Интеллектуалды ойын
Ұшқыр ой мен шешен тілі.
Сабақтың тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын - сайыс
Ойын барысы: қызығушылықты ояту.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен
бас иеміз біз.
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру. 3 топтан 1 оқушы келіп асықты таңдайды, рет санын анықтау үшін, әр топ басшысы сайлап алады.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін атымен, ұранымен таныстырады.
І - топ. Топтың аты - «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ - топ. Топтың аты - «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ - топ. Топтың аты - «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұлт - қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
І - айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топқа 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.
«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата.(ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. (у)
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)
ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1 - топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз - мороз)
2 - топ: Қоймасын қыс атқарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар - снег)
3 - топ: Бірін - бірі қоштаған,
Қырық екі дос - жаран. (әріп - буква)
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.(сызғыш - линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды. (мысық - кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз - лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.(түлкі - лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап - книга)
ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын - жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу.
(Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)
1. Кей адам әдет қылған киікті атып,
Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.
( «Ақсақ киік» өлеңі. С. Сейфуллин)
2. Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жаздық.
(«Бір кесе меруерт». Ш. Құдайбердіұлы)
1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А. Құнанбаев)
2. Алты айғы қыс тартқаны - аштықтың азабы. Бар сенетіні - күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...
(«Күлпаш». Б. Майлин)
1. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы. Алтынсарин)
2. Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті.
- Киміңді тазалармыз. Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын.
(«Қайырымдылық». Мағзұм Сүндетов)
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.(Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын таңдау)
1. Төбесі көкке жетті. (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді - ашып жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)
Соңғы айналымы «Талапкер» деп аталады.
Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.
1.... өріп тараған,
... қараған.
Құрт пен майын жинаған,
... сыйлаған.
2.... қошақан,
... қалмайды.
Сүп - сүйкімді момақан,
... аумайды.
3.... бала әрқашан,
Қуантады....
Құлыным деп анасы,
... баласын.
Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу.
Ән. «Ертегілер»
Қорытынды: Сонымен біздің ойнымыз да өз шегіне жетті.
Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.
Ұшқыр ой мен шешен тіл
Ұшқыр ой мен шешен тілі.
2024年3月5日652 浏览

#бастауыш сыныптараына арналған сайыс жоспары#интеллектуалдық ойын сабақ
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
7 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
27 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
27 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

