Білім беру саласы: «Таным».
Оқу қызмет түрі: «Жаратылыстану»
Өтпелі тақырып: «Дені саудың – жаны сау»
Апта тақырыбы: Күн, су, ауа
Тақырыбы: Тірі табиғат және өлі табиғат
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір - бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
Дамытушылық: Өз ойларын толық жеткізе білуі, дүние танымын кеңейтіп, сөздік логикалық қабілеттерін, ой - қиялдарын, қызығушылық сезімін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа, туған өлке әсемдігіне сүйсіну, қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Табиғатты қорғауға, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд табиғаттың суреттері жануарлар, өсімдіктер
Шаттық шеңбер:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған жер Ана
Сәлем саған нұрлы күн!
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз:»Тірі табиғат және өлі табиғат». Ендеше біздер бүгін осы бізге өмір сыйлаған, қоршаған орта табиғат туралы сыр шертеміз.
«Ғажайып сәт»
Балалар біздер табиғатқа саяхатқа шығамыз.
- Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?
- Әке, ана ата, әже
- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?
- Аспан, бұлт, машина, ит, ағаш, мысық, жер, қар).
- Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе?
- Ия, күн, су, ауа бізге керек.
- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?
- Табиғат.
Табиғат туралы біраз мағлұматтар біледі екенсіңдер.. Енді бәріміз зейін қойып үнтаспадағы дыбыстарды тыңдайық.
(Музыка әуені арқылы құстың даусы, ағаштың сыбдыры естіледі жел, су)
- Балалар ненің дыбысы естіледі?
- Жан жағымызға қарайық нелер өсіп тұр?
- Күн, ауа, жер, су, тас, тау - бұлар өлі табиғат.
Өлі табиғат – өспейді, өнбейді, өзгермейді.
Бүкіл адамдар, жануарлар, өсімдіктер қоршап тұрған табиғат тірі табиғат
- Ағаштар, гүлдер өсіп тұр
Ағаштарды суарып күтіп баптау керек. Оларға су, жарық, күн, көзі, ауа керек. Ол тірі өсімдік. Ағаш та тірі табиғат.
Құстар да тірі табиғат.
- Орманда мекен ететін қандай аңдарды білесіңдер?
- ал біздер адамдар тірі табиғатқа жатамыз. Біздер тамақ ішеміз, еңбек етеміз, жұмыс істейміз, оқып - білім аламыз.
- Ал, күн бізге не үшін керек?(Күн бізге шуағын, жылуын береді).
Балалар, біз ауасыз, күнсіз, сусыз өмір сүре алмаймыз. Күн, ауа, су біздің достарымыз.
Ауамен тыныс алу жаттығуы.
- Мұрын арқылы терең демаламыз. Ауыз арқылы шығарамыз. Балалар, қолымызбен мұрнымызды қысып тұрайықшы дем ала аламыз ба? (Жоқ)
- Табиғат байлығымыз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.
Табиғат туралы мақал - мәтел айтайық.
1. Көлдің көркі – құрақ,,
Таудың көркі – бұлақ..
2. Туған жердің топырағы да ыстық.
3. Судың да сұрауы бар
4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ.
Жаңылпаштар:
Жағажайды жағалай
Жүгіреді Қамажай.
Тақпақ жаттап,
Айтсақ жақсы - ақ.
Жатқа тақпақ
Жатқа тақпақ.
Үлкен көрші
Келді ме көрші.
Саяхаттан алған әсерлерін сұрау, топқа оралу.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:
1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. Жауабы: Су.
2. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды Жауабы: Күн
Көзге көрінбейді
Жұтсаң білінбейді Жауабы: Ауа
Тақтадан бейнебаянды тамашалайық.
Табиғат деген не? Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат
Кәне бәріміз қайталайық
Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.
Тірі табиғат - олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан - жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады. (слайдтан көрсету.)
Өлі табиғат - қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді.
(слайдтан көрсету)
Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді.
Күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз.
Су болмаса өсімдіктерді, қалай суарамыз
Ауа болмаса қалай тыныс аламыз
Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Сондықтан олар бір - бірімен тығыз байланысты.
Сергіту сәті: Тас болып отырайық,
Жарқыраған күн шықты
Жаңбыр жауды себелеп,
Гүл болып жайнайық
Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі.
Кабдуахитова Сагия Тлеккабыловна
Тірі табиғат және өлі табиғат жүктеу
Тірі табиғат және өлі табиғат
Білім беру саласы: «Таным».
2024年3月5日784 浏览

#жануарлар#өсімдіктер#дені саудың жаны сау#тірі табиғат және өлі табиғат
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
12 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
32 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
32 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

