Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік жырлары. Қой. 3 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Ауыз әдебиеті түрлерінің бірі - төрт түлік жырлары туралы түсінік беру.
2. Мал шаруашылығының маңызын ұғындыру.
3. Қой малының адам өміріндегі маңызын сипаттап, қасиетін, пайдасын айту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, малды күту, бағу, қадірлеуге баулу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды ойын арқылы танымдық іс - әрекетін, ойлауын, тілін және шығармашылық қасиетін дамыту
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы
Сабақтың көрнекілігі:
1. Төрт түлік суреттері
2. Жұмбақтар, мақал - мәтелдер
3. «Пірлерін тап» ойыны
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ерте заманда қазақ халқы мал шаруашылығы - мен айналысқан. Оларды біздер төрт түліктер деп атаймыз. Ой, балалар! Біздің сыныбымызға сиқыршы сиқырлы қорапша алып келген. Осы қорапшаны ашсақ төрт түлікке қандай малдар жататынын және төлдер туралы білеміз.
Түйе, сиыр, жылқы туралы айту. Ал балалар қандай мал қалып қойды?
- Қой
Ендеше сендер қой туралы не білесіңдер?
ҚОЙ
↓
Үй жануары
Етін, сүтін тағам ретінде пайдаланамыз
Аша тұяқты мал
Момын жануар
Халық ауыз әдебиетінде төрт түлікке байланысты, төлдеріне байланысты жырлар жазған. Адамның қой ұстағанына 9 мыңдай жыл болған. Қойдың 15 – ден астам түрлері бар. Қой аша тұяқты жануар. Оның жүнінен киім, алаша, кілем тоқиды. Сонымен бірге киіз үйдің бөліктері туырлығы, үзігі, түндігі жасалады. Қойдың құйрық майы түрлі ауруларға ем. Қойшылар қойдың жүнінен ұстап қарап, ауа - райын болжаған. Халық мал күтуді ең зор, қасиетті іс деп таныған.
Дәптермен жұмыс:
Аңыраған – қой мен қозының бөлінген кезі
Жамыраған – қой мен қозының табысқан кезі
Кітаппен жұмыс:
- Мұғалім өлеңді оқып, түсіндіреді
- Бес - алты оқушыға оқыту
Сәйкестендіру кестесі:
Сиыр --- Ойсыл қара
Түйе --- Қамбар ата
Жылқы --- Зеңгі баба
Қой --- Шопан ата
Сергіту сәті: жұмбақ шешу, мақал - мәтел айту
Үйге тапсырма
І топ - сурет салу;
ІІ топ - жатқа айту;
ІІІ топ - Мәнерлеп оқу.
Бағалау. Қорытындылау.
Төрт түлік жырлары. Қой
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік жырлары. Қой. 3 сынып
2024年3月5日734 浏览

#3 сынып#бастауыш сынып сабақ жоспары#төрт түлік туралы
推荐阅读
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
21 分钟前
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
41 分钟前
阿拉木图托米里斯小区发生大火 消防员正在扑救
哈萨克斯坦紧急情况部正在扑灭阿拉木图市阿拉套区托米里斯小区一栋行政大楼的大火,火灾已升级为高级别响应。现场设立行动指挥部,消防员正排查被困人员并破拆屋顶。消防人员兵分两路,一路扑灭主要火点,另一路保护邻近建筑,并从所有可用的露天水源取水确保供水。目前火势已得到控制,暂无人员伤亡报告,消防部门仍在现场处置。
41 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

