Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Түлекке тілек
Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзіңізге тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіз. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі сіздің өрісіңізді кеңейтті, бойыңызды қатайтты, топшыңызды бекітті. Сіз үшін осынау қимас ұяңызда жүрген сәтте, алдыңыздан күн сайын жаңалықтар легі ашылды, танымыңыз тереңдей түсті. Сіз мектеп партасында отырып, ұстаз аузынан естілген әр бір білім жаңалығының қабылдаушысы болып қана қойғаныңыз жоқ, сіз осынау сәттерде өзіңіз де мектебімізде өткізілген қаншама игілікті шаралардың белортасында жүрдіңіз, жарқын да мағыналы істердің жанашыр куәгері атандыңыз. Сіздің бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие егуді өзімнің жауапкершілік міндетім деп қана ұғатын барлық ұстаздарыңыз енді Сіздің дәл осындай биіктен көріне білгеніңізге қуанады. Сіз алдағы өміріңізде Абай атамыз айтқандай: "бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық" бола білсеңіз ғана өзіңіздің ұстаздарыңыз төгілген тер өтелді деп біледі. Сіз үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты. Сізге ендігі сәтте өз өмір айдыныңызды қалап алуға тура келеді. Осынау кезеңдерде өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздің бойыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді. Сіз Елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшысы екендігіңізді еш уақытта естен шығармаңыз.
Құрметті жас түлек!
Сіздің бүгінгі өмір айдынына аттанғалы тұрған мерекелі күніңіз құтты болсын! Сізге тек қана мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілейміз. Аспаныңыз ашық болсын!
Мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымы
Мектеп бітіруші түлектің құттықтау сөзі
Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата - аналар және кеш қонақтары! Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінер, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып, жан - жүйесін иер, сөйтіп бір беймаза толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі даусыз. Соңғы қоңырау. Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті ғой. Солай десек, соңғы қоңырау балаң түлектің қимас көз жасы, солай десек, соңғы қоңырау талапты шәкірттің болашаққа деген іңкәр арманы, не дегенмен де ол шәкірттік өмірмен "қош - қош" айтқызып, азамат деп аталатын айбынды арғымақты ерттеп мінгізу.
Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы - құрдастарым!
Мінеки, біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығымызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күре жолдың төскейіне шығарып салар. Бізді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт - сапар тілеп қалар. Бәлкім, ұстаз көңiл толқыр және сол толқынысты сәтте де біздің барлығымыздың алдағы өмiр жолымызға жақсылық, тек қана жақсылықтар тілер. Құрметті менің құрбыларым, достарым, мінеки, сіздерге деген осынша құрметтің жанында жауапкершілік деп аталатын жүгі қомақты нәрсе де қатар жүргенін байқап отырған шығарсыздар.
Қымбатты достар! Мен сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, өмір деп аталатын алып күре жолда сүрінбеулеріңізге, тек қана сүрінбеулеріңізге тілектеспін. Тағдырларыңыз жұлдызды болып, арман деген асқар таудың биігінен көрініңіздер!
Қадірлі ұстаздарымыз! Ал біз сіздер берген тәрбие мен тәлімді әр уақытта ұмытпаймыз. Сіздерден бөлініп ыстық ұядан ұшқан сәтте де, аяулы мектебіміздің атына кір келтіріп, дақ түсірмеуге, әр кезде де ақылшы серігіміз Ар деп аталатын айбынды қасиет боларына сіздерді сендіргіміз келеді. Біз сіздерге әрдайым да мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Барлық уақытта да шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіздер! Мереке мерекеге ұлассын!
Түлек әні
("Мектеп вальсі" әуенімен)
Өмір легі міне өзгерді,
Бойға ыстық жалын тараған.
Қанат қағып ұшар кез келді,
Қымбат, жақын мектеп - анадан.
Достар, достар!
Көңілдерде - арман!
Асу, асқар
Күтеді алдан.
Жанымызға шуағын төккен,
Ыстық бізге ауыл тау, тасы.
Балалық шақ қызығы өткен,
Қош болып тұр мектеп партасы.
Достар, достар!
Көңілдерде - арман!
Асу, асқар
Күтеді алдан.
Қалар артта нұрлы балалық,
Ұстаздар да қалар қоштасып.
Достар, қатар қанат қағалық,
Өмірде де бірге достасып.
Түлекке тілек
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
2024年3月5日1554 浏览

#түлекке тілек#құттықтау сөздер#мектеп бітіруші түлектерге арналған тілектер
推荐阅读
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
12 分钟前
莫尔迪尔·穆坎将三件家庭喜事合为一庆
歌手兼制作人莫尔迪尔·穆坎为庆祝大女儿阿德米大学毕业、二女儿艾伊姆毕业和小儿子拉伊姆贝克割礼仪式的三件喜事,举办盛大家庭庆典。她在首都日分享与努尔苏丹·纳扎尔巴耶夫的旧照和视频,表达对阿斯塔纳的热爱。她表示:’我是在‘祖国从家庭开始’的教育下长大的女儿’,并感谢亲友祝福,祈愿女儿前程似锦、星光闪耀。
12 分钟前
西班牙2-0胜法国,成为2026年世界杯首支决赛队伍
在2026年世界杯半决赛中,西班牙2-0击败法国,米克尔·奥亚萨瓦尔第22分钟点球破门,佩德罗·波罗第58分钟扩大比分。法国队全场表现低迷,直到第70分钟后才完成首次射门。西班牙成为首支晋级决赛的球队,将于7月20日与英格兰或阿根廷争夺冠军。西班牙的进攻高效,防守稳固。
32 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

