Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі
Әдебиеттік оқу 2 - класс
Сабақ мақсаты: Өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу арқылы, төрт түлік туралы білімдерін жетілдіру. Оқушылар берілген тапсырманы орындауда өз пікірлерін еркін жеткізе білуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға дағдыландыру. Төрт түлікті қадірлеп, адамгершілік қасиетті жоғары ұстауға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, ой қозғау, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Төрт түлік суреттері, слайд, топтастыру, мақал - мәтелдер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Оқушылармен амандасып, шеңбер құрып психологиялық дайындық жасайды. Топқа бөлінулерін қадағалау. Әр топтан көшбасшы тағайындап алу.
Балалар, біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Қазір әрқайсымыз кез келген санды алу арқылы топқа бөлінеміз.
Сабақ мақсатымен таныстыру: Төрт түлік туралы толық мағлұмат алып, пысықтау.
1 - топ «Ботақандар»
1 - топ «Қошақандар»
3 - топ «Құлыншақтар»
4 - топ «Бұзауқандар»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Түйе туралы жырды мәнерлеп оқыту.
5 - тапсырмадағы түйенің пайдасын сызбаға түсіріп келу берілген.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Тақтаға 1 - ден 9 - ға дейінгі сандарды ілу. Сол сандардың артында өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар беріледі.
1. Ертегі түрлерін ата.
2. Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай̶- шу.
Ол не?
3.«Жері отты» сөзінің мағынасы қандай?
4.«Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
5.«Аңқау арыстан» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.
6. Күзгі даланың түсі қандай?
7. Достым, сөз тасып сыбырласудың қажеті жоқ еді. Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді,- депті. Ақыл сөз қай ертегіден алынған?
8. Түйенің төлін қалай атайды?
9. Роман деген не?
Сұрақтарға жауап бердіңдер, енді қандай сөз шыққанын оқиық. Төрт түлік.
Төрт түлікті атайықшы. Төрт түлік малы дене бітіміне қарай ірі қара және ұсақ мал деп бөлінеді. Сиыр, жылқы, түйе ірі қараға, ал қой мен ешкі ұсақ малға жатады. Қазақ халқы ертеден мал шаруашылығымен айналысып келген. Өйткені малдың адамға берер пайдасы зор. Жесең ет, ішсең сүт, қымыз, қымыраны ауырсаң жаныңа шипа болады.
ІҮ. Қызығушылығын ояту.
Жұмбақтар шешу.
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
2. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
3. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)
4. Шайнаңдаған сағыз,
Сүттің кені нағыз. (Сиыр)
Ү. Оқулықпен жұмыс.
А ) Іштей оқу
Ә) Тізбектеп оқиды
Б) Рөлмен оқу
В) Әр топ өлең мазмұнын өз сөздерімен жеткізіп сахналайды.
ẎІ. Дәптермен жұмыс.
3 - тапсырмада берілген сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптерге жазу.
1. Тұрмыс жағдайы төмен - Қоры үзілген қуға бітем
2. Еңбекқор адам - Шаруа қуған басқа бітем
3. Батыл, өжет адам - Найза ұстаған ерге бітем
4. Шаруасы жақсы, байға бітем - Ел ішіндегі зорға бітем
Сергіту сәті
«Қошақан» әнін айта отырып, осы әннің әуеніне қимыл қозғалыс жасау.
ҮІІ. Суретпен жұмыс.
Өлен мазмұнына сүйене отырып, қай түліктің қандай жерді, қандай кісіні қалайтынын көрсету.
1 - сурет Қой
2 - сурет Сиыр
3 - сурет Жылқы
4 - сурет Түйе
ҮІІІ. Топтық тапсырмалар:
1 - топ Сиыр малының пайдасы. Ассоциация құру.
Сиыр - ірі қара, аша тұяқты, момақан, еті тамақ, сүті сусын, айраны, қатығын тағам ретінде пайдаланған.
2 - топ Мақал - мәтелдің жалғасын табу.
1. Құтты қонақ келсе,
...... егіз табады.
2. Қойдың сүті қорғасын,
...... ұрған оңбасын.
3. Ер қанаты -.......
4. Түйе атасы нар,
Ағаш атасы......
5. Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның......
3 - топ Малдың дыбыстауы.(Үй жануарларын қоса)
Қой, ешкі маңырайды.
Сиыр мөңірейді.
Жылқы кісінейді.
Түйе боздайды.
Мен қазір қандай жануардың суретін көрсетсем, сол жануардың қалай дыбыстайтынын айтасыңдар.
Сиыр - Мө - мө
Қой - мә -- мә
Түйе - Бө бө
Ешкі - мәә - мәә
Ата - аналарың сендерді еркелеткенде қай түлікті қосып айтады. Соның бірнешеуін жазындар.(Құлыным, ботам.....)
4 - топ Бірнеше бөлікке бөлініп қиылған бұзау суретін құрастыру.
ІХ. Сабақты бекіту.
Халық ұғымында әр малдың пірі, иесі бар дейді. Ендеше төрт түлік малының пірлері туралы айтайық.
Жылқы иесі: Қамбар ата
Түйе иесі: Ойсылқара
Сиыр иесі: Зеңгібаба
Қой иесі: Шопан ата
Ешкі иесі: Шекшек ата
Х. Бағалау.
1. Көшбасшылар бағалау парағымен бағалайды.
2. Топтар бір - бірінің жұмысын бағалайды.
ХІ. Қорытынды:
Сабақта не білдік? Не үйрендік? Нені үйренгім келеді?
Осы қойылған сұрақтарға жауап алу барысында оқушылардың білім деңгейін анықтау
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, төрт түлік мал туралы эссе жазу.
Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз қаласы, Аягөз аудандық білім бөлімінің
"№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Сахариева Куляш Оразбековна
Төрт түліктің кеңесі
Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі
2024年3月5日812 浏览

#әдебиеттік оқу 2 сынып#төрт түліктің кеңесі#сабақ бастауыш сыныптарына
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
11 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
31 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
31 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

