5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Дамытушылық: логикалық ой - өрістерін кеңейтіп, сабақта оқушылардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды қазақтың салт - дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Қыз қуу» ойыны бейнеленген сурет, ұлттық ойындар туралы слайд - суреттер, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Өткен сабақты пысықтау үшін сұрақтар:
- Төрт түлік малға нелер жатады?
- Бұл үй жануарларын неліктен «төрт түлік» деп атаған?
- Төрт түлік туралы қандай тақпақтар білеміз?
- Төрт түліктің төлдерін қалай атайды?
2. Қайталау үшін тест сұрақтарын тарату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1) Ұлттық ойындар туралы түсінік.
- Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға, өнерлі болуға, күштілікке үйретеді. Ұлттық ойынның түрлері: «Тоғызқұмалақ», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т. б. (интерактивті тақтадан мәтіндерді оқушыларға оқытып, таныстыру).
1. «Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды, айла - тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын.
2. «Ақ сүйек» ойыны. Тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде «Ақ сүйек» ойнаған. Оның басты шарты: лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу. Осы ақ сүйекті іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңіл құпияларын ашатын болған.
3. «Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен - ақ көкпаршы жігіттер алдын - ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат - күш пен амал - тәсілді талап ететін, аса қызғылықты ойын.
4. «Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін - бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады.
2) Оқулықпен жұмыс:
а) мұғалім оқиды;
ә) оқушылар оқиды;
б) сөздікті пайдаланып, аудару;
в) жаңа сөздерден сөйлем құрау;
г) сұраққа жауап беру.
3) Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы тапсырмалар беру.
4) «Қыз қуу» ойынын ойнату (бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады).
1. Әнұранның авторлары кім?
2. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
3. Иелік форма қалай жасалады?
4. Зат есім дегеніміз не?
5. Төрт түлік малды ата.
6. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
7. Өзің туралы айт.
8. Сөз құрамы неден тұрады?
9. Досың туралы айт.
10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
11. Көптік жалғауларын ата.
12. «Кітап» сөзін септе.
13. «Отан» сөзін тәуелде.
14. Абай Құнанбаев кім?
15. Есімдік дегеніміз не, түрлерін ата.
IV. Сергіту сәті:
«Тоғызқұмалақ» сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып, жаңа сөздер табу. Мысалы, тоғыз, құмалақ, мал, т. б...
V. Сабақты қорытындылау:
а) орысша, қазақша балалардың «Ұлттық ойындар» туралы не түсінгенін пысықтау;
ә) мұғалім дайындаған тест сұрақтарынан ауызша жауап алу.
VI. Бағалау.
VII. Үй тапсырмасы: Ұлттық ойын түрлерін біліп келу.
Ұлттық ойындар
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар.
2024年3月5日520 浏览

#тоғызқұмалақ#ақсүйек#көкпар#төрт түлік#аударыспақ#қыз қуу#ұлттық ойындар тақырыбына ашық сабақ
推荐阅读
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
7 分钟前
「千恩万谢那些承受我的罪过和困难的人」:塔玛拉·阿萨尔回应批评者
哈萨克斯坦歌手塔玛拉·阿萨尔加入政党并成为制宪会议议员候选人后,在社交媒体上发文回应批评,感谢支持与反对的声音,强调候选人非议员,并引用父亲教诲。
27 分钟前
伊朗打击巴林和科威特的美军基地
伊朗对美军实施报复,使用导弹和无人机打击了巴林谢赫伊萨基地和科威特阿里·萨利姆基地,摧毁多架MQ9无人机及武器仓库。伊斯兰革命卫队宣布行动,并警告美国若继续在中东施暴,该地区将一滴石油也运不出去。此前美国总统特朗普已通知国会美国与伊朗处于战争状态。美国此前对伊朗南部军事目标发动了空袭。伊朗此次打击是对美国的报复。
27 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

