Тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой - өрісін, дүние - танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Сабақ түрі: танымдық ойын
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі өткізетін сайысымыз «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында.
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.
Ақыл – тон аңдағанға тозбайтұғын
Білім – кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды таныстырып өтейін.
Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 5 айналымнан тұрады. ( интерактивті тақтадан көрсету)
І айналым «Кім көп біледі?»
ІІ айналым «Полиглот ойыны»
ІІІ айналым «Ата салтың – халықтық қалпың»
ІҮ айналым «Іздеген жетер мұратқа»
Ү айналым Логикалық сұрақтар «Ойлан тап»
Мұғалім: Ойынды бастамас бұрын сайысымыздың ұпай сандарын есептеп әділ бағалайтын әділ қазымызды таныстырып өтейін. Олай болса сөз кезегі өздеріңізде, оқушылар!
І – «Кім көп біледі?» қойылған сұрақтарға келіскен - келіспегеніңді білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.
1. Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия
2. Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия
3. Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия
4. Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
5. «Үш бақытым» М. Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
6. «Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
7. Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
8. 1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
9. Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ
10. Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия
11. 9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ
12. «Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ
13. Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
14. 22 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Ия
ІІ Полигот. Дұрыс жауапты үш тілде айту: қазақша, орысша және ағылшын тілде.
1. Жақсы... үшін жан пида. ( дос, друг, friend)
2. Айдың он бесі...., он бесі қараңғы ( жарық, свет, eight)
3. Көңіл сырын... білдіреді ( көз, глаз, eye)
4........ – алтын қазына ( кітап, книга, boor)
5. Еңбегі жоқ..... – ыстығы жоқ жалын ( ғалым, наука, science)
6. Көз қорқақ,.... батыр ( қол, рука, hard)
7..... басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ ( су, вода, water)
8....... алма, білім ал ( алтын, золото, gold)
9. Есепші..... қарайды, айды, күнді санайды (аспан, небо, sky)
10. Күндіз... алса, түнде үкі алады ( бүркіт, орел, eagle)
Көрініс « Білім артық па, мал артық па?»
ІІІ – « Ата салтың – халықтық қалпың» Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар.
1. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киеді? ( Жаңа түскен келін)
2. Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады? ( Тұсаукесер)
3. Үш арсызды ата? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік қалай аталады? ( Жасау)
5. Кешкілік ауылдың қыз - жігіттері ауыл сыртына барып ойын - сауық жасайды, бұл қандай ойын? ( Ақсүйек)
6. Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
ІҮ - « Іздеген жетер мұратқа» ойын ережесі: 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Қазақ тілі, жаратылыстану, тарих, спорт. Әр пәннен үш сұрақтан. Әр сұраққа байланысты ұпай саны тігілген. Сұрақты таңдап алуға болады.
ІІІ - Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
1. Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:
БЫЖҢАР Жаңбыр
ЗАНЙЙҒАА Найзағай
КҚҚОАЕІПМРС Кемпірқосақ
СЫЖАРОБЛ Жолбарыс
2. Жұмулы көзбен нені көруге болады? ( түс)
3. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады? ( ылғал, сулы)
4. Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
5. 31 ақпан күні не болады? ( 31 ақпан болмайды)
6. Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы? ( есік ашық тұрғанда)
7. Тамақ пісер алдында қазанға ең бірінші не салады? ( көз салады)
8. Тышқанды ылғи қуып жүретін не? ( құйрығы)
9. Сен жарысқа қатыстың да, екінші орында келе жатқан адамды басып оздың. Сен қазір қай орындасың? (екінші орынды)
10. Сандар қатарын жалғастыр: 18, 20, 24, 32? (48)
11. Төрт аққайың өсіп тұр. Әр қайыңның төрт бұтағы бар, әр бұтақтың төрт сабағы бар. Әр сабақта төрт алма өсіп тұр. Сонда қанша алма бар? (аққайыңда алма өспейді)
12. Құландыға әжей кетіп бара жатыр. Оған қарама - қарсы үш шал келе жатыр. Әр шалдың қолында дорба бар. Әр дорбаның ішінде бір - бір мысықтан. Барлығы неше адам құландыға бара жатыр? (Бір әже ғана)
Сынып жетекшісі: Нугуспанова Ш. Т.
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. жүктеу
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
2024年3月5日1321 浏览

#болашақ#саналы ұрпақ#ұлт болашағы#ұлт тәрбиесі#білімді ұрпақ ұлт болашағы
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
12 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
32 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
32 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

