Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға тіл ұстарту туралы лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың көркем сөйлеуге үйрету.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу
Сабақтың көрнекілігі: Ақындардың «Өлеңдер» жинағы
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру:
57- жаттығулар
19-33 беттерді қайталау
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Жаңа сабақ
Тілімізде мыңдаған сөздерден ойға лайықты сөз таңдап, оны басқа сөздермен тіркестіріп дұрыс сөйлем құрау оп-оңай іс емес. Оған ұқыптылық, сауаттылық қажет және үнемі жаттығу керек. Түрлі ғылым салаларына байланысты ғылыми әдебиеттерді, көркем әдебиеттерді, тарихи және педагогикалық әдебиеттерді көп оқыған кісі ойын дәл жеткізуге икемді болады. Тартымды сөйлеуге, жазуға жаттығу үшін, әсіресе көркем әдебиетті көп оқу қажет. Көркем әдебиеттің басқа әдебиеттерден айырмашылығы – оның көркем стилінде. Көркем әдебиет тілінің бір ерекшелігі – онда жансызға жан бітіріп айтады; жай, қарапайым нәрсені әсірелеп, ұлғайтып айтады; суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін көрікті, сұлу сөздерді қосып айтады.
Мысалы, А. Тоқмағамбетовтың:
Төнгенде қатерлі күн, қара тұман,
Аяққа шырмалғанда шұбар жылан.
Ту ұстап, тұлпар мініп ел қорғауға,
Азамат азамат па аттанбаған?!-
деген өлең шумағындағы қатерлі күн, қара тұман, шұбар жылан, ту ұстап, тұлпар мініп дегендердің бәрі – көркем сөздер.
Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып, -
деген Абай аудармасы – түгелімен көркем сөз.
Терек - өзеннің аты. Ол – тау өзені, Кавказ тауында Әдетте асау деген анықтауыш «үйретілмеген» деген мағынада малға байланысты айтылады. Бұл жерде Абай «жүген, құрық тимеген» деген мағынаны таудан құлай аққан өзенге балап, ол мәнді күшейте түсіп, долданып, буырқанып деп, оның үстіне тауды бұзып жол салған, тасты жарып деп, тау өзенінің құдіретті үнін, ешбір тосқауылға тоқтамай, оны бұзып өтетін дүлей күштің иесі екенін әсірелей суреттейді. Көз алдыңа осындай сурет елестейді. Енді сырт қарағанда таудан құлай аққан өзен мың бұралған айдаһарға ұқсап, оның бүктетіле аққан толқыны арыстанның жалындай бұйраланып кетеді. Қандай әдемі көрініс, қандай әсем сурет!
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс
58-жаттығу (ауызша)
Төмендегі аңыз әңгімені оқып шығып, шешендердің сөз қолданысына назар аударыңыздар.
59-жаттығу (жазбаша)
Мәтінді дауыстап оқыңыздар. Құрамындағы сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолы мен мағыналық ерекшелігін түсіндіріңіздер. Сын есімдерді қандай мақсатпен қолданғандығын дәлелдеңіздер.
61-жаттығу (ауызша)
Деңгейлік тапсырма
І нұсқа
І деңгей
1. Зат есім туралы не білесің? Мысал келтір.
2. Төмендегі сөздерді септе.
Отан, ел, төре, батыр.
3. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой және қай жалғау екенін айт.
Сандыбай қарға... тұзын екі қолы... ұстап, айна... қарағандай жымиып отыр. Бойында әдет пен әдепке сыя бермейтін мінез... болғандықтан, жынды Бижан атанған адам. (Ғ.Мүсірепов)
ІІ деңгей
1. Қазақ тілінде неше жалғау бар? Жалғау түрлеріне мысалдаржаз.
2. Жіктік жалғауының тәуелдік жалғауынан қандай айырмашылығы бар?
«Оқушы, инженер» деген сөздерді жікте.
3. Төмендегі сөйлемнен зат есімді тауып, сөйлем мүшелеріне қарай талда.
Өткен жазда болған болыс сайлауында сол ауылдың біреуі болыстыққа таласқан Тоқсанбайдың Сыздығы деген байға қарсы шыққан. (С.Мұқанов)
ІІІ деңгей
1. Сөйлемдерден жалпы есімді бөлек, жалқы есімді бөлек теріп жаз.
Жандос, Ермекбайлар бір жақ, Ерасыл, Аман, Күлпаштар бір жақ болып, армансыз сайысқан көрінеді. (Ғ.Мұстафин)
Сондай бейбітшіліктің бірінде мүлік артқан, керуен тартқан саудагерлер найман еліне келіп, дастарқан басында әңгіме-дүкен құрып, өздерінің Сарыөзектен кедергісіз өткенін айтады. (Ш.Айтматов)
2. Төмендегі сөздерге көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын жалғап жаз және бірінші қай жалғау жалғанатынын айт.
Алма, шие, қазақ, орман.
3. «Жазғы кеш» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз және зат есімдерді тап.
ІІ нұсқа
І деңгей
1. Тілімізде қанша сөз таптары бар?
2.Мәтіндегі зат есімнің астын сыз.
«Жығылғанға жұдырық» дегендей, кедейлікке кәрілік қосылады. Кәрілік тұсау, кедейлік бұғау болыпты. Қарт шешен қанатсыз қыранша отырып қалыпты. Алайда ағайындарының емен-жарқын көмегіне сүйенген ол аштан өліп, көштен қалмапты. («Шешендік сөздер» кітабынан)
3. Төмендегі сөздерге көптік, жіктік жалғауларын жалға және қай жалғау бірінші жалғанатынын көрсет.
Ұшқыш, жүргізуші, талапкер, оқушы.
ІІ деңгей
1. Мәтіннен жалғаулардың астын сыз және қандай екенін түсіндір.
Шеткі үйлерден қымызға жүгіретін Тезекбай, Терлікбайлар үйлерінің қасында солбырайып тұр. Сабаның даусы шықпайды. Көрінгенмен құрдас болып, арсалаңдап жүретін. Дүрмағанбеттің де иығы түсіп кетіпті. Қолында жүгені, жылқы жаққа бара жатыр. (Ж.Аймауытов)
2. Тәуелдік жалғауы дегеніміз не? Төмендегі сөздерді ортақ, оңаша тәуелдеп, айырмашылығын түсіндір.
Кілем, тарақ, көйлек, көзілдірік.
3.Су, теңіз, көл, мұхит туралы тұрақты теңеулерді жазып, зат есімнің астын сыз.
Үлгі: Судай шайқап, су сепкендей басылды, теңіздей терең, көлдей тасып, мұхиттай толқып.
ІІІ деңгей
1. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса.
Шығыс іргесінде Тарбағатай төсінен, құлап түсетін мол сулы Қараүңгір өзені ағып жатыр. Оның сыртында қаланы бірнеше жерден көлемін беріден, қалың шилі, саздауыт даладан алатын, терең арналы, көк иірім қарасулар жарып өтеді. (Қ.Жұмаділов)
2. Зат есімнің сөйлемдегі атқаратын қызметінің барлық түрлерін мысалмен түсіндіріп шық.
3. Қазақстанның өзен-көлдеріне шағын суреттеме жазып, жалқы есімдердің астын сыз.
V Үйге тапсырма беру: 60 - жаттығу
Сынақ тапсырманы орындау.
VI. Оқушыларды бағалау.
Тіл ұстарту
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
2024年3月4日842 浏览

#қазақ тілі#әдебиет#7- сынып#тіл ұстарту
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
16 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
16 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
36 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

