Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту
Міндеттері:
1. Зат есім туралы алған білімдерін тиянақтау, пысықтау.
2. Сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Көрнекі - құралдар: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, бағалауға арналған көрнекіліктер
Сабақтың түрі: пысықтау сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық орындау.
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
Жұмбақ
Білесіңдер Кім? Не? сұрағын,
Сөйлемде ой иесі боламын
Не істеді? сұрағымен,
Көркейемін, толамын. (Зат есім)
Біз бүгінгі сабақта «Зат есім» тақырыбы бойынша алған білімімізді бекітеміз. Яғни қайталау сабағы. Зат есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай? Мысал келтір.
Бүгінгі сабағымызда кемемен саяхатқа шығамыз. Қане бәріміз кемеге отырайық. Кемеміз орнынан қозғалу үшін сөзжұмбақты шешуіміз керек және тапқан сөздерімізге сұрақ қойып отырамыз.
Жарайсыңдар балалар! Кемеміз орнынан қозғалды. Кемемен келе жатқанда бос отырмас үшін дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазайық.
Көркем жазу. Зз әрпі Заман
Біздің кемеміз тоқтап қалды. Алдымыздан құстар кездесті олар бізді саяхатымызды жалғастыру үшін мына тапсырманы орындауымызды сұрайды.
Өлеңді оқып, зат есімдерді тауып сұрақ қоюымыз керек.
1 - тапсырма
Бағында бұл балалар
Іні,
Әпке,
Аға бар.
Ойыншықтар мол онда:
Машина,
Арба,
Шана бар.
Жарайсыңдар, балалар! Кемеміз әрі қарай қозғалды. Біраз жол жүргеннен кейін кемеміз тағы тоқтап қалды. Алдымыздан балықтар кездесті олардың да бізге берер тапсырмалары бар екен.
2 - тапсырма
Сөздерді оқы. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек жаз.
Ата, кірпіш, шыны, апа, сағат, ағатай, қант, інішек, тауық, кептер
Кім? ---------------- Не?
Ата ------------------ кірпіш
Апа ----------------- шыны
Ағатай ------------- сағат
Інішек ------------- қант
---------------------- тауық
---------------------- кептер
Жарайсыңдар балалар! Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық кемеміз орнынан қозғалды енді кемеде отырған Дәурен деген балаға көмектесейік. Ол сөздерді төмендегіше топтап жазған. Оның топтауындағы қателерді табайық.
Ағаштар: емен, қайың, шырша, апельсин.
Жемістер: алмұрт, шабдалы, жүзім, шие, қарағай.
Құстар: бұлбұл, көгершін, қарға, лақ, сауысқан.
Төлдер: қозы, бұзау, бота, құлын, үкі
VI. Сергіту сәті:
Аппақ болып таң атты,
Түтін тік боп шығады.
Гүлге қонған көбелек,
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт,
Төкті жаңбыр себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек
Балалар кемеміз тағы тоқтап қалды. Енді алдымыздан су перісі кездесті оның да бізге берер тапсырмасы бар екен.
Ит үреді. Қасқыр ұлиды. Қарға қарқылдайды. Әтеш шақырады.
Жарайсыңдар балалар! Енді біздің қаншалықты есімізде көп сақтайтынымды білу үшін «есте сақтау» диктантын жазайық.
Шаш, бас, құлақ, мұрын, қол, аяқ, тырнақ, ерін, саусақ, тіл.
ІХ. Қорытындылау:
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
3. Зат есімге мысал келтіру.
Х. Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
145 бет 5 - жаттығу. Мақалды көшіріп, зат есімдерді тауып, сұрақ қою.
ХІ. Бағалау.
Зат есім
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
2024年3月5日843 浏览

#қазақ тілі#ашық сабақ#бастауыш сынып#зат есім
推荐阅读
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
14 分钟前
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
34 分钟前
阿拉木图托米里斯小区发生大火 消防员正在扑救
哈萨克斯坦紧急情况部正在扑灭阿拉木图市阿拉套区托米里斯小区一栋行政大楼的大火,火灾已升级为高级别响应。现场设立行动指挥部,消防员正排查被困人员并破拆屋顶。消防人员兵分两路,一路扑灭主要火点,另一路保护邻近建筑,并从所有可用的露天水源取水确保供水。目前火势已得到控制,暂无人员伤亡报告,消防部门仍在现场处置。
34 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

