Интеллектуалдық олимпиада
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін шыңдай түсу. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне қызығушылығын ояту.
Көрнекіліктері: сөздер, ұпайлар, суреттер, шарлар, гүлдер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру: а/ойынға қатысушылармен танысу.
б/ойын ережесімен таныстыру.
2. Негізгі бөлім: Ережесі. Ойын төрт айналымнан тұрады. Әр айналымның өз тапсырмалары, өз ұпайлары болады.
1 - айналым. Екі топқа бірдей 12 сұрақ оқылады, ол сұрақтарға « иә», «жоқ» жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
Сұрақтары: 1. «Мұқағали» журналының бас редакторы Батық Мәжитұлы екені рас па? Иә.
2. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық жолындағы ұстазы Сағат Әшімбаев екені рас па? Жоқ.
3. Мұқағали Мақатаевтың анасы Нағиман екені рас па? Иә.
4. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1975 жылы жарық көргені рас па? Жоқ 1974 жылы жарық көрді.
5. Мұқағали Мақатаев пір тұтқан ақын Абай Құнанбаев екені рас па? Жоқ. Төлеген Айбергенов.
6. Мұқағали Мақатаевпен дос болған ақын қыз Фариза Оңғарсынова екені рас па? Иә.
7. Мұқағали Мақатаевтың аяқталмай қалған поэмасы «Мавр» екені рас па? Жоқ. «Қашқын»
8. Қарасаздағы Мұқағали мұражайының алғашқы директоры Әбдіке Асанов екені рас па? Иә.
9. «Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіңе қайтарамын».- деген ақын Еркін Ібітанов екені рас па? Жоқ М. Мақатаев
10. Мұқағалидың 14 поэмасы бар екені рас па?
11. Мұқағали Мақатаевпен бірге өскен досы Еркін Ібітанов екені рас па? Иә.
12. Мұқағали Мақатаевқа алтын қалам силаған Сәбит Мұқанов екені рас па? Жоқ. Ғабит Мүсірепов.
2 - айналым. «Ұяшық таңдау».
1 - топ. Сұрақты таңдайды, 300 ұпай тігіледі. Сұраққа дұрыс жауап берсе 300 ұпай алады, егер дұрыс жауап бермесе, жауап беру келесі топқа көшеді. Ол топқа дұрыс жауап бермесе1 - ші көмек оқылып, 100ұпай шегеріледі. Ойын одан әрі жалғасады. Жауабын білген топ жауап береді.
1 - сұрақ. Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасындағы. Райымбек батыр мүсінін сомдаған шебер?/Құрақбаев/
1 - көмек. Мүсін Сарыжаз өңірінде орналасқан.
2. Мұқағалиды да сомдаған мүсінші.
2 - сұрақ. Мұқағали жырлары хақында сериялы портреттер көрмесін ашқан суретші.
/Алмас Сырғабаев/
1 - көмек. Қазір Нарынқол ауылының бір мектебінде сурет - сызу пәнінің мұғалімі.
2 - көмек. «Ұлан» газетінде жұмыс істеген.
3 - сұрақ. Мұқағали үлгі тұтқан ақын./Абай/
1 - көмек. Семей өңірінде дүниеге келген.
2 - көмек. Ғ. Мұқанов аударма жасаған.
4 - сұрақ. Мұқағалиды Хантәңіріне балаған ақын./Еркін Ібітанов/
1 - көмек. Нарынқол тұрғыны.
2 - көмек. Қарасаз түлегі.
3 - айналым. Бұл айналымда пәндер бойынша жауап береді.
Қазақ әдебиеті.
30 -«Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? /Б. Соқпақбаев/
40 -«Кәрі қыран» өлеңінің авторы. /Қ. Мырзалиев/
50 -«Мұхтар Әуезовке мемлекеттік сыйлық не үшін берілді?/Абай жолы эпопеясын жазғаны үшін./
Физика.
30 - Күштен екі есе ұтыс береді./Жылжымалы блок./
40 - Қазақ ең алғашқы ғарышкері./Т. Әубәкіров./
50 - Ауасыз кеңістік./вакуум./
Географиясы.
30 - Оңтүстік Америка материгін ашқан ғалым кім?/А. Веспучи/
40 - Температуралары бірдей жерлерді қосатын қисық сызық./изотерма/.
50 - Дүние жүзіндегі ең кең бұғаз./Дрейк/.
Мұқағали.
30 - Ақынның тұңғыш өлеңдері қай жылы қандай басылымда жарық көрді./Советтік Шекара газетінде/
40 - Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаттары кімдер./Ж. Ерманов, Е. Асқаров, Н. Айтұлы./
50 -«Халықаралық М. Мақатаев хоры», қай жылы құрылды, президенті кім?/Бақытгүл Айдарова Мұқағали келіні/
4 - айналым. Әр түрлі тапсырмалар беріледі. Екі топ ұпай тігіп жауабын параққа жазып көрсетеді.
Егер екі топ та дұрыс жауап берсе тіккен ұпайлары қосылады.
3. Қорытындылау. а/Әділқазыларға сөз береміз.
Интеллектуалдық олимпиада
Интеллектуалдық олимпиада
2024年3月5日818 浏览

#интеллектуалдық олимпиада#мұқағали мақатев туралы сайыс сабақ жоспары
推荐阅读
乌拉尔斯克扎恰甘斯克部分地区因电网故障停电
2026年7月14日,哈萨克斯坦乌拉尔斯克市郊区扎恰甘斯克因电网发生故障导致部分区域停电,影响1356户居民。目前当地电力部门已展开紧急抢修,iKomek客服中心24小时免费服务,热线109。请市民理解并配合抢修工作。此次停电是由于电网设备故障引起,技术人员已迅速到位进行排查修复。如有疑问请拨打热线。
4 分钟前
阿拉木图一毕业生在颁发仪式上撕毁毕业证(视频)
阿拉木图商业与传播学院毕业证书颁发仪式上,一名毕业生当众假装撕毁毕业证,实际撕掉的是提前准备好的假封皮,真证书完好无损。视频在社交网络疯传,引发两极评论:一些人赞赏其创意和幽默,另一些人认为在庄重仪式上此举不尊重教师和学生成就。仍有网友呼吁以玩笑视之。事件起因于毕业典礼,由当地媒体报道。该事件引发广泛关注。
24 分钟前
阿拉木图总体规划:居民需要了解什么
阿拉木图总体规划调整引发居民关注,总规划科研院总经理阿斯卡特·萨杜奥夫接受专访,详细解答规划与战略环评的区别、业主权利、征收条件、法律效力、公众参与及诉求处理等常见疑问,并呼吁居民勿信谣言,从官方渠道获取信息。文章强调总体规划本身不改变产权,不具有直接执行力,同时告知居民后续可通过公众参与表达意见。
24 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

