Өзін - өзі тану 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұл бала мен қыз бала
Мақсаты: Балалардың «сыйластық, достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - Ұл бала мен қыз бала арасындығы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру.
Өзара сыйластық, қарым – қатынастарын дамыту;
Инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық.
Шаттық шеңбері.
Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен сәлемдеседі. Бәрі бірге өлеңді оқиды.
Біз - туған ел баласы
Әңгімелесу. Оқушылармен әңгімелесу.
Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?
Ұл бала қыз бала арасындағы достық деген сауалға өз ойларын білдіреді.
Жағдаяттарды талдау.
Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру үшін жағдаяттарды талдау ұйымдастырады. Оқулықта түрлі жағдаяттарға құрылған суреттерді талдап, шешеді, шешімін сынып алдында жария етеді. Ұл бала мен қыз баланың бірін - бірі сыйлауға дағдыландыру үшін төмендегі жағдаяттар талданады:
Мұғалім өз ойын түйіндеп:
Өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа қуаныштымын. Сыныпта досына, ол ұл болсын, не қыз болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздың жұмысы, ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ұл ғой деп кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды.
Мәтінмен жұмыс.
Кімнің жұмысы?
Сұраққа жауап беру.
Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді?
Мұғалімнің ойы. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім тәрбие алады. Оқушы мәртебесі бәріне ортақ. Сыныпта тату – тәтті болып, сыйластықта қарым – қатынас жасай білу – әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес. Аулада да, көршілермен ұл қыз сыйласып, дос бола білген жөн.
Шығармашылық жұмыс: Ұлдар мен қыздарды екі топқа бөліп.
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттер көргін келеді?»
Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттер көргін келеді?»
Тақтаға «Ел ұлымен берік, қызымен көрік» деген сөзді іліп, мұғалім:
Қазақ халқы ұлы дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды, деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан, ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Төлеген сияқты. Қыздардан шыққа батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал, қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды мәз – мейрам болады. Өйткені, қыз бала тән сұлулығымен емес, жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді, сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді.
Ойын.
Ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам....», «Егер қыз болсам...» атты ойын ойнату.
Қорытындылау. Сонымен, ұқыпты, сүйкімді, көрікті, сыпайы, бір - бірін ренжітпейтін, ауыр сөз айтпайтын, бәріне мейіріммен қарайтын, бір – бірін сыйлай білетін ұл – қыз болып өсу.
Жүректен жүрекке.
Оқушылар бір – біріне деген сыйластық қарым – қатынастарын жылы лебіздерімен білдіреді. Қатар тұрған көршісіне оның қолын қысып, жылы лебіз айтып, соңғы оқушыға жеткенше осылай жалғасады.
Бәрі бірігіп:
Ермек Өтетілеуовтің «Ұл бала мен қыз бала» өлеңін дауыстап оқиды.
Ұл бала мен қыз бала
Ұл бала мен қыз бала
Өзін - өзі тану 1 сынып
2024年3月5日740 浏览

#сыйластық#достық туралы#өзін өзі тану пәнінен сабақ жоспары#ұл бала мен қыз бала
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
21 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
21 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
41 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

