Тіл ел тірегі
Білім беру саласы:Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.
Т: Балалар қазір жылдың қай мезгілі.
Б: Қазір жылдың күз мезгілі.
Т: Күз айларын атаңдаршы?
Б: Күз айлары қыркүйек, қазан, қараша.
Т: Бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме?
Б: Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі.
Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.
Т: Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Нұрислам: Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Алибек: Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалқыдым
Өз тілімде ән шырқап
Термелетіп балқыдым
Дина: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Мұрагер: Тілім барда мақтанам.
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Толғанай: Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді
Саяра: Ана тілді білмесем
Шат-шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем
Айзере
Ана тілің біліп қой
Еркіндігің, теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың, елдігің
Т:Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер.
Дидактикалық ойын: «Кім зерек»
Ойын шарты:Тақтадан жануардың суреті беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол жануардың төлінің атын атау керек.
Т: Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.
Жансая: Өнер алды қызыл-тіл.
Айша: Тіл қылыштан өткір.
Ақсана: Тіл тас жарады
Тас жармаса бас жарады.
Қарлығаш: Басқа пәле тілден.
Қорытындылау
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған оқу қызметіміз өз мәресіне жетті
Атырау қаласы,
КМҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай балабақшасы
Джумагазиева Алтыншаш
Ортаңғы топ тәрбиешісі
Тіл ел тірегі
Білім беру саласы:Коммуникация
2024年3月5日621 浏览

#балабақшаға арналған#тіл мерекесіне арналған#тіл ел тірегі#тіл туралы тақпақтар
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
17 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
17 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
37 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

