Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: З әрпі мен дыбысын қайталау
Сабақтың мақсаты: З з дыбысы мен әрпін меңгерту, З дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс дыбыстату және З дыбысына қатысты сөздерді оқытып, әр түрлі тапсырмалар арқылы тапқырлыққа, шығармашылыққа баулу. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанды қорғауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Стенд, суреттер, шығармашылық тапсырмалар.
Түрі: қайталау сабақ
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, еңбек сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар бүгін бізде ашық сабақ. Бүгін біз З әрпі мен дыбысын қайталап, бар білгенімізді ортаға саламыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Шығармашылық тапсырма
- Үйге берілген тапсырма ермексаздан З әрпі бар қандай болсын зат жасау еді, қане, кім не жасады? Сол сөзді буынға бөлдіру.
Оқулықпен жұмыс. 1. « Дәрігер боламын» өлеңін жатқа сұрау.
2. Сұрақтар қою.
Дәрігер не істейді?
Сен өскенде кім боласың?
ІІІ. Ойын. « Бұл үйде кім тұрады?» берілген дене мүшелері арқылы тұрғындарды анықтау
Қыз, бұзау, қозы, қоян, қаз.
Сөздерін тақтаға жазу. Қайсысы бұл үйдің тұрғыны емес? Сергіту. Поэзия минуты. Қолдарыңа қарындаш алып бірге сурет салу.
Қарындаштар
Мынау – сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын
Мынау - қоңыр қарындаш
Мұнымен тауды бояймын
Мынау – жасыл қарындаш
Мұнымен бауды бояймын
Мынау – қызыл қарындаш
Мұнымен гүлді бояймын
Мынау - көк қарындаш
Мұнымен үйді бояймын
Мен суретші боламын
Қарындашты аламын
Туған жердің суретін
Әдемілеп саламын
Мағынаны тану
- Балалар біз қандай сурет салдық?
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан тақырыбына тоқталу. (Стендпен жұмыс)
- «Қазақстан - менің Отаным» өлеңін хормен оқу.
- Қай сөздерде З әрпі бар? (Қазақстан, бәрімізге, төбемізде) осы сөздердің мағынасын ашу.
Дәптермен жұмыс
З әрпі бар сөздерді көркем етіп жаздыру.
Сабақты бекіту.
«Кім тапқыр?» ойыны.
Берілген суреттердің атымен сәйкестендіру. Сол сөздермен сөйлем құрату.
Білезік, қазан, қобыз, көзілдірік
«Галереяға саяхат» ермексаздан жасаған заттары мен сабақта салған суреттеріне баға бергізу.(ұнаған сурет немесе заттарға жақсы деген пікір жазылған қима қағаздарды жапсыру).
Мұғалім өз тарапынан сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өтеді.
Сабақ аяқталады.
З әрпі мен дыбысын қайталау
Сабақтың тақырыбы: З әрпі мен дыбысын қайталау
2024年3月5日819 浏览

#бастауыш сынып#сауат ашу#з әрпі мен дыбысы
推荐阅读
哈萨克斯坦男子在阁楼发现旧版美元:能否兑换、是否要上报?
哈萨克斯坦一男子在旧别墅阁楼发现一袋旧版美元,可能来自1990年代。国家银行称,银行可接受托收并寄往发钞行,手续费不超过10%,但兑换无保证。民法典规定捡到物品必须上交内务机关,否则违法。此前政府表示,报告宝藏者可获价值50%报酬。法律专家建议先报告。目前尚无明确成功案例,兑换成功率未知。男子需权衡利弊。银行将寄往国外审核。
21 分钟前
哈萨克斯坦成为后苏联国家中囚犯数量降幅最大国家
据infohub.kz报道,犯罪与司法政策研究所编制的2025年全球囚犯数量排名显示,哈萨克斯坦在后苏联国家中降幅最大,每10万人口163人,较上年下降21人,全球排名第103位。排名涵盖224国,数据截至2025年底,萨尔瓦多居首,也门最低。研究覆盖联合国成员国及特殊地位区域,包括历史变化及审前羁押数据。
41 分钟前
高温、雷雨、大风:7月15日天气预报
7月15日哈萨克斯坦天气预报:阿拉木图+35°C,阿拜州和东哈州+41°C。多地有雷雨、大风、沙尘暴及冰雹,火险等级极高。阿斯塔纳雷雨,奇姆肯特高火险,科斯塔奈州雷雨冰雹,曼格斯套州雷雨,克孜勒奥尔达州沙尘暴,北哈萨克斯坦州暴雨,卡拉干达州雷雨,阿克莫拉州沙尘暴,东部地区高温火险极高。注意出行安全。
1 小时前
← 返回来源: bilimdiler.kz

