Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі
Сабақ мақсаты: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары және 28 панфиловшылардың ерліктері жайлы мағлұмат беру, білімдерін тиянақтау. Батылдыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, 28панфиловшылар суреті, тізімі, сөзжұмбақ, оқушылар салған суреттер, мақал-мәтелдер
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл - қыздары мен 28 панфиловшылардың ерлігі мен батырлығының арқасында жеңіске жету жолдары.
1 - слайд
Фашистік Германия 1941 жылы 22 - маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
2 - слайд
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам адам қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңнан астамы қазақстандықтар болатын.
3 - слайд
1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316 - атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы - батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
4 - слайд
Мәскеу түбіндегі шайқаста 316 - атқыштар дивизиясы командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болған.
Бауыржан Момышұлы туралы оқушылардың дайындаған өмірі, нақыл сөздері, өлеңдерін сұрау.
Би «Катюша»
1 - оқушы
Тастар көкке атылды,
Жамылды жер тұманды
Орман шулап, тау құлап,
Өрт ішінде қалды бақ.
2 - оқушы.
Жиырма сегіз батырды,
Жиырма сегіз қыранды,
Жеңе алмады жау бірақ
Жеңе алмады жау бірақ.
3 - оқушы
Оқ астынан зулаған
Жау жеңілді ақыры,
Туған жермен бір болып.
Атты бейбіт таң күліп.
4 - оқушы
Жиырма сегіз қыранды,
Жиырма сегіз батырын
Жеңе алмады жау бірақ
Ұмытпайды ел мәңгілік.
Топтық тапсырмалар:
1 - топ: Мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
1. Елдің атын... шығарады.
2. Көз - қорқақ,
Қол -....
3. Шешен жігіт - жол бастар,
... - қол бастар.
4. Ер адам... сақтамайды.
5. Батырға оқ дарымайды,
Батылға... жоламайды.
6.... айқаста танылар.
7. Ақылдан асар амал жоқ,
... алмас қамал жоқ.
2 - топ: «Жеңіс» сөзіне сөзжұмбақ шешу.
1. Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батыры кім?
Бауыржан Момышұлы
2. Біз қандай күндері демаламыз?
Мереке күндері
3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларға қандай атақ берілді?
Кеңес Одағының Батыры атағы
4. Батыр сөзіне мағынасы жуық сөзді тап.
Ерлік
5. 28 панфиловшылар қай қаланы жаудан қорғады?
Мәскеу қаласы
3 - топ: «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбына сурет салу.
Балалар, біздің ортамызда тележүргізуші де отыр екен. Ендеше сөз кезегі өзіңізде.
Тележүргізуші: Иә, балалар, біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ сол сұм соғысты бір сәт көз алдымызға елестетіп көрейікші.
Соғыс жылындағы балалар тағдыры:
«Әке, есіңізде ме, майданға кетерде менің маңдайымнан сүйіп тұрып:
Мә, құлыным, жоғалтпа деп,- бір тал шашыңды жұлып беріп едің ғой. Жоғалтпа, тығып қой. Мені сағынғанда осы шашты тұтатқайсың. Сонда мен Ер Төстіктің Шалқұйрық аты құсап жетіп келемін,- деп едің ғой, әке. Мен сенің аманатыңды ұзақ сақтай алмадым. Бір күні өзіңді қатты сағынып, үй сыртындағы төбеге барып шақпақ тұтаттым. Бір тал шашың лып етіп жанып кетті, бірақ сен уәдеңде тұрмадың. Ендігі көңілге медет етіп келе жатқаным майданнан жазған хаттарың ғана, иә, хаттарың».
Соғыс жылғы балалар:
- Біз қазір сексеннің сеңгіріне жақындасақ та, ол кезде небәрі тоғыздан он бес жасқа дейінгі балалар едік. Әкелерімізді майданға шығарып салып, елдегі шаруашылық тұтқасын өз қолымызға алдық. Ертеден кешке дейін, қараңғы түн құшағында егін ордық, жер жырттық, станокта тұрып оқ жондық, бомба жасадық, жауынгерлер үшін жылы киім жинастырдық.
Тележүргізуші: Соғыс жылдарындағы балалардан соғысты көрмеген, бейбіт заманда өмір сүріп жатқан жас жеткіншектерге ауысайық. Сіздер қандай ой түйдіңіздер?
Жас ұрпақ: Біз Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен аяқтағымыз келіп отыр.
Келмесін ол күн, келмесін,
Төнбесін қатер, төнбесін!
Соғыс өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын!
Есігіне әр үйдің,
Бесігіне сәбидің.
Мәңгілік бақыт орнасын,
Болмасын соғыс, болмасын!
Тележүргізуші:
Енді қайтып соғыс өрті болмасын
Қыршындардың өмір гүлі солмасын.
Аналардың ақ жүрегін әрқашан
Бүкіл әлем қамқор болып қорғасын.
Ежелден - ақ қаһарман қазақ халқы,
Елді қорғау айбынды ата салты.
Жеңістің әрбір жылдық мерейіне,
Ерлерді еске алайық артсын даңқы!
Хор: «Ақ көгершін»
ІІІ. Қорытынды:
1941 - 1945 жылдардағы соғыстың ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын бізден алыстап тарихқа кетіп барады. Жеңіс күні бізге ең алдымен бейбітшіліктің бағасын ұқтырды. Миллиондаған адамның өмірі мен қолға тиген 1945 - жылғы Жеңіс күні бізге қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата - әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданда өздерінің жас жанын қиып, жаумен шайқаста ерлік көрсеткен ата - апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз. Оларды әрқашан жадымызда ұстаймыз.
Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз қаласы, Аягөз аудандық білім бөлімінің
"№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Сахариева Куляш Оразбековна
Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі
Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі
2024年3月5日1155 浏览

#ұлы отан соғысы#9 мамыр жеңіс күніне арналған#қазақ халқының батырлары
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
11 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
31 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
31 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

