9 - сынып
Үш тіл – заман талабы (Сыныптан тыс шара)
«Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә» (Н. Ә. Назарбаев)
Мақсаты: Оқушыларды ана тілімен қатар мектепте оқытылатын өзге тілдерден де теориялық білімдерін, тіл жайлы ұғымдарын тереңдету, мемлекеттік тілді сүюге, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар және ұстаздар!
22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар.
Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әр адам өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата бабаларымыз айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. Сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арнаймыз.
Біздің еліміз - көпұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
«Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте оқытылатын тілдерден жарыс өткіземіз.
Жер шарында 900 - ге жуық ұлт өмір сүреді. Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам адам сөйлейді. Өзінің тілін Ана тілім деп атайтын бірден бір халық - қазақ. Өйткені, халқымыз Анасын қастерлеп, қадірлеген. Ең қасиетті, киелі нәрсені Анаға теңеген. Сөз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында 70 - ші орында.
I бөлім.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
І топ
1. Сөздердің одан әрі бөлінбейтін бөлігін не дейді? (түбір)
2. Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасаған сөз? (туынды сөз)
3. Қосымша деген ( сөздің түбірге жалғанған бөлігі)
4. «Қалың - жұқа» сөздері қандай сөздерге жатады? (қарсы мәндес сөздер)
5. Тіл туралы нақыл сөз, мақал айту (3)
6. Үлкендігі жөнінде екінші орын алатын тілдер тобы қандай? (Тибет - қытай тобы)
7. Жұмбақты зерттеген әйгілі қазақ жазушысы. (М. Әуезов)
8. Тіл маманы. (филолог)
9. Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер? (қаратпа сөздер)
10. «Ұя» деген сөзде неше буын бар, қандай? (2 буын, ашық)
ІІ топ
1. Етістіктің қандай түрі болады? (дара және күрделі)
2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
3. Тәуелдік жалғау нені білдіреді? (зат есімнің септелуін)
4. «Жеңіл - ауыр» сөздері қандай сөздерге жатады? (қарсы мәндес сөздер)
5. Тіл туралы нақыл сөз, мақал айту (3)
6. Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөз? (одағай )
7. Қай мемлекетте латын тілі мемлекеттік тіл болып есептеледі? (Ватикан мемлекетінде)
8. Қара сөзбен жазылған көркем шығарма (проза)
9. Қазақ тіліндегі сөздің басында кездеспейтін әріп? (ң)
10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (үнді, ұяң, қатаң)
Әлемде бірқатар ел көп тілді болып есептеледі. Мәселен, Үндістанда бірнеше жүз тіл мен диалект бар. Солтүстік және Оңтүстік Америкада индеецтер бірнеше жүздеген тілде сөйлейді. Ал, Африкада толып жатқан рулар диалектісін айтпағанның өзінде жүздеген тілде сөйлейтін тайпалар өмір сүреді.
Дүниежүзіндегі ең көп тараған тілдер – қытай, ағылшын, хинди, орыс, жапон, неміс, индонезия, бенгал, португалия, италиян тілдері.
Әр елдің өз тілі мен диалектісі бар
Андрора – испанша, французша, каталонше.
Бельгия – французша (валлонша), фламандша, немісше.
Германия – немісше, датша, лужицше.
Финляндия – финше, шведше.
Ирландия – ирландша, (галльсше) ағылшынша.
Италия – итальянша, немісше (Оңтүстік Тиролде)
Канада – ағылшынша, французша.
Люксембург – французша, немісше.
Нидерланды – нидерландша, фрисландша.
Норвегия – норвегше.
Австрия – немісше, словянша, хорватша, венгрше.
Швейцария – немісше, французша, итальянша, реторманша.
Сингапур - қытайша, ағылшынша.
Испания - испанша, галисше.
Шри Ланка - сингалша, тамилше, ағылшынша.
Оңтүстік Африка - африкаша, ағылшынша, бантуше.
Тайланд - тайша, тау халықтарының тілінде.
People all over the world speak almost 3, 000 languages. The most wide - spread language in the world is Chinese. 350 million people speak English as their first language.
Today there are a lot of people in Europe and Asia who know several languages. A person who knows several languages is called a polyglot. Today it is quite evident that everyone should know at least one foreign language.
II бөлім.
Орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі
І топ
1. What is the English for ‘тіл’? (language)
2. Мальчики часто бегают между партами на переменах (Translate into
English)
3. В девятом классе у нас каждый день 6 уроков (Translate into English)
4. Почему ты задаёшь много вопросов? (Translate into English)
5. We study events in the past (Translate into Russian)
6. We discuss different problems (Translate into Russian)
7. We work hard (Translate into Russian)
8. We read interesting textbooks (Translate into Russian)
9. He learns how to use computers (Translate into Russian)
10. We do experiments (Translate into Russian)
ІІ топ
1. What is the English for ‘сөз’? (word)
2. Моя сестра редко получает плохие отметки (Translate into English)
3. Не разговаривайте громко! (Translate into English)
4. На уроках мы узнаём много нового (Translate into English)
5. We solve difficult problems (Translate into Russian)
6. We learn poems by heart (Translate into Russian)
7. We draw and paint pictures (Translate into Russian)
8. We answer the questions (Translate into Russian)
9. He translates texts (Translate into Russian)
10. We run, jump and play (Translate into Russian)
Мәліметтер, тапсырмалар:
1. Сегодня вполне очевидно, что каждый человек должен знать хотя бы один иностранный язык.
2. На некоторых языках говорят миллионы людей, на других - только сотни.
3. Как говорят полиглоты, это сложно только в начале. Но когда вы начинаете изучать третий язык, все идет, как по маслу.
4. Английский язык часто используется бизнесменами из разных стран, где говорят на разных языках, для ведения дел.
5. Изучение иностранного языка имеет практическое значение, но выбор языка иногда зависит от моды.
1. Today it is quite evident that everyone should know at least one foreign language.
2. Some languages are spoken by millions of people, others by only hundreds of them.
3. As polyglots say it is difficult to begin. But when you start learning a third language ‘everything is going on swimmingly’.
4. English is used a great deal by businessmen from different countries, which don’t have a common language, in order to do business.
5. Learning a foreign language has a practical value but the choice of a foreign language sometimes depends on a fashion.
Қазіргі тілдер
Бұл диаграмма жер шарында мекен ететін халықтың қанша пайызы қай тілде көп сөйлейтінін көрсетеді.
Қытай - 20 %
Ағылшын – 6 %
Хинди – 4, 5 %
Орыс – 3, 5 %
Испан - 3 %
Араб – 2 %
Португал – 2 %
Жапон – 2 %
Француз – 1, 5 %
Неміс – 1, 5 %
Үш тіл – заман талабы
Үш тіл – заман талабы (Сыныптан тыс шара)
2024年3月5日1105 浏览

#ана тілі#тәрбие сағаты#үш тіл заман талабы#тілдер мерекесіне сыныптан тыс шара
推荐阅读
乌拉尔斯克扎恰甘斯克部分地区因电网故障停电
2026年7月14日,哈萨克斯坦乌拉尔斯克市郊区扎恰甘斯克因电网发生故障导致部分区域停电,影响1356户居民。目前当地电力部门已展开紧急抢修,iKomek客服中心24小时免费服务,热线109。请市民理解并配合抢修工作。此次停电是由于电网设备故障引起,技术人员已迅速到位进行排查修复。如有疑问请拨打热线。
16 分钟前
阿拉木图一毕业生在颁发仪式上撕毁毕业证(视频)
阿拉木图商业与传播学院毕业证书颁发仪式上,一名毕业生当众假装撕毁毕业证,实际撕掉的是提前准备好的假封皮,真证书完好无损。视频在社交网络疯传,引发两极评论:一些人赞赏其创意和幽默,另一些人认为在庄重仪式上此举不尊重教师和学生成就。仍有网友呼吁以玩笑视之。事件起因于毕业典礼,由当地媒体报道。该事件引发广泛关注。
36 分钟前
阿拉木图总体规划:居民需要了解什么
阿拉木图总体规划调整引发居民关注,总规划科研院总经理阿斯卡特·萨杜奥夫接受专访,详细解答规划与战略环评的区别、业主权利、征收条件、法律效力、公众参与及诉求处理等常见疑问,并呼吁居民勿信谣言,从官方渠道获取信息。文章强调总体规划本身不改变产权,不具有直接执行力,同时告知居民后续可通过公众参与表达意见。
36 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

