Иттер менің достарым
Мақсаты.
Білімділік: Балаларды заттардың түстерімен пішінін ажырата білуге үйрету.
Үлкен және кішкентай сөздерінің мағынасын түсіндіре отырып, Пішіндерді мұқият орналастыру дағдыларын бекіте отырып, білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Балалардың тілін, ойын дамыту, қол, саусақ маторикасын дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды сүйіспеншілікке үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, қызықты сәт, қимылды ойын.
Көрнекіліктер. Үлкен, кіші, үйшіктер, сүйек, ит пен күшіктің суреті.
Сөздік жұмыс: Сүйек.
Билингвальды компонент: Ит - собака.
1. Ұйымдастыру:
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін бізге қонаққа көп апайлар келіп отыр.
Қане бәріміз шеңбер құрып, апайлармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды еліміз,
Жарқырайды жеріміз,
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар,
Сәлеметсіздер ме.
- Бәрекелді балалар өте әдемі тілек айттыңдар. рақмет.
(Балалар орындарына отырады)
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі,?
Балалар. Күз мезгілі:
Тәрбиеші: Күз мезгілінде күн қандай болады?
Балалар.- күн салқын болады.
Тәрбиеші: Не жауады?
Балалар:- Жаңбыр жауады.
Ағаштың жапырақтары сарғайып, жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жемістер, көкөністер піседі.
Ит: (Әуп, әуп, әуп) деп үрген дыбыс естіледі.
Ит жылап келеді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе! Ит. Неге жылап келе жатырсың? Кім тиді саған?
Қане жыламай бізге түсіндіріп, айтып берші.
Ит: Саламатсыздар ма! Балалар! Сендер қандай әдемісіңдер? Маған ешкім тиген жоқ. Мен тоңып қалдым, күн болса салқын, менің тұратын үйім жоқ, Қарным ашты.(тағы жылайды)
Тәрбиеші: жылама Ит, біздің балалар қазір саған көмектеседі.
Балалар Ит тоңып қалыпты, тұратын үйшігі жоқ екен, күн болса салқын,
Қарны ашыпты, балалар біз итке көмектесеміз бе?
Балалар, - Иә көмектесеміз.
Ит: Рахмет балалар! олай болса мен сендердің үйшікті қалай жасайтындарыңды қарап отырайын.
Тәрбиеші: Балалар біз қазір итке үйшік жасап берейік. Балалар бізге үлкен
Ит қонаққа келді, Ал иттің баласын күшік дейміз, Қане балалар айтайықшы
Ит, (Балалардан жеке сұралады) Балалар мен енді итке үйшік жасап беремін
Міне, мынау не балалар?
Балалар; Ит - деп жауап береді.
Қандай Ит?
Балалар: Үлкен Ит.
Тәрбиеші: Міне ендеше қазір үлкен итке үлкен үй жасап беремін.
Балалар мынау төртбұрыш, қане бәріміз айтайықшы, төртбұрыш.
Төртбұрыштың түсі қандай?
Балалар.- Сары.
Тәрбиеші: Өте жақсы сары. Қане бәріміз айтайықшы?(Балалардан жеке сұралады)
Балалар төртбұрыш үйшіктің қабырғасы.
Тәрбиеші. Ал мынау қандай пішін?
Үшбұрыш.
Өте жақсы, түсі қандай?
Балалар. Жасыл.
(қане бәріміз айтайықшы жасыл)
Тәрбиеші. үшбұрыш үйшіктің төбесі.
Балалар: мынау қандай пішін?
Дөңгелек.
Түсі қандай?
Балалар.- Қызыл.
Тәрбиеші: Дөңгелек үйшіктің есігі.
Өте жақсы балалар итке үйшік жасадым, ал сендер алдарыңдағы кішкентай
Күшікке үйшік жасап беріңдерші қане.
Тәрбиеші: Балалар біз Ит пен күшікке үйшік жасадық.
Енді иттен сұрайықшы біздің жасаған үйшігіміз ұнайма екен?
Ит: Балалардың жұмысын көреді.
Қандай тамаша үйшік, менің кішкентай күшігімеде үйшік жасап бердіңдер, мен сендерге ризамын, қане балалар бәріміз сергіту жаттығуын жасайық, менімен бірге ән айтып, билегілерің келема?
Тәрбиеші: қане балалар бәріміз Ит пен бірге билейік, сергіту жаттығуын жасайық, қолдарымыз шаршап қалған болар.
Сергіту жаттығуы жасалады.
«Бала - бала балақан»- әні.
Ит: Рахмет балалар менің көңілімді көтеріп тастадыңдар, енді менің қарным ашты.
Тәрбиеші: Балалар ит пен кішкентай күшікке тамақ берейік, қарындары ашыпты. Балалар ит сүйекті жақсы көреді, қане бәріміз айтайықшы «Сүйек»
(Балаларға жек - жеке айтқызады)
Балалар ыдыстардағы сүйектерді иттерге береміз, үлкен ыдыстағы сүйекті үлкен итке береміз, кішкентай ыдыстағы сүйекті күшікке береміз.
Қане берейікші.( Алдарына апарып қоямыз)
Тәрбиеші. Балалар біз Итке кішкентай күшікке үйшік жасап бердік, тамақ бердік, енді итке арнап тақпақ, ән айтып берейік.
1. Исхам.
Күшігім менің күшігім,
Үй күзетер пысығым,
Үргені де шамалы,
Тамақ берсең болғаны.
2. ислам.
Күшігім менің саққұлақ,
Келеді әне шапқылап,
Сақтығыңды көрейін,
Қойшы атайға берейін.
3. Шахназ.
Ойыншығым күшігім,
Сүп – сүйкімді, жұп - жұмсақ,
Шіренгені болмаса,
Отырғандай ұл жұмсап.
Ит: Алақай, Алақай, балалар мен туралы тақпақ біледі екен, Рахмет, рахмет.
Тәрбиеші. Біздің балала әнде біледі.
Ән. «Күшігім.»
Тәрбиеші: Балалар сендер ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иа.
Тәрбиеші: Балалар бізбен бірге итте ойнасын.
«Қимылды Ойын:»»Үйшігіңді тап»
Ит. Тамаша, Тамаша, Балалар рахмет сендерге. Сендер маған көмектестіңдер, енді менің кетуім керек, Мені кішкентай күшіктерім сағынып қалған болар, менің бүгін көңілім көтеріліп қалды, бүгін балалар маған, менің күшіктеріме үйшік жасап бердіңдер, мен туралы тақпақ, әнде біледі екенсіңдер. Енді сендердің жасап берген үйшіктеріңе барып демалайын, мен тоңбайтын болдым. Сау болыңдар балалар.!
Тәрбиеші: Балалар қане итке сау болыңыздар айтайық. Ит сендерге риза болды.
Қорытынды:
Тәрбиеші;- Балалар бізге қонаққа не келді?
Балалар.- Ит келді.
Тәрбиеші: Ит қандай?
Балалар:- Үлкен.
Тәрбиеші: Біз итке не жасап бердік?
Балалар.- Үйшік.
Үйшіктің қабырғасының пішіні қандай?
Балалар.- Төртбұрыш.
Тәрбиеші: Түсі қандай?
Балалар: Сары.
Тәрбиеші:- Төбесінің пішіні қандай?
Балалар:- Жасыл.
Тәрбиеші: Есігінің пішіні қандай?
Балалар.- Дөңгелек.
Тәрбиеші:- Түсі қандай?
Балалар:- Қызыл:
Тәрбиеші.- Итке қандай үйшік жасап бердің?
Балалар. Үлкен үй жасадық.
Тәрбиеші: Күшікке қандай үй жасадық?
Балалар, - кішкентай үй жасадық.
Тәрбиеші:- Ит қандай тамақ жақсы көреді?
Балалар.- Сүйек.
Үлкен итке қандай сүйек бердік?
Үлкен сүйек.
Күшікке қандай сүйек бердік?
Кішкентай сүйек.
Тәрбиеші. Өте жақсы балалар бүгінгі оқу іс - әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.
Барлығыңызға көп - көп рахмет!
Атырау қаласы,
КМҚК №25 «Еркемай» балабақшасы
Екінші кіші топ тәрбиешісі Бекбаулиева Гулжамал Умирхановна
Иттер менің достарым
Иттер менің достарым
2024年3月5日714 浏览

#ит адамның досы#күшік туралы сабақ#күшік туралы тақпақ
推荐阅读
库斯塔奈警察为天鹅一家拦车让路,善举感动网友
库斯塔奈州警察局巡逻警员阿里·叶尔乌兰和同事艾达尔别克·阿尔塞托夫在执行任务时,发现天鹅一家带着幼鸟在繁忙公路旁无法安全过马路,于是临时封路,护送它们顺利通过。这一暖心举动被拍下上传网络,感动大量网友。警员已在警队工作七年,表示这是第一次遇到如此特殊的任务,但能保护生命很值得。网友们纷纷为警员的善举点赞。
14 分钟前
7月15日哈萨克斯坦部分地区将遭遇强风高温天气
哈萨克斯坦水文气象局7月15日发布风暴预警:强风(部分地区达25-28米/秒)、40°C高温、雷暴、冰雹、沙尘暴等强对流天气。火灾风险极高或高。涉及阿克托别、阿特劳、西哈萨克斯坦州、阿克莫拉、卡拉干达、库斯塔奈、克孜勒奥尔达、江布尔、突厥斯坦、阿拉木图、杰特苏、阿拜、东哈萨克斯坦州、乌雷套、北哈萨克斯坦州、巴甫洛达尔及阿斯塔纳等地区。
14 分钟前
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
34 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

