Класы: 9 класс
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: 16 -17. Білім мен Ғылым /Әдебиет пен өнер
Сабақтың мақсаты: Соғысқа дейінгі кезең мен соғыс уақытындағы қазақ мәдениетіндегі жаңалықтар мен жетістіктермен оқушыларды таныстыру.
Сабақтың барысы:
1. Жаңа сабақ: Қарастырылатын мәселелер:
• Халық арасында сауатсыздықты жою
• Халыққа білім беру
• Ғылымның дамуы
• Жоғары және орта арнаулы оқу орындары
• Әдебиеттің дамуы
• Өнер: театр, кино, сурет, музыка, т.б.
Халық арасында сауатсыздықты жою:
Бұл процесс өте баяу жүрді. Себебі – елде оқыған азамат саны аз болды, материалдық – техникалық база нашар болды. 1924 жылы «Сауатсыздықты жою» қоғамы ұйымдастырылды. Бұл қоғам ерікті түрде жұмыс жүргізді. Ұлы Отан соғысы басталар алдында еңбекке жарамды тұрғындардың арасында сауатсыз, хат танымайтын адам болған жоқ. Яғни сауатсыздықты жою жұмысы аяқталды.
Өткен материалдармен қайталау жұмысы:
* XIX ғасыр басында Қазақстанда ағарту ісі негізінен ислам дінінің қағидаларын үйретумен шектелді → Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуына байланысты оқу жүйесі өзгерді: орысша білім бере бастайды → 1867 – 1868 жж реформалар бойынша орыс үкіметінің ағарту саласындағы мақсаттары да айқын көрсетілді.
* Мешіт, мешіт жанынан ашылған медреселер → МЕКТЕПТЕР ашылды
мешіт жанында діни мектеп
• Қаржы халықтан жиналды.
• Оқу жылы – мамыр айы – тамыз айында аяқталды.
• Сабақ кестесі 7.00 – 11.00 дейін және 13.00 – 16. 00 дейін
• Оқытылған пәндер – құран, тарих, философия, араб тілінің грамматикасы, орыс тілі, математика, логика, т.б.
•Оқу жылы – үш, төрт, бес, он жыл
• Оқушылардың жасы – 8 жастан – 20, 30, 40 жасқа дейінгі
• Нәтижесі: XIX ғасырға дейін Қазақ халқының сауаттылығы – 2 %; XIX ғасырдың аяғында 10 % деп есептелді.
1897 жылғы санақ бойынша қазақтардың саны 4 млн – 5 млн – ға дейін деп көрсетілді, оның 49 000 қазағы оқуға тартылған.
Халыққа білім беру:
1924 жыл – Сауатсыздықты жою қоғамы құрылды.
1926 жыл – ХКК «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің ЖАРҒЫСЫН» қабылдады. Жарғы бойынша, мектеп құрылысында:
*1 жылдық, 2 жылдық мектептер → 3 жылдық, 4 жылдық мектептермен алмастырылды.
* қыз балаларды оқыту: Шымкент, Алматы, Түркістан, Ордада арнаулы мектептер ашылды.
1920 ж ортасында республикада татар, өзбек, ұйғыр, неміс, эстон бастауыш мектептері өз ана тілінде жұмыс істеді.
1930 – 1931 оқу жылы – отырықшы аудандарда;
1931 ж көктемнен бастап – көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді.
1931 ж желтоқсан республиканың 15 – 50 жас аралығындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді.
ЕСКЕРТУ: Бұл салаға қаржы үкіметтен бөлінді және қоғамдық қорлардан түсті, Қазақстан комсомолы көмектесті.
1947 жылы КСРО Министрлер Кеңесі «Қазақ КСР –де ....білім беруді дамыту туралы» ҚАУЛЫ шығарды.
1949 жылы жалпыға бірдей міндетті 7 жылдық білім беру қолға алынды.
1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «.... халыққа білім беру ісін одан әрі дамыту туралы» ЗАҢ қабылдады. Жаңа заң бойынша,
1962 – 1963 оқу жылынан бастап жалпыға бірдей міндетті 8 жылдық білім беруге көшу және т.б. шаралар іске асырылды.
1984 жылы кезекті мектеп реформасы жүрді. Реформада: баланы 6 жастан бастап оқыту, 10 жылдықты енгізу, т.б. шаралар қарастырылды.
1999 жыл «Білім туралы ЗАҢ» қабылданды. Жаңа заң бойынша, негізгі мектеп – 9 сынып,
бағдарлы мектеп – 10 – 11 сыныппен аяқталды.
2004 жылы «ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» қабылданды. Бұл құжат бойынша орта білім беру 12 жылдық болып өзгертілді.
Үй тапсырмасы: §16 – 17 оқу, оқулықпен жазбаша жұмыс, әдебиет бөлімінен шығарма оқып келу. Тестке дайындық (16 – 17 тақырыптар, 30 сұрақтық).
ХVІ- XVIІ ғ. Білім мен Ғылым. Әдебиет пен өнер
Пәні: Қазақстан тарихы
2024年3月4日930 浏览

#тарих#9 сынып#халық арасында сауатсыздықты жою#халыққа білім беру
推荐阅读
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
25 分钟前
哈萨克斯坦男子在阁楼发现旧版美元:能否兑换、是否要上报?
哈萨克斯坦一男子在旧别墅阁楼发现一袋旧版美元,可能来自1990年代。国家银行称,银行可接受托收并寄往发钞行,手续费不超过10%,但兑换无保证。民法典规定捡到物品必须上交内务机关,否则违法。此前政府表示,报告宝藏者可获价值50%报酬。法律专家建议先报告。目前尚无明确成功案例,兑换成功率未知。男子需权衡利弊。银行将寄往国外审核。
45 分钟前
哈萨克斯坦成为后苏联国家中囚犯数量降幅最大国家
据infohub.kz报道,犯罪与司法政策研究所编制的2025年全球囚犯数量排名显示,哈萨克斯坦在后苏联国家中降幅最大,每10万人口163人,较上年下降21人,全球排名第103位。排名涵盖224国,数据截至2025年底,萨尔瓦多居首,也门最低。研究覆盖联合国成员国及特殊地位区域,包括历史变化及审前羁押数据。
1 小时前
← 返回来源: bilimdiler.kz

