Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Ұшақ
Мақсаты: Б. м: Ұшақпен таныстыру, қатпарлап бүктеп, шеткі сызықтары бойынша және симметриялы қию әдіс – тәсілдерін меңгерту. Қарапайым мазмұн бере жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Д. м: Тақырыпқа сай заттармен өз жұмыстарын толықтыра білу іскерлігін бекіту. Т. м: ұшқыш туралы қиялын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: ұшқыш, ұшақ, аспан, ауа, жер, су
Қостілдік компонент: Ұшақ – самолет, ұшқыш – летчик, аспан - небо
Керекті құралдар: Қайшы, қорапша, түрлі – түсті қағаздар, ұшақ, ғарыш әлемі салынған сурет
Мотивацияқ оятушылық. Тәрбиешінің әрекеті. Бала әрекеті
Балалар шаттық шеңберге тұрады. Алақанмен жылуды айналаға таратайық. Бір - бірімізге қарап күлкі сыйлайық, бақыт нұрын шашайық
Арайлап таң атты
Алтын шуақ таратты
Армысыңдар, достарым!
Сәлем, сәлем, сәлем!
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
1) Ойыншық ұшақтарды тамашалау:
Балаларға ойыншық ұшақтарды көрсетіп, құрылысымен таныстыру.
- Ұшақтар не үшін қажет?
- Аспанға ұшу үшін
- Ұшақты кім жүргізеді?
- Ұшқыш
- Ұшақтың ішінде не бар?
- Адамдар бар
2) Ұшқыштар туралы әңгімелеу. Ұшқыштар ұшақпен ұшады. Аспанды қорғайды. Ұшқыштар өте ақылды және мықты. Олар ұшақты басқару үшін білімді болуы керек, сол үшін олар көп оқиды.
3) «Кімнің ұшағы алысқа ұшады» ойыны. (Балалардың ойыны)
Қағаздан жасалған ұшақтарды балалар ұшырып ойнайды.
- Түрлі – түсті қағаздан ұшақ жасайтындарын түсіндіреді.
4) Жұмыс барысы түсіндіріледі:
- Ұшақты қағаздан қиюдың бірнеше үлгілерін көрсетеді.
- Ұшақты қағаздың ортасына орналастырып жапсыру
(Балалар аяқталған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады)
5)«Жер, су, ауа» ойыны ойналады. «Жер» дегенде балалар «Автобус» дейді
«Су» дегенде «Кеме» дейді, «Ауа» дегенде «Ұшақ» болып ұшады.
(Балалар қызығушылықпен ойнайды)
Рефлективтік - түзетушілік
Ұ. о. іс – әрекетін Ж. Нұрхановтың «Ұшақ» өлеңімен оқып қорытындылау
Көлдерді көктей өт
Тауларға жетпей өт
Бұлттарды жарып ұш
Бұлттан да әріге ұш
Тоқтаусыз төтеле
Жетейік көкеме.... (Балалар бірлесе отырып жаттайды)
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Ұшақ әуе көлігі екенін білуі керек
Нені игереді: Өз жұмыстарын тиянақты орындай алады
Нені біледі: Ұшақты ұшқыш басқаратынын, олар аспанды қорғайтынын біледі
Ұшақ
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
2024年3月5日735 浏览

#ұшақ#жапсыру сабағы#балабақша жоспары
推荐阅读
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
5 分钟前
「千恩万谢那些承受我的罪过和困难的人」:塔玛拉·阿萨尔回应批评者
哈萨克斯坦歌手塔玛拉·阿萨尔加入政党并成为制宪会议议员候选人后,在社交媒体上发文回应批评,感谢支持与反对的声音,强调候选人非议员,并引用父亲教诲。
25 分钟前
伊朗打击巴林和科威特的美军基地
伊朗对美军实施报复,使用导弹和无人机打击了巴林谢赫伊萨基地和科威特阿里·萨利姆基地,摧毁多架MQ9无人机及武器仓库。伊斯兰革命卫队宣布行动,并警告美国若继续在中东施暴,该地区将一滴石油也运不出去。此前美国总统特朗普已通知国会美国与伊朗处于战争状态。美国此前对伊朗南部军事目标发动了空袭。伊朗此次打击是对美国的报复。
25 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

