Теңіз жағалауына саяхат
Мақсаты: IV - аяқ және қол позиция «Аққу» - би қимылын үйрету.
Баланың денесін түзу, әдемі ұстауын жетілдіру, әдемі серпілу, иіліп – бүгілу қимылдарын меңгерту. Өткен позицияларды қайталау. Балалардың би өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Дамытушылығы: Әуенді тыңдау арқылы, бидің қимыл - қозғалыстарын еркін нақты ұқыпты жасай білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Баланың биге деген құштарлығын арттыру, би кезінде денесін тік ұстай билеуін, ара қашықтықты сақтауын, жасалған жаттығуды дұрыс, нақты жасауға дағдырландыру.
Керекті құралдар: Музыкалық орталық, аудио жазба, бейне таспа биге арналған әуендер.
Жүру барысы: Балалар әуен ойнағанда, аяқтың ұшымен жүріп келіп, жарты шеңберге тұрады.
Жетекшімен амандасады. (поклон жасау арқылы)
- Балалар, бүгін мен сендерді ауасы таза, толқыны тулай шулаған, теңіз жағалауына, қызықты саяхатқа баруды ұсынамын.
Қане бәріміз көзімізді жұмайық. 1 - 2 - 3
(тулаған теңіз әуені естіледі)
Енді балалар теңіз жағасына серуен жасайық.
Сергіту жаттығуын бастаймыз.
Бірінші балаларға жаттығу жасар алдында ескерту, арақашықтықты сақтап жүру.
1. Балалар аяқтың ұшымен әуен ырғағында жүреді.
2. Балалар үш қатарға тұрады. Балалар қане тағы да теңіздің шуын тыңдап көрейікші, көздеріңді жұмып, көз алдымызға теңіздің толқынын елестетеміз.
Ал енді сол толқынның қимылын мына лента арқылы жасап көрейік. (балалар ленталарын алып көрсетеді). Бірінші жәй жел соққанда. Екінші қатты жел соққанда.
Енді балалар осы толқын бейнесін қолмен қалай жасауға болатынын көрсетейікші.. Алдымен жетекші өзі көрсетеді. Содан соң балалар қайталайды. Балалар әрмен қарай жағалауды жағалап жүреді. Балалар қараңыздар, кеме жүзіп келеді. (бейне таспадан көрсетіледі)
Ол біздің жанымызға тоқтайды. Барлық жолаушылар көк жиекке қарасам деген мақсатпен. Балалар сол кеменің бейнесін біздер позиция арқылы көрсетеміз.
Олай болса бүгін ІV - аяқ позициямен танысамыз. Бірінші жетекші өзі көрсетеді, содан соң сурет арқылы көрсетеді. Балалар нақты ұқыпты қарап, орындайды. Балалар шеңбер жасап тұрады, да теңіз бейнесін көрсетулерін талап етеді, әр үйретілген позицияны қайталап пысықтайды.
І позиция «Су толқындары»
ІІ позиция « Құстар теңіз үстінде қалықтайды»
ІІІ позиция « Күн теңіздің үстінде»
ІV позиция «Кеме бейнесі»
Балалар енді осы теңіздің құстарының қимылдарын би арқылы көрсетейік.
Бірінші шағала биін бейне таспадан көрсету.
Би: «Аққу биі»
Құстың қанатын қағу. Бір орында тұрып, айналу қанат қағып. Жерге отырып су іші қимылы. Шеңбер бойымен жүріп қимыл жасау. Екі жаққа алама – кезек қимыл – қозғалыс жасау.
Ойын: «Көл және өзен»
Балалар көл боламыз дегенде шеңберге тұрады, ал өзен боламыз дегенде ирелеңдеп жүреді.
Ойын осылай ойналады.
Ал, балалар сіздерге бүгінгі теңізге жасалған саяхат ұнады ма? Қандай жаңа әсер алдыңыздар? Бейне таспадан не көрдіңдер?
Қорытындылау.
Белсене араласқан балаларды мадақтау, көтермелеу ерекше атап өту.
Теңіз жағалауына саяхат
Теңіз жағалауына саяхат
2024年3月5日478 浏览

#балабақшаға арналған#теңіз жағалауына саяхат#аққу би қимылын үйрету
推荐阅读
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
9 分钟前
「千恩万谢那些承受我的罪过和困难的人」:塔玛拉·阿萨尔回应批评者
哈萨克斯坦歌手塔玛拉·阿萨尔加入政党并成为制宪会议议员候选人后,在社交媒体上发文回应批评,感谢支持与反对的声音,强调候选人非议员,并引用父亲教诲。
29 分钟前
伊朗打击巴林和科威特的美军基地
伊朗对美军实施报复,使用导弹和无人机打击了巴林谢赫伊萨基地和科威特阿里·萨利姆基地,摧毁多架MQ9无人机及武器仓库。伊斯兰革命卫队宣布行动,并警告美国若继续在中东施暴,该地区将一滴石油也运不出去。此前美国总统特朗普已通知国会美国与伊朗处于战争状态。美国此前对伊朗南部军事目标发动了空袭。伊朗此次打击是对美国的报复。
29 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

