Үздік ана атты спорттық сайыс
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Армысыздар бүгінгі сайымыздың қатысушылары!
Армысыздар көрермен қауым, жанкүйерлер және де бүгінгі сайысымызға төрелік ететін әділ қазылар!
«Күндей шалқып күлгенің,
Шаттығыңның нұры ғой.
Шат боп өмір сүргенің,
Заманыңның сыры ғой.
Сенің нұрлы жүзіңнен,
Көрем бақыт өмірді.
Сенің әрбір сөзіңнен,
Күй естілер көңілді деген өлең жолдарын құрметті аналар сіздерге арнай отырып, салауатты өмір салтын ұстанатын, ептілік пен тапқырлықты, шапшаңдық пен күштілікті отбасымен қатар алып жүретін дүниедегі ең асыл жан аналар, бүгінгі «Үздік ана» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайыстың негізгі мақсаты: Ананың балаға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстана білуге, ананың баласына дүниедегі ең асыл жан екендігін ұғына білуге үйрету.
Аналар құрметіне сайыстың ашылуына Ән шашу.
2. Сайысымызға төрелік ететін әділ қазыларды таныстыру.
3. Сайысқа қатысатын аналар командасын таныстыру.
І топ - «Шуақ» командасы
ІІ топ -«Алау» командасы
ІІІ топ -«Қыран» командасы
4. Сайыстың бағдарламасы А) Топтың аты, ұраны, эмблемасы /таныстыру/
Ә/Жуа жинау /уақытпен/
Б/Обручпен жұптасып жүгіру/кедергілер арасынан айнала обручпен жұптасып жүгіру/
В/Қол күрес/қарсылас командаларымен күш сынасу/
Г) Барьер арасынан өтіп, сақинаға доп тастау/доптың сақинаға түскені есептеледі/
Д) Арқан тартыс
Е) Спорт құралдарын(обруч, ракетка шаригімен, баскетбол доп, секірме жіп) пайдаланып апарып әкелу(фишка арасынан айналып өтіп, бірінші ойыншы обручты апарса, екінші ойыншы ракеткамен шарикті соғып жерге түсірмей, обруч ішіне салып, 4 - ш ойыншы допты айдап апарып салады. Осылайша апарылған затты қайтадан алып қайтуы керек)
Ж/Кім көп секіреді? (Капитандар 1мин. ішінде қанша секіреді)
З) Лото ойыны. /Сұрақ жауап алу. Кез келген санды таңдап алып, экранда көрсетілген санға сәйкес сұрақ не тапсырмаға жауап беру)
Би «. Бастау»
Қорытынды.
5. Әділ қазылар сөз сөйлеп, мадақтамаларын тапсырады.
Сонымен сайысымызды қорытындылай келе, сіздерге зор денсаулық, өмірдегі бар жақсылықты, қуанышты сыйлаймыз.. Біз сіздермен қоштаспаймыз. Сіздерге келесі жүздескенше аман болайық, әдемі күлейік, әдемі өмір сүре білейік демекшіміз.
Сау болыңыздар!
Үздік ана атты спорттық сайыс
Үздік ана атты спорттық сайыс
2024年3月5日767 浏览

#дене шынықтырудан ойын сабақ#спорттық сайыс жоспары
推荐阅读
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
16 分钟前
莫尔迪尔·穆坎将三件家庭喜事合为一庆
歌手兼制作人莫尔迪尔·穆坎为庆祝大女儿阿德米大学毕业、二女儿艾伊姆毕业和小儿子拉伊姆贝克割礼仪式的三件喜事,举办盛大家庭庆典。她在首都日分享与努尔苏丹·纳扎尔巴耶夫的旧照和视频,表达对阿斯塔纳的热爱。她表示:’我是在‘祖国从家庭开始’的教育下长大的女儿’,并感谢亲友祝福,祈愿女儿前程似锦、星光闪耀。
16 分钟前
西班牙2-0胜法国,成为2026年世界杯首支决赛队伍
在2026年世界杯半决赛中,西班牙2-0击败法国,米克尔·奥亚萨瓦尔第22分钟点球破门,佩德罗·波罗第58分钟扩大比分。法国队全场表现低迷,直到第70分钟后才完成首次射门。西班牙成为首支晋级决赛的球队,将于7月20日与英格兰或阿根廷争夺冠军。西班牙的进攻高效,防守稳固。
36 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

