта қолды жууымыз керек?
- Кір қолды немен жуып кетіреміз?
- Немен сүртінеміз?
4) Жұмбақ - өлең «Бұл не?»
А) Ертемен күнде сен, қолыңды сүйкейсің.
Кетіп кір - ласың, тап - таза боласың. Бұл не? (Сабын)
Ә) Шомылған баланы аймалап алады
Сүртеді қолыңды, сүртеді жонынды. Бұл не? (Сүлгі, орамал)
Б) Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)
В) Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіңе. Бұл не? (Айна)
5)«Тазалық үшін не қажет?» дидактикалық ойыны.
Допты балаларға кезекпен лақтырып, «тазалық үшін не қажет» екенін айтып беру сұралады.
6) Ал енді балалар маған кім тазалық туралы мақал - мәтелдер айтып береді?
- Тәні саудың жаны сау.
- Денсаулық зор байлық.
7) А. Меңжановтың «Тазалықтың досы» атты өлеңін оқу. Қимыл – қозғалыс арқылы айтады. Балалар тәрбиешімен бірге өлеңді қайталайды.
Сылдырлайды сылдыр су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.
Ақ матадай түгі бар
Қызыл – жасыл гүлі бар
Жұмсақтығы мамықтай
Сүртінесің жалықпай
Тазалықтың досы
Сүлгі деген осы
Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді
Бола білсең төзімді
Тап – таза етер өзіңді
Тазалықтың досы
Сабын деген осы
- Орамал мен тарақтың жеке болуы туралы айтып, қалай қолданылатынын түсіндіріп кету.
Рефлекивтік - түзетушілік
Ұ. о. іс – әрекетін қорытындылау. «Парфюмерия дүкені» Сатып алынған заттарды не үшін пайдаланатынын сұрау, қажеттілігін айту.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Жеке басының тазалығын үнемі сақтау керектігін білуі керек
Нені игереді: Тазалық бар жерде, денсаулық болатынын меңгерді
Нені біледі: Киімді таза кию – ұқыптылықтың белгісі екенін білді
Тазалықтың досы
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
2024年3月5日874 浏览

#денсаулық#ұқыптылық#тіл дамыт#тазалық сақтау#балабаша
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
7 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
27 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
27 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

