Сыныптар: 7
Тақырыбы: Ұлттық бас киімнің тігілу әдісі.
Мақсаты
Білімділігі: Бас киімдер туралы қысқаша мағлұмат береміз
Дамытушылығы: Оқушылардың бас киімдерді жыл мезгілдеріне қарай киілу әдістері ерте заманнан келе жатқандығы туралы әңгімелей отырып СТО бағдарламасы арқылы стратегияларды пайдалануда ой - қабілеттілігін дамытамыз.
Тәрбиелілігі: Бас киімдерді ұқыпты, әрі тиімді қолдану бағыттарының зор екендігіне үйренеміз.
Міндеті: Ұлттық бас киімдердің қазіргі заманда қолданылуы туралы түсінік береміз.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақты байланыстыратын пән: Тарих, бейнелеу өнері, әдебиет, т. б.
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланылатын стратегия: «БҮҮ» стратегиясы, «Суретпен жұмыс», INSERT
(түртіп алу)
Көрнекілік: слайд, суреттер, бүктеме, тақта, т. б.
Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз
БҮҮ стратегиясы:
Мағынаны тану: Өзге ұлттардағыдай қазақта да жарық дүниеге келген сәттен жер ана қойнауына кеткенге дейін киетін киім-кешектің түрлі атаулары бар. Осыған орай қазақтың бас киімінің атауларына тоқталсақ...
«Суретпен жұмыс» стратегиясы:
(Бірнеше ұлттық бас киім суреттерін көрсетеміз, оқушының түстерді таңдау мен бас киімдерді орнымен пайдалануын түсінуі)
INSERT (түртіп алу) стратегиясы:
(Оқулықтан оқи отырып, стратегия бойынша кестені толтырамыз)
«Өзім үшін жазу» стратегиясы:
- Мәтінмен танысу;
- Қажетті жерлерін жазамыз;
- Мағынаны танимыз.
Міне, қазақта әсіресе бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады. Ер адамның бас киімі жергілікті жағдайда қолға түскен матасы мен аң терісіне байланысты әр түрлі болған. Оның көп тарағаны - бөрік. Ол төрт үшкілден төртқырлы күмбез іспетті пішіліп арасына жүн салып астарланып, барқытпен, шұғамен, күдерімен тысталған. Олар көбіне кәдеге жаратылған аң терілерінің атымен құндыз бөрік деп аталған. Халық арасында елтірі бөрік, түлкі тымақ, малақай, еуропалық үлгідегі құлақшын да кеңінен тараған.
Сарамандық жұмыс
Тақырыбы: Өз қалауымызбен бас киім тігу әдісі
Мақсаты: Ұлттық бас киімдерді тігіп үйренеміз
Керекті құралдар мен жабдықтар: кардон қағаз, мата, жұмыс қорабы т. б.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Қандай бұйымды таңдауда материал бағытына назар аударамыз.
2. Өзімізге қажетті бас киімнің біреуін таңдаймыз да суретін саламыз.
3. Суретіне қарай отырып, қажетті жабдықтарды түгелдейміз.
4. Қ. С. Е еске түсіреміз және мимикалық көрініс көрсетеміз.
Ой қорыту: Күлпара басымда, пұшпақ, тымақ
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын бірге қыстырған бар құрысқақ,- деп Абай атамыз жырлағандай бас киімді қадірлей білейік.
Бағалау: Оқушылардың стратегияларды пайдалана отырып, өз түсініктерін анықтауда өз түсінігін көрсете білуін қадағалай отырып сабақты бағалаймыз.
Үй тапсырмасы: Қазіргі заманғы бас киімдерді әсемдеу үшін қажетті жабдықтар әкелеміз.
Жұмыс орнын жинау.
Ұлттық бас киімнің тігілу әдісі
Тақырыбы: Ұлттық бас киімнің тігілу әдісі.
2024年3月5日882 浏览

#технологиядан сабақ жоспары#ұлттық бас киімнің тігілу әдісі
推荐阅读
俄罗斯公民非法使用哈萨克斯坦证件:6人被驱逐
据网站infohub.kz报道,东哈萨克斯坦州自今年年初以来已有450人丧失哈萨克斯坦国籍,其中24人未按规定报告获得外国护照,另有7人继续使用哈萨克斯坦证件,最终6名外国人被法院判决驱逐出境。东哈萨克斯坦州警察局提醒相关公民须在30天内通知内务部门并交出证件,违反将承担行政责任。此前一名被驱逐外国人再次被拘留。
39 分钟前
土耳其法院对以色列总理发出国际逮捕令
伊斯坦布尔高等刑事法院通过国际刑警组织对以色列总理内塔尼亚胡发出国际逮捕令,原因是以色列拦截前往加沙的人道主义船队。土耳其指控包括内塔尼亚胡、国防部长卡茨等35人犯有危害人类罪、种族灭绝罪等重罪,要求终身监禁。以色列否认指控。法院已将其列为特别危险罪犯。此案源于4月公诉,土耳其总统埃尔多安此前威胁内塔尼亚胡将受教训。
39 分钟前
俄罗斯请求哈萨克斯坦协助恢复乌拉尔河
俄罗斯自然资源部副部长与哈萨克斯坦生态部副部长会晤后宣布,两国将联合实施2027-2032年乌拉尔河生态恢复计划,奥伦堡州邀请哈方专家参与,重点包括共享水质数据、建设污水处理设施。此前水文学家表示,调西伯利亚河水至中亚成本极高。谈判将继续进行。该计划旨在改善乌拉尔河生态系统。双方同意加强合作,共同应对水危机。
59 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

