Ақтөбе қаласы,
№33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің
Тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Қазіргі ғылыми білім негізінде дүниежүзінің өркениет құндылықтарымен қарулануға ниеттерін қалыптастыру.
Оқушылардың жан – жақты білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, пікірталас, ойын.
Сайысқа қатысушылар: 8 сайыскер, жүргізуші, әділқазылар
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе сөзі.
Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар.
ІІ. Сайыстың барысы ІҮ кезеңнен тұрады:
1 - 2 кезеңде ұпай санын аз жинаған бес оқушы келесі екі кезеңге өте алмайды, ал ұпайды көп жинаған оқушылар келесі екі кезеңді жалғастырады.
І. кезең «бәйге».
ІІ. кезең «дода».
ІІІ. кезең «Кім жылдам?»
ІҮ. кезең «жорға».
І кезең «Бәйге»
Атың жақсы болса - ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса - жан мен тәннің шырағы.
Төле би
1. Жазбаша тарихтың негізін салушы:
А) Алаша Б) Геродот в) Рашид ад - дин с) Әл - Фараби
2. Қазақстан тарихы қанша кезеңге бөлінеді?
а) 4 б) 5 в) 3 с) 2
3. Гомердің «Илиада» поэмасы бойынша қай қаланың орны табылды?
а) Баласағұн Б) Афина в) Троя с) Александрия
4. Халықтардың тұрмыс – тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым саласы. а) Архиология б) Этнография в) Антропология с) Топономика
5. Ежелгі түріктер қандай жазуды пайдаланды?
а) Ұйғыр жазуы б) Иероглиф в) Сына жазу с) пиктография
6. А. Байтұрсынов қай алфавитті жетілдірді?
а) Латын б) кириллица в) иероглиф с) Араб
7. Көне замандардың жазба құжаттары қайда сақталады?
а) Мұрағатта б) баспада в) мектепте с) театрда
8. Жыл санау алғаш кімдер ойлап тапты?
а) Египеттіктер б) қазақтар в) Римдіктер с) Шумерлер
9. Қазақстандағы ең биік жер:
а) Қаратау б) Ұлытау в) Алатау с) Хантәңірі шыңы
10. Түркі халықтарының рухани орталығы болып қай қала салынды?
а) Ақтау б) Атырау в) Түркістан с) Алматы
11. Қола қандай металдардың қоспасынан дайындалды?
а) мыс пен темір б) Мыс – қалайы в) қорғасын мен қалайы с) қалайы мен темір
12. Сақ – скиф жеріне басып кірген грек – македон әскеінің қолбасшысы:
а) Ескендір Зұлқарнайын б) Дарий в) Гобри с) Пероз
13. «Алтын киімді адам» қай қорғаннан табылды?
а) Күлобадан б) Қаратаудан в) Есік қорғанынан с) Берелден
14. Ғұн билеушісінің атағы:
а) Тәңірқұты б) король в) хан с) Шаньюй
15. Түрік қағанатын құрған кім?
а) Бумын б) Аттила (Еділ) в) Мөде с) Тұман
ІІ кезең «Дода»
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
ой түбінде жатады. (Асан қайғы)
І сайыскер
1. Түрік қағанаты қай жылы құрылды?(б. з - дың 552ж)
2. Қазақтың қай ханы алғаш Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді? (Әбілқайыр)
3. Тарих деректер нешеге бөлінеді. (2)
4. Алғашқы қоғам дәуіріндегі адамдардың тұрақты түрде бірге өмір
сүрген тобы қалай аталды.(тайпа)
5. Хаммурапи заңында қанша бап бар. (382)
ІІ сайыскер
1. Ең ежелгі жылнаманы кім жазғызған. (Египет патшалығы)
2. Әл - Фараби қай қалада дүниеге келген? (Отырар)
3. «Дарабоз» атанған батыр. (Қабанбай)
4. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды? (1771 ж)
5. ҚР Каспий теңізі арқылы қай мемлекеттермен шектеседі? (Әзербайжанмен)
ІІІ сайыскер
1. Сақтардың негізгі баспанасы: (киіз үй)
2. Қазақстанда қаншаға жуық өзендер бар? (82 мыңға)
3. Ежелгі түркі ескерткіш жазулары қайдан табылған? (Орхан өзені)
4. Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты? (б. з. б. ІІ ғ соңы)
5. Әл - Фараби түрік, араб тілдерінен басқа тағы қандай тілдерді меңгерді? (Парсы)
ІҮ сайыскер
1. Ұлы жібек жолы қай елден басталды?(Қытай)
2. Қазақ хандығы құрылар қарсаңында Ақ орданы кім басқарды? (Әбілқайыр)
3. Ауызша тарих ұғымын тұңғыш қолданған ғалым: (А. Невинс)
4. Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң: («Жеті жарғы»)
5. Мемлекет құрған этностардың саны қанша? (200)
Ү сайыскер
1.«Қазақ шежіресін» кім хатқа түсірген? (М. Ж. Көпеев.)
2. Ханның мұрагерін қалай атаған? (сұлтан)
3. Қазақстан аумағында тараған ең ежелгі дін. (Заратуштралық)
4. Қазақ халқының ежелгі негізгі баспанасы: (киіз үй)
5. Жоңғар қонтайшысына суырыпсалма щещендік сөзді айтқан би: (Қазыбек би)
ҮІ сайыскер
1. Киіз үйдің алғашқы нұсқасы қай кезеңде жасалды? (Қола дәуірі)
2. Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі қай қалада орналасқан? (Түркістан)
3. Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектепті қай жерде ашты? (Ырғыз)
4. Ш. Уәлиханов Сібір кадет корпусына оқуға түскен жылы. (1857 ж)
5. 1836 - 1838 жылдардағы көтеріліс басыларының бірі, жауынгер ақын. (Махамбет)
ҮІІ сайыскер
1. Абылай хан қай жылы дүниеге келді? (1711 ж)
2. Қобыз атасы кім саналады.(Қорқыт )
3. Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында? (9)
4. Дүние жүзінде қанша этнос бар? (3000)
5. Ономастика ғылымының қай саласы жер - су атауларының тарихын зерттейді? (Топонимика)
ҮІІІ сайыскер
1. ҚР қанша облыстан тұрады? (14)
2. Б. з - дың ү ғасырындағы ғұндардың батысқа жорығын кім басқарды? (Аттила)
3. Дана, әділ деген атағы шыққан хан: (Тәуке)
4. 1924 - 1928жылдары Қазақстанның астанасы міндетін атқарған қала?(Қызылорда)
5. Ежелгі адам тері өңдеуде қандай құралды пайдаланды? (қырғыш)
ІІІ кезең «Кім жылдам»
Палуанға бәйге жоқ,
Алысқанын жықпаса.
Тұлпарыңды мақтама,
Топтан озып шықпаса.
1. Ең қадірлі адам? Ана
2. Мұсылмандардың қасиетті айы, күні түні? (Рамазан, Жұма, Қыдыр)
3. Сөз өнер жарысы?(айтыс)
4. Ақтөбе – іргетасы қай жылы қаланды? (1869 ж)
5Атматы қаласының бұрынғы аты? (Верный)
6. Томирис кім? (Сақ патшайымы)
7. Ұлттық аспап? (Домбыра)
8. Бір жылда қанша күн бар? (365)
9. ҚР астаналары болған қалаларды ата? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
10. Соғыста ерлік көрсеткен адам? (Батыр)
11. Айт мейрамында айтылатын ән? (Жарапазан)
12. Адам алғашқы құралды неден жасады? (Тастан)
13. Төле би қанша жасында қайтыс болды? (93 жасында)
14. Ы. Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті қандай белгімен бітірді?
(алтын)
15. А. Құнанбаевтың анасының есімі? (Ұлжан)
16. Ш. Уәлиханов қай жерде дүниеге келді? (Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде)
17. Наурыз мейрамы қай кезде тойлануға тыйым салынды? (КСРО құрамында болған кезде)
Жүзден жүйрік озар
ІҮ кезең «Жорға»
Жаңа үйреткен жас тұлпар
Жарысқалы келгенмін,
Танымайтын жаттарға
Танысқалы келгенмін.
Тұлғалар 20
1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде қанша бөлме бар? (35)
Тұлғалар 30
2. Айша бибі кесенесі қай қалада орналасқан? (Тараз)
Тұлғалар 40
3. А. Құнанбаевтың қанша қара сөзі бар? (50 - ге жуық(
Даталар 20
1. Қай жылы Абылай хан қай жылы қайтыс болды? ( 1781 жылы)
Даталар30
2. Ш. Уәлиханов кадет корпусын қай жылы бітірді? (1853 жылы)
Даталар 40
3. Ы. Алтынсарин Қай жылы алғаш рет ұстаздық етті? (1864 ж)
Өнер 20
1. Наурыз мейрамында қандай ұлттық ойындар ойналады?(Бәйге, күрес, көкпар, қыз қуу, теңге алу. т. б.)
Өнер 30
2. Төкпе күйдің майталман шебері кім? (Құрманғазы)
Өнер 40
3. Тәттімбеттің замандастарының айтуына қарағанда, ұлы сазгердің қанша күйі болған? (40 - тан астам)
Ғалымдар 20
1. Ш. Уәлихановтың туғанына 150жылдық тойына арнап бес томдық еңбегін құрастырған кім?
(Әлекей. Марғұлан)
Ғалымдар 30
2. 20 – жылдары қазақ тіліндегі алгебра оқулығын құрастырған кім? (Қаныш Сәтбаев)
Ғалымдар 40
3. Ұлт - азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғалымдарының негізін салушы кім? (А. Байтұрсынов.)
Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.
ХХІ ғасыр көшбасшысы
№33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің
2024年3月4日885 浏览

#сайыс сабақ#тарихтан интеллектуалдық ойын#тарихтан зияткерлік ойын#ххі ғасыр көшбасшысы
推荐阅读
库斯塔奈警察为天鹅一家拦车让路,善举感动网友
库斯塔奈州警察局巡逻警员阿里·叶尔乌兰和同事艾达尔别克·阿尔塞托夫在执行任务时,发现天鹅一家带着幼鸟在繁忙公路旁无法安全过马路,于是临时封路,护送它们顺利通过。这一暖心举动被拍下上传网络,感动大量网友。警员已在警队工作七年,表示这是第一次遇到如此特殊的任务,但能保护生命很值得。网友们纷纷为警员的善举点赞。
20 分钟前
扎列玛·哈米杜林娜:“纳乌鲁兹和梅拉姆古丽有何快乐?他们的生命以特别残忍的方式结束”
阿特劳州法院判处杀害妻子亲属的苏丹·萨尔谢马利耶夫终身监禁。法官扎列玛·哈米杜林娜在宣判后发表动情讲话,质问纳乌鲁兹和梅拉姆古丽又享过什么福,指出他们身患残疾,生命以特别残忍的方式结束,未留下后代,所有梦想被犯罪打断,并拒绝被告母亲‘我儿子没享过福’的开脱理由。法官还强调,法院不认为这一理由可以成为开脱情节。
20 分钟前
7月15日哈萨克斯坦部分地区将遭遇强风高温天气
哈萨克斯坦水文气象局7月15日发布风暴预警:强风(部分地区达25-28米/秒)、40°C高温、雷暴、冰雹、沙尘暴等强对流天气。火灾风险极高或高。涉及阿克托别、阿特劳、西哈萨克斯坦州、阿克莫拉、卡拉干达、库斯塔奈、克孜勒奥尔达、江布尔、突厥斯坦、阿拉木图、杰特苏、阿拜、东哈萨克斯坦州、乌雷套、北哈萨克斯坦州、巴甫洛达尔及阿斯塔纳等地区。
20 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

