Тақырыбы: Теңіз жағалауына саяхат
Мақсаты: IV - аяқ және қол позиция « Аққу» - би қимылын үйрету.
Баланың денесін түзеу, әдемі ұстауын жетілдіру, әдемі серпілу, иіліп – бүгілу қимылдарын меңгерту. Өткен позицияларды қайталау. Балаларды би өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Дамытушылығы: Әуенді тыңдау арқылы, бидің қимыл - қозғалыстарын еркін нақты ұқыпты жасай білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Баланың биге деген құштарлығын арттыру, би кезінде денесін тік ұстай билеуін, ара қашықтықты сақтауын, жасалған жаттығуды дұрыс, нақты жасауға дағдырландыру.
Керекті құралдар: Музыкалық орталық, аудио жазба, бейне таспа биге арналған әуендер.
Жүру барысы: Балалар әуен ойнағанда, аяқтың ұшымен жүріп келіп, жарты шеңберге тұрады.
Жетекшімен: амандасады. (паклон жасау арқылы)
- Балалар, бүгін мен сендерді ауасы таза, толқыны тулай шулаған, теңіз жағалауына, қызықты саяхатқа баруды ұсынамын.
Қане бәріміз көзімізді жұмайық. 1 - 2 - 3
(шулаған теңіз әуені естіледі)
Енді балалар теңіз жағасына серуен жасайық.
Сергіту жаттығуын бастаймыз.
Бірінші балаларға жаттығу жасар алдында ескерту, ара - қашықтықты сақтап жүру.
1. Балалар аяқтың ұшымен әуен ырғағында жүреді.
2. Балалар үш қатарға тұрады. Балалар қане тағы да теңіздің шуын тыңдап көрейікші, көздеріңді жұмып, көз алдымызға теңіздің толқынын елестетеміз.
Ал енді сол толқынның қимылын мына лента арқылы жасап көрейік. (балалар ленталарын алып көрсетеді). Бірінші жәй жел соққанда. Екінші қатты жел соққанда.
Енді балалар осы толқын бейнесін қолмен қалай жасауға болатынын көрсетейікші.. Алдымен жетекші өзі көрсетеді. Содан соң балалар қайталайды. Балалар әрмен қарай жағалауды жағалап жүреді. Балалар қараңыздар, кеме жүзіп келеді. (бейне таспадан көрсетіледі)
Ол біздің жанымызға тоқтайды. Барлық жолаушылар көк жиекке қарасам деген мақсатпен. Балалар сол кеменің бейнесін біздер позиция арқылы көрсетеміз.
Олай болса бүгін ІV - аяқ позициямен танысамыз. Бірінші жетекші өзі көрсетеді, содан соң сурет арқылы көрсетеді. Балалар нақты ұқыпты қарап, орындайды. Балалар шеңбер жасап тұрады, да теңіз бейнесін көрсетулерін талап етеді, әр үйретілген позицияны қайталап пысықтайды.
І позиция «Су толқындары»
ІІ позиция « Құстар теңіз үстінде қалықтайды»
ІІІ позиция « Күн теңіздің үстінде»
ІV позиция «Кеме бейнесі
Балалар енді осы теңіздің құстарының қимылдарын би арқылы көрсетейік.
Бірінші шағала биін бейне таспадан көрсету.
Би: « Аққу биі»
Құстың қанатын қағу. Бір орында тұрып, айналу қанат қағып. Жерге отырып су іші қимылы. Шеңбер бойымен жүріп қимыл жасау. Екі жаққа алама – кезек қимыл – қозғалыс жасау.
Ойын: « Көл және өзен»
Балалар көл боламыз дегенде шеңберге тұрады, ал өзен боламыз дегенде ирелеңдеп жүреді.
Ойын осылай ойналады.
Ал, балалар сіздерге бүгінгі теңізге жасалған саяхат ұнады ма? Қандай жаңа әсер алдыңыздар? Бейне таспадан не көрдіңдер?
Қортындылау белсене араласқан балаларды мадақтау, көтермелеу ерекше атап өту.
№33 «Көркемай» балабақшасының хореографы
Карманова Роза Быршымбайевна
Теңіз жағалауына саяхат. жүктеу
Теңіз жағалауына саяхат
Тақырыбы: Теңіз жағалауына саяхат
2024年3月5日726 浏览

#балабақша#би өнері#теңіз жағалауына саяхат#аққу би қимылын үйрету#аяқ және қол позиция
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
12 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
32 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
32 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

